Тақырыбы:
«Мен өмірді
қажетпін» арт терапия тренинг
Тренинг
мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді
қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып
жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау.
Міндеті:
- Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту;
- Оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге,рухани өсуге және
жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын
белгілей білуге үйрету;
- Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға
тәрбиелеу;
- Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын
қалыптастыру.
Қатысушылар:
оқушылар
Кіріспе сөз. Психолог
сөзі. Қайырлы күн! Қымбатты оқушылар сіздерді көргендерімізге
қуаныштымыз! Бүгінгі тренинг-ойын сабағымыздың тақырыбы «Мен өмірге
қажетпін!». Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді,
мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа» өмірде
адамдардың бір - бірімен сыйластықта болуы керек.
Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп
жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып
жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп,
басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды
бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп
жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден
түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қақтығыстары мен қиындықтары көп осынау
өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі
ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын
іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне
байланысты.
Олай болса, бүгінгі тренинг-ойынымыз осы өзіміз таңдаған өмірімізде
мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін,
тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді
танимыз деп ойлаймын.
1. «Мен және өмір»
жаттығуы
Нұсқау: - Балалар, бәріміз ортаға
шығып, жылылық шеңберін құрайық. Оқушылар шеңберге тұрып, мысалы
«Мен, Айбол өмірде бақыттымын» дегендей өмірге байланысты сөз
тіркестерін айтады.
2. «Өмір»
жаттығуы
Шарты: тақтадағы «Өмір» деген сөзге ассосация жасай отырып, әр
әріпті жеке-жеке талдау. Мысалы: өмір-өзен, өмір-мейірім, өмір-ірге
тас, өмір-рахат.
Өмір- өзен...
Өмір-м...
Өмір-і...
Өмір-р...
3.Топқа бөліну: Постер
қорғау 1 – топ: Өмірде ешқашан оралмайтын 3 нәрсе. 2 – топ: Өмірде
адамды құртатын 3 нәрсе.
Өмір дегенім не,
қалай түсінесің? - Өмір сүру жақсы ма, жаман ба? - Сен бақыттысың
ба? - Сені не қобалжытады, сондай кездерің болады ма? - Өз - өзіне
қол жұмсау ерлік пе, әлде әлсіздік пе? - Егер саған біреу қатты
дауыс көтеріп ұрысса, сен не істейсің? - Сенің мінезіңнің жаман,
жақсы жақтары қандай? - Келешекте сен өз өміріңді қалай құрар едің?
izden.kz
Өмір - ол адамға бір - ақ
рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды саған сыйлаған
кім?... Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат
адамдарың, ол сенің ата - анаң. Сондықтан оларды ренжітпеуіміз
керек. Айтады ғой, «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да
борышыңды өтей алмайсың»- деп. Себебі, ол саған «өмір» сыйлады,
саған жарық дүние көрсетті, сені өсірді, сенің ыстығыңа күйіп,
суығыңа тоңды, түн ұйқысын төрт бөліп сені аялады, тәрбиелеп
өсірді. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған
лайықты өмір сүруге тиіссің. (Ата-ана туралы бейнеролик.)
izden.kz
4.Мен кіммін, жан-жақты
ерекшеліктерім.
Оқушылар жағымды және жағымсыз
ерекшеліктерін тізбектеп шығады.
Оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты теңдей етіп екіге
бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп, бірінші бөлікке
жағымды қасиеттерін, екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазуы
керек. Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып, жағымсыз қасиеттерін
жыртып, қоқыс жәшігіне салады. Мысалы:
Жағымсыз ерекшеліктер: Менің жылай салатын жаман қасиетім
бар.
Жағымды ерекшеліктер: Мен кішіпейіл қасиетіме ризамын,
т.б.
5. «Сурет салайық»
жаттығуы.
«Қолыңызға дәптер (парақ,
қағаз) алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам
алыңыз. Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына
кішкентай арал салыңыз. Арал қасына екі – үш пальма салыңыз. Сол
жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың
қасына өзіңіздің жатқызып салыңыз. Сонан соң парақты қолыңызға
алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдаңыз ба? Кімнің
суреті нұсқауға сәл болса да ұқсайды?»
Ойынның (әзіл)
қорытындысы: егер кімде – кімнің суреті нұсқаулыққа ұқсайтын болса,
онда ол семинар барысында айтылып жатқан мәселелерді зейін қойып,
назарын соған аударып тыңдап отырған.
6.«Апта күндері»
жаттығуы
Мақсаты: әрбір
қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне
жылылық сыйлау.
Нұсқаулық:
әр оқушының қолына апта күндері жазылған парақшалар таратылады.
Аптаның әр күніне оқушылардың есімдерін жазады да, сол адамға барып
жылы сөздер айтады.
(Оқушылар қимыл – қозғалыстар арқылы
жаттығуды жасайды).
Қорытынды
бөлім
7.«Майшам» жаттығуы.
Қазір мен майшамды
жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін
бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды
алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық,
жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз.
Рахмет!
Хаттама
Күні:
Тақырыбы: «Мен өмірді қажетпін» арт терапия
тренинг
Мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын
анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай
деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін
анықтау.
Контигент: 9,11 сынып оқушылары
Құрал-жабдықтар: көрнекіліктер, пламастерлер, ақ
парақтар және т.б.
Жүргізілу
барысы:
11 сынып
оқушыларына«Мен өмірді қажетпін» тақырыбында тренинг
жүргізілді.
Оқушыларға жүргізілетін
тренинг мақсаты, ережелері толықтай таныстырылды. Тренинг барысында
өмір, өмірдің құндылықтары туралы түсінік
берілді.
Тренинг
міндеті:
- Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту;
- Оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге,рухани өсуге және
жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын
белгілей білуге үйрету;
- Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға
тәрбиелеу;
- Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын
қалыптастыру.
1. «Мен және өмір» жаттығуы
Нұсқау: - Балалар, бәріміз
ортаға шығып, жылылық шеңберін құрайық. Оқушылар шеңберге тұрып,
мысалы «Мен, Айбол өмірде бақыттымын» дегендей өмірге байланысты
сөз тіркестерін айтады.
2. «Өмір»
жаттығуы
Шарты: тақтадағы «Өмір» деген сөзге ассосация жасай отырып, әр
әріпті жеке-жеке талдау. Мысалы: өмір-өзен, өмір-мейірім, өмір-ірге
тас, өмір-рахат.
3.Топқа бөліну: Постер қорғау 1 – топ: Өмірде ешқашан оралмайтын 3 нәрсе. 2
– топ: Өмірде адамды құртатын 3 нәрсе.
4. Мен кіммін, жан-жақты
ерекшеліктерім.
Оқушылар жағымды және
жағымсыз ерекшеліктерін тізбектеп шығады.
Оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты теңдей етіп екіге
бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп, бірінші бөлікке
жағымды қасиеттерін, екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазуы
керек.
5.«Сурет салайық»
жаттығуы.
«Қолыңызға дәптер (парақ,
қағаз) алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам
алыңыз. Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына
кішкентай арал салыңыз. Арал қасына екі – үш пальма салыңыз. Сол
жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың
қасына өзіңіздің жатқызып салыңыз. Сонан соң парақты қолыңызға
алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдаңыз ба? Кімнің
суреті нұсқауға сәл болса да ұқсайды?»
6.«Апта күндері»
жаттығуы
Мақсаты: әрбір
қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне
жылылық сыйлау.
Қорытынды
бөлім
7.«Майшам» жаттығуы.
Мақсаты:
оқушылар бір-біріне жылы
лебіз білдіреді. Жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Ұсыныс: Өмір туралы көзқарастарын әлі де
кеңейту.