Материалдар / Мен мұғаліммін. ЭССЕ

Мен мұғаліммін. ЭССЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауышка
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
826
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Менің қызығушылықтарым» эссе

Адамзат бойындағы асыл қасиеттердің бірі – өнер. Өнердің сан алуан түрі болса, оның бірнешеуін меңгере білсең, тұрмысың сәнді болмақ. «Жігітке жеті өнер аз» демекші, ол пенденің қызығушылығынан, ықпалынан туады. Ерінбеген адамда өнер көп. Еңбектің жауы – жалқаулық. Әр күніңді, әр сағат, әр минутыңды тиімді пайдаланып, пайдалы еңбекке жұмсасаң, мағыналы өмір сүргенің.Алдымен, ата-анадан, одан соң бала бақша, сосын мектептен, теледидардан алған өнеге баланы сан алуан дағдыларға тәрбиелейді. Өз басым кішкентайымнан жақсы нәрсеге еліктегіш болдым. Жақсы көрген нәрсемді тез үйреніп алғым кеп тұратын. Ата-анам бос уақытымда қолыма әдеби кітаптарды ұстата қоятын. Ол маған дағды болып қалыптасты. Қолым боста кітапқа үңілемін. Әдебиет әлемі менің әдебиетші болуыма ықпал етті. Жақсы кейіпкерлердің мінез-құлқына еліктей жүріп, соларға ұқсауға тырыстым. Анамның «Зингер» тігін машинасы бар. Анасынан қалған. Баптап, күтіп ұстайды. Құрақ құрау, жеңіл-желпі халат сияқты көйлектерді тіге білу де – менің ермек істерімнің бірі. Әр алуан түсті қиынды маталарды түріне қарай үйлестіру маған қызық. Немесе үлкендерден қалған ескі киімдерден майда балаларға шалбар, қалпақ, сарафан, т.б. тігу де қызықтырады.Көктем келсе, аулаға гүл егу менің мойнымда. Оларды баптауды да үйреніп алдым. Интернеттен, арнаулы кітаптардан гүлдердің аттарын, егу мерзімдерін біліп, уақытылы суарып, жаз бойы аулаға әр түрлі гүлдердің бірінен соң бірі ашылып, гүлдеп тұруын әдет еттім. Хош иісті райхан, қызыл, сары, ақ, қызғыш раушан гүлдері, аппақ түймедақ, майда басты ақ, көк түймедақ, көкшіл, сия түстес қашқаргүл, күтімді онша тілемейтін, тез өнетін цинга, гүлі ірі баршынгүл – менің көзімнің қуанышы. Сол сияқты бөлме гүлдерін өсіру – менің хоббиімнің бірі. Кіре берістегі үлкен бөлмемнің үлкен терезесі алуан гүлге толы. Дала аппақ қарға оранып жатқанда олардың бас жағын қызыл, сарғыш, қызғыш гүлдері кімді болмасын сүйсінтеді.Тауық бағу – біздің үйдің шаруасы. Жұмыртқадан түрлі пирогтар пісіру де – ермегім. Пирогтің де бабын келтіріп пісірмесең, сүйкімсіз болып қалары анық. Жұмыртқаның сары уызына иленген қамырды какао қосып , иректетіп әр түрге салу да ыждаһаттылықты керек етеді. Сондай-ақ география саласын да жақсы көремін. Әлемдегі керемет жерлер, әсем туындылар кімді де болсын қызықтырмай қоймайды. Өзінің таңғажайып табиғаты, тарихы, аңызын білу менің хоббиіме айналды. Ол туралы деректе киофильмдерді де ерінбей көремін. Өзіме-өзім есеп берсем, білетін өнерім әлі аз сияқты. «Білгенің – бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз» дегендей, алдағы уақыттарда уақытымды мағыналы өткізу үшін талай нәрсені үйреніп, талай нәрсеге қызығып, күнделікті өміріме жақсыларын серік етсем деймін. Мені қызықтырған әуес істердің түбі – тәрбие. Ата-анам, мектебім мені еңбекке, өнерге, әдемілікке, үй шаруасына т.б. баулыды. Ол қаныма біліммен бірге сіңді. Тәрбие мен білім егіз. Ұстаз бола жүріп, балаларды бос жүрмеуге, пайдалы істермен айналысуға бағыттасам, менің ұстаздық мақсаттарымның бір парасы орындалғаны деп білемін.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ