жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?
Эссе
Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
-
Елдің ертеңі-жастардың қолында
-
Салауатты өмір салты
-
Ұлттық құндылық
Қорытынды
-
Мен елімнің патриотымын
«Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?»деген сұрақ өте күрделі.Бұл сұрақ әр адамның ойында болуы тиіс деп ойлаймын. Себебі, өз елінің патриоты болатын азамат қана Отаны үшін еңбек сіңіріп, елі мен жері үшін отқа да,суға да түсіп өз елінің бетке ұстар азаматы бола алады.Әрбір адам өзінің мемлекетінің гүлденуіне және дамуына өз үлестерін қосу керек. Мемлекетті гүлденуіне менің қосар үлесім қандай болмақ? Мен Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар «Мұрагер» мектебінде «Математика» пәні мұғалімі болып қызмет атқарамын. Менің қосар үлесім болашақ мамандығымның қыр-сырын танып біліп, қоғамда болып жатқан жұмыстарға белсене араласу. Кез келген мамандық өзінше терең ізденісті талап етеді. Ізденген адам дамиды. Өзіміздің дамуымыздың арқасында өзгеңің де білімін жетілдіруге өз үлесімізді қоса аламыз.
Елдің ертеңі-жастардың қолында
Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырып отырады.Әр қазақтың тағдырына жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. XXI ғасыр бүгінгі ұрпаққа,яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп,бізге егемендік алып берді. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып,өз тәуелсіздігімізді жеңіп алды. Еліміздің ертеңі,мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында.Елдің ертеңі сенімі де жастардың мойнында.Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші- жастар.Осы ретте елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Мен,сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын.Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ер жетіп келесіздер.Сіздер жастық шақтарыңыздың уақыты- біздің елеміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер»,-деген сөзі мемлекетпен ұлт болашағы жастардың болашағымен тікелей байланысты екенін жеткізгісі келді.Қазіргі таңда республикамыздың барлық өңірлерінде жастардың белсенділігі жоғарылауда.Елбасының Қазақстан жастарына деген сенімі жоғары екендігін, бүгінгі қыз-жігіттеріміздің интеллектуалдық белсенділігін жоғары бағалайтындығын білеміз. Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда, яғни жауапкершілігімізде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез келген сынағына дайын болып,бәсекеге төтеп беру керек. Санасы ергек,замандық техналогияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алады. Бүгін елімізде жастар саясатына көп көңіл бөлініп жатыр. Еліміздің ертеңгі болашағы жастардың бүгіннен бастап, қандай тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиетінің дамуы аса маңызды орын алады.Ең алдымен жастардың бойында рухани адамгершілік, саяси интеллектік, құқықтық тәрбиенің басым болғаны дұрыс деп ойлаймын. Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейдегі форумдарда белсенді қазақ жастарының бастары қосылып, барша халықтың алдында сөз сөйлеген жастарымыз ұлтаралық татулық пен қазақ халқымыздың мәдени және тілдік ерекшеліктерін сақтай отырып, ұрпақтардың сабақтастығын жалғастырып жатқаны бізді қуантады. Біз ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.Ендігі кезек-жастарда. Жастардың ойында, бойын да түзу өсіруге атсалысу-біздің басты міндетіміз.Жастар- жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры болып табылады.Жастарымыздың бойында елжандылық, азаматтық пен адамгершілік сезімдері жан-жақты жетілгенде ғана біздің патриотымыз асқақтай түседі.Халқымыздың бойындағы патриоттық құндылық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. «Біз күш-қайратымызды, жастық жігерімізді тәуелсіз Қазақстанның дамуына жұмсауымыз қажет.Ұлттық мүдде қағидаын сақтау мен ұлттық экономикасы-көтеру басты мақсатымыз». Заманның заңғар тұлғаларының бірі-Міржақып Дулатов: «Алыстан алаш десе,аттанамын,қазақты қазақ десе мақтанамын»,-деп айтқанындай арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты жастарымыз жаңа идеяларды жүзеге асырып, өміршең істердің бастауында тұрғанда бүгінгі жас ұрпақпен әрқашанда мақтанамыз. Халқымыз елдің жастарына сенеді.Ал ол сенімді бүгінгі жастар қалай ақтауда? Әрине,бес саусақ бірдей емес, сондықтан да жастардың барлығына кінә тағуға болмайма.Дегенмен, қазіргі жастарға рухани байлық,таза ой,терең білім,адамгершілік,адалдық,қайрат,қала берсе денсаулығымыз жетіспейтін секілді көрінеді.Ойланып көрейікші, қазіргі уақытта бізді не қызықтырады? Елбасымыздың Халыққа Жолдауында XXI ғасыр білім ғасыры деп айтқан. Олай болса біз елімізді өркендету үшін білімді жастар керек,жақсы оқып, жан-жақты білім мен ғылым алуымыз керек.Еліміздің ертеңі-біздердің,яғни келер ұрпақтың қолында.Елімзді көркейту,оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу-біздің борышымыз деп білемін. Ел боламын десең, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды,,білімді,жігерлі ұрпақтардың орны әрқашанда бөлек қой. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау,қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,-деп,жастарға үлкен сенім артып отыр.Елбасымыздың сол сенімін ақтап,болашағымызды жарқын қылу өз қолымызда.
Ұлттық құндылық Елді ел қылатын, қазақты қазақ қылып тұратын ол – əдет-ғұрпы, салт-дəстүрлер емес пе?! Шынында да ұлттар мен ұлыстар бір-бірінен мəдениеті мен əдеп-ғұрпы, салт-дəстүрлерімен ерекшеленеді. Қазір де біріміз білсек, біріміз біле бермейміз ұлыттық құндылыққа осы мəдениетіміз, салт-дəстүріміз, ата-бабаларымыздан қалған құнды жəдігерлер мен өсиет сөздері жатады. Осы құндылықтарымызбен мақтануымыздың орнына ұмытып, қайдағы жат елдің түсініп болмайтын əдетіне əуеспіз. Бұл бір өкінішті жағдайымыз. Ел қазынасының ең үлкені – бейбітшілік пен тамыры тереңде жатқан тарихымызбен салт-дəстүріміз екені белгілі. Егер біз өзімізден кейінгі жастарға үлгі көрсете алмасақ, онда еліміздің болашағы не боларын бір ойланып көрейікші. Жастарымыз үлкендерге қарап бой түзейді.
Салауатты өмір салты
Мемлекет үшін дені сау азамат бағалы. Себебі халықтың денсаулығы ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. «Бірінші байлық - денсаулық», «Денсаулық –зор байлық» деген аталы сөздер тіршіліктің нағыз өзегінен алынған. Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қалпына ғана емес, оның әлеуметтік жағдай-тұрпатына да ерекше мән берілген. Ал, жастар болашағымыздың алтын тірегі, тәуелсіз еліміздің қарлығаштары, нұрлы шамшырақтары. Сондықтан біздің деніміз сау, жат қылықтардан аулақ болуымыз қажет. Мен салауатты өмірді таңдаймын және өзіме үнемі серік етемін.Күнделікті бойымды шынықтырып, жаттығу жасап, табиғатта серуендеп, таза ауада жүруге уақыт табуға тырысамын. Кешкі тамақтан соң, тынығар алдында таза ауада бір-екі сағат серуендеп қайтудың пайдасы зор екен. Ұйқы 7 сағаттан артық ұйықтамау үшін де оятқышқа тапсырма беремін. Осылайша өзімді күнделікті денімнің саулығы үшін тәрбиелеудемін. Өкінішке орай, көптеген замандастарым өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға құлықсыз, немқұрайлы. Зиян екенін біле тұра, жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі шегіп, күнде сыра ішіп, төбелеске бейім тұрады. Халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын әрдайым жадымда ұстауға тырысамын. Жас кезінен аурушаң болған Поль Брегг: «Өзіңді өзің жасай біл» деген қағиданы нық ұстанған екен. Ол ынта-жігерінің салауатты өмір сүруге деген құштарлығының арқасында барлық дертті жеңіп, денсаулығы мықты болып өмір сүрген. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде игілігіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдай ойластыруды салауатты өмір салты деп ұғамыз. Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну зиян екен біле тұра бас тарта алмау қиын. Арақтың орнына қымыз бен қымыран ішіп, темекіден аулақ болғанға не жетсін. Кейде кейбір замандастарыма түңгі клубқа барма, есірткіні пайдаланба, мәдени-көпшілік орындарға жиі бар деп айтқым келеді. Рхани байлықтың кілті – имандылық. Имандылық жолын таңдап, жылына бір келетін Ораза тұтып, оның тәртібін сақтаған дұрыс. Өз дінін бірінші өзі дәріптей алған азамат баршаға үлгі өнеге. Мен бүгінде студенттер жатақханасының төрағасымын. Біз апта сайын тазалық күндерін өткізіп, бөлмемізді, жатақхананың ауласын тазалаймыз. Себбебі біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек.Табиғат-Анаға жанашырлық көзқарасымыз да өз денсаулығымызды сақтауға, ішетін суымыздың, жұтатын ауамыздың тазалығына, тұтынатын тағамымыздың құнарлылығы мен сапасына тікелей тәуелді.Сайып келгенде адамның денсаулығына қатысты амалдардың бәрі табиғи ортамен өзара тығыз байланыста. Халықтың денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлесімді іс-қимылының жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ игі. Елбасы Н.Назарбаев «Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілік қағидасы – денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» деген болатын халыққа жолдаған Жолдауында. Егемен еліміздің ертеңгі болашағы біз. Дені сау рухы таза ұрпақ болып өскенде ғана, біз мемлекетіміз үшін еңбек ете аламыз.
Мен елімнің
патриотымын Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы
тікелей жастарға тәуелді. Себебі туылғаннан беріліп, сүйегімізге
дейін сіңірілетін тал бесіктегі тәлім-тәрбие мен бүгінгі алып
отырған білімнің арқасында еліміздің көсегесін көгертетін
біздерміз.
Қорыта айтқанда, патриот, тәрбиелі, білімді
ұрпақтың қалыптасуына кепіл бола алатын университетімізде жарқын
болашақ үшін көп жұмыстар қолға алынуда. Сондықтан келешекте
Қазақстан әлемдегі ең дамыған, ең қуатты елдердің қатарына еніп
гүлденуіне бүгінгі жастар қалтқысыз үлестерін қосады, яғни қосу
үшін аянып қалмайды деп сенемін! Әрбір қазақпын деген азамат,ол өз
елінің патриоты болуы тиіс деп ойлаймын.Сол секілді мен де өзімді
патриотпын деп толық айта аламын. «Отан от басынан басталады» деп
бекер айтылмаса керек.Кішкентай күнімнен ата-анам мені мектепке
бермей тұрып-ақ маған ән ұранды жаттатқызып,рәміздер дегеніміз не
екенін,олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып
өсірді.Осылай менің туған Отаным деген алғашқы патриоттық сезім
қалыптасты.Қазір де халқымыздың өткен тарихы мені қатты
қызықтырады,ол туралы оқудан, танып – білуден жалыққан
емеспін.Бұның барлығы менің ұлтыма деген сүйіспеншілік,оны сөзбен
айтып жеткізу мүмкін емес.Сондықтан да қазіргі уақытта өзіміз
секілді жастар бойында бірінші орында тіліне,еліне,жалпы айтқанда
өзінің ұлттық құндылықтарына деген құрметі басты міндет деп
есептеймін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген