«Мен не
үйрендім?»
(Әріптер әлеміне
саяхат)
Білім беру
саласы:Катынас
Білім беру
бөлімі: Сауат
ашу
Тақырыбы: Мен не
үйрендім?
Мақсаты: Балалардың осы күнге
дейін алған білімдерін тиянақтау. Дидактикалық ойындар барысында
есте сақтау, көру, ой-қиялын, сезіну, қабылдау, жүйелі сөйлеу
мәдениетіне тәрбиелеу. Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыра
отырып, алған білімдерін тиянақтау.
Буын туралы түсінікті
қалыптастыру, сөздерді буындарға бөлуге,олардың саны мен ретін
анықтауға үйрету.
Әдісі: дидактикалық ойындар:
«Кім тапқыр», «Ойлан, тап» ойыны, «Жоғалған әріптер», «Кім көп
біледі?» ойыны, сергіту сәті, жұмбақ жасыру көрсету, түсіндіру,
сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:
Бейнежазба, проэктор,
суреттер таратпа
материалдар, кеспе
әріптер
Бүгін бізге қонақтар келіп
отыр екен , кәне бәріміз қонақтар мен
амандасайық
Сәлеметсіздер
апайлар
Арайланып таң
атты,
Алтын сәуле
таратты,
Жарқырайды
жеріміз.
Жарқырайды
күніміз.

-Балалар бір жылда неше мезгіл
бар? (Балалар
жауаптары)
-Қазір жылдың қандай
мезгілі?(Балалар
жауаптары)
-Қыс мезгілінде неше ай
бар?(Балалар
жауаптары)
-Қандай-қандай?(Балалар
жауаптары)
-Бір аптада неше күн
бар?(Балалар
жауаптары)
-Атап
айтайық(Балалар
жауаптары)
-Жарайсыңдар балалар бүгін мен
сендерді сөздер әлеміне яғни сауат ашу сабағын бастауға дайынбыз
ба? Олай болса әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар орындаймыз ба? Ия
әрине біздің балалар тапсырма орындағанды жақсы көреді ғой я?
Балалар күндеріңе сәттілік, сендерге өте қызықты болады деп
ойлаймын,өйткені сендер дей бергенде тәрбиеші телефонына қабарлама
келеді....
(мысық балаларға экраннан
көрсетіледіжасанды интелект
арқылы)
Балалар мұндажұмбақтар
жасырыпты, жұмбақтарды шеше
аласыңдарма?
Қабат-қабат
қаттама,
Ақылың болса
аттама.
(кітап)
Келсең жолды
ашады,
Кетсең жолды
жабады.
(есік)
Мұрты бар, сақалы
жоқ,
Тоны бар, шапаны
жоқ.
(мысық)
Басындаекітаяғы
бар,
Төрт аяғы
бар,
Сегізтұяғы
бар,
Иегіндесақалы
бар.
(ешкі)
Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп.
(күн)
Әдемі түнде,
Мен жүрсем,жүреді бірге.
(ай)

Мысықтың
сөзі:Жарайсындар балалар
.....
-Алдымызда әлі көптеген
тапсырмалар бар,әр тапсырмаға сендерге бір асықтан тарту етемін,
сабақтың соңында көреміз, қанша асық жинайтындарыңды, сұрақтар мен
тапсырмалар дұрыс болмаса асық жеңіп ала алмайсыңдар. Сабақтан соң
осы асықтармен ойнайсыңдар.
Балалар мына суреттерден
мақалдарды құрастыра аласыңдарма?
«Ойлан
тап!»
(Суреттер арқылы мақалдар
құрастыру)
Ал енді дей баргенде есік
қағылған дыбыс естіледі.....
(экранда бұзау,онымен
диолог.....)
- Әріп дегеніміз не
?
(Әріп дегеніміз дыбыстың
таңбасы )
-Дыбыс нешеге
бөлінеді?
(Дыбыс екіге
бөлінеді)
-Қандай, қандай болып
бөлінеді?
(Дыбыс дауысты және
дауыссыз болып бөлінеді)
-Дауысты дыбыс қандай текшемен
белгіленеді?
(Дауысты дыбыс қызыл
текшемен белгіленеді)
-Дауыссыз дыбыс қандай
текшемен белгіленеді?
(Дауыссыз дыбыс көк текшемен
белгіленеді)
-Дыбысты біз не
істейміз?
(Дыбысты естиміз және
айтамыз)
- Әріп не істейміз
?
(Әріпті көреміз, оқимыз және
жазамыз )
Бұзаудыңың
дауысы......
-Балалар ия, бұзаудың
сұрақтарына жақсы жауап бердіңдер, тағы бір асық қоржынға түсті,
енді біз осы күнге дейін қандай әріптерді танысып үйрендік, мен
сұраймын ал сердер жауап
беріңдер.....
«Сөз ойла – тез
ойла!»
(Балалар
жауаптары)
Жарайсындар балалар сендер
өткен әріптердің барлығын жақсы біледі екенсіндер.Жақсы олай болса
сендерге тапсырманы жақсы орындағандарың үшін сендерге асық тарту
етіледі....
Тіл ұстарту
жаттығу
Ран-ран-ран,
Соғады
боран.
На-на-на,
Зуылдайды
шана.
Ыс-ыс-ыс,
Келіп жетті
қыс.
Ар-ар-ар,
Жауады
қар.
Яз-яз-яз,
Сақылдаған
аяз.
Сергіту
сәті А,О,С,Ш,Т(әріптер
арқылы)
« Буынға бөлеміз
» стратегиясы.
-Балалар сендерге тағы бір тапсырма бергім келіп тұр, ол мына
жасырылған суретті ашып буынға бөліп тиісті белгіленген
жерге жапсырамыз.
-Жақсы балалар,сендерге тағы
бір асық тарту етіледі....

Саусақ
жаттығу
Саусақтар шынжыр
болады,
Үзілмейді тартсаң
да,
Ал, піл келіп
шынжырды,
Үзіп кетті
басқанда.
Тұмсығымен доп
іздеп,
Ойнағысы келіп
тұр.
Достық үшін пілге
мен,
Гүл сыйлағым келіп
тұр.


-Жарайсыңдар балалар қолымызды
жаттықтырып алдық енді үстел үсті жұмыстарымызға
кірісеміз.
Суретке қарап кестені
құрастыр
Әріпті
құрастыру
Қай әріптен
басталады?
Қортынды:Бүгінгі сабақ сендерге ұнады
ма? Несімен ұнады немесе қалай және қай тұсы ұнады толық жауап
береміз. Марғау мен бұзау екеуімен қоштасады. Балалар сендер
бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар, келген қонақтармен
қоштасайық, сау болыңддар!

Күтілетін
нәтиже:
1. Берілген сөзге дыбыстық
талдау жасауды ұғынады;
2. Дауысты, дауыссыз дыбыс туралы түсінеді;
3. Буынға бөлуді, жаңа сөз ойлай алу қабілетін
қолданады.
Жетекші
тәрбиеші:
Менликулова Рахат
Турганбековна