400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мен музыкалық ырғақты сүйемін және түсті ленталармен жаттығамын»

Материал туралы қысқаша түсінік
Түсті ленталармен жаттығу жасауды үйрену. Түрлі сергіту жаттығулар жасату
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы

Тасқала ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

















Ашық сабақ тақырыбы: «Мен музыкалық ырғақты сүйемін және түсті ленталармен жаттығу»





























Дайындаған: Баймағамбетов Ж.К







2019 ж


Сабақтың тақырыбы: Мен музыкалық ырғақты сүйемін және түсті ленталармен жаттығу.

Мақсаты: Түсті ленталармен жаттығу жасауды үйрену. Түрлі сергіту жаттығулар жасату

арқылы тілдерін ширату, сөздік қорларын молайту. Кеңістікте, жазықта, өзін-өзі бағдарлауға, қимыл- қозғалыстың үйлесімділігін саусақтардың ұсақ қимылдарын қалыптастыру. Зейіні мен сөйлеу тілін дамыту. Оқушылардың есту,есте сақтау, ойлау, көру, сөйлеу қабілеттерін арттыру. Түрлі ойындар, сергіту сәттерін жасату. Жағымды көңіл-күй туғыза отырып, оқушыларды ептілікке, икемділікке, достыққа, татулыққа, тәртіптілікке, шапшаңдылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Үнтаспа, түрлі түсті ленталар, сылдырмақтар секіртпелер, шеңбершелер,

доптар.т.б.


Сабақ барысы:

І. Сапқа тұру, сәлемдесу.

Қайырлы күн достарым,

Қайырлы күн ұстазым.

Шеңберге тұрайық

Жылулық сыйлайық.

ІІ. Шеңбер бойымен музыка көмегімен жүру. Марш.


ІІІ. РГЖ- кешені. Дене, қол, аяқ, бас қимыл үйлесімділігіне арналған жаттығулар

кешені.

Саппен келіп бірнеше қатарға тұру.

- Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру.

- Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру.

- Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру.

- Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу.

- Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.

- Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру.

- Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру

5 -10 минут. Қозғалыссыз өмір жоқ,

Би сүймейтін бала жоқ.

ІV. Біз доспыз әніне би билеу.

V. Қолдың жайлы қимылдары. (Қолдарымызда түрлі түсті ленталар)әуенмен

«Самал жел»- Қолды жоғары көтеріп, тербелту. Бұған иық, білек, қол басы қатысады.

« Ленталар»- Оң, сол қолмен кезекпен жоғары-төмен тербелте қимыл жасау.

« Толқын» - Бір қолмен жоғары-төмен толқындата қимыл жасау. Қолды жанына немесе алға соза қимыл жасауға болады.Толқын бір қолдан екінші қолға жайлап ауысады.

«Қанат» - Екі қолды жанына қарай, сермей қимыл жасайды. Қолды көтергенде қол басы төмен, ал қолды түсіргенде шынтақ бүгіліп, қол басы жоғары қарайды.


Шағын Оркестр

Түрлі кедергілерден өтіп ,басына құм толтырылған қап қойып тіке жүру.


«Кімнің ішінде не бар » ойыны.

Тыныс алуды дамыту, ән салу аппаратын нығайтуға арналған. Дем шығару кезінде денені көтермеу керек, демді бір тыныспен, тынысты үзіп үзіп шығару.

  • Мотоциклде - « тырылдақ» - трр – трр – трр – трр

  • Сағаттарда – «асығушы » - тық –тық

  • Қоңыз - ж-ж-ж-ж-ж

Тыныс алу жаттығуы.

  • Босаңсытып денеңді,

  • Бей-жай күйге ен енді.

  • Басты көтер тік ұста,

  • Емін еркін тыныста.

  • Қане «У- һ» деп айтайық,

  • Демді ішке тартайық.

  • Енді «У- һ» деп айтайық,

  • Демді шығар қайтарып.

Сабақтың соңы: 

Қол ұстасып тұрайық,

Жарты шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жарық,

Сау -саламат, болайық!

Балалар сап түзеп, сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мақтап марапаттап, бағалап, қоштасады.



DSCN2513.JPG

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қазан
671
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі