Материалдар / "Мен өмірді қалаймын" Эссе, Үндеу, Өлең 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мен өмірді қалаймын" Эссе, Үндеу, Өлең 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарияланған материал оқушыларға, студенттерге арналған. Зиянды әрекеттер- темекі тарту, алкагольді ішімдіктерді пайдалану, есірткіні тутыну сияты аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған. Материалда "Есірткіден аулақ бол" тақырыбында өлең, "Денсаулық - зор байлық" тақырыбында эссе, сондай-ақ, үндеу берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2018
876
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда ОІІБ ЕБҚКБ

тарапынан жарияланған сайысқа


Есірткіден аулақ бол...


218 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Абсалим Шұғыла Бауыржанқызы


Ағзаңды таза ұста есірткіден,

Зиянды әдеттері болған ерен.

Денсаулығын жауапты басқара алмай,

Жасөспірім зардабын тартты дер ем.


Қызығушылық танытып, татып көрме.

Қиындықты жеңем деп ойды түйме.

Есірткі тұтынушы ықпал етсе,

Бас тартып, батылдықпен еш дес берме.


Есірткі ес кетірер улы неме

Айналаң айналғандай жын-періге.

Қор болып есірткіден қиналғанша,

Қолданбайтын сақтықтың жолын ізде.


Есірткінің атын да атай көрме,

Шылым шегіп, өкпеңе дақ түсірме.

Қызығып ішімдікті ішіп алып,

Зиянды әрекетке жолай көрме.


Бұлардың барлығы да улы заттар,

Денсаулықтың қас жауы жараланар.

Санаң мен ақылыңды уландырып,

Адамдық қасиеттен азғындатар.


Шығыста зиялы сөз ұға білсең:

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,

Үшеуімен болады бақытты өмір!»

Деген сөзден құралар жаңа ғұмыр.


Денсаулық адамзаттың күш-қуаты,

Сақтайық салауатты өмір салтты.

Егеменді елімнің ұрпағы бол,

Құрыш білек, батыр жүрек салауатты!




Қызылорда ОІІБ ЕБҚКБ

тарапынан жарияланған сайысқа


Денсаулық – зор байлық


Біздің бақытымыздың

оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты

А.Шопенгауер


Әрбір адамның ең басты байлығы - денсаулық. Адам баласы үшін денсаулықтан артық ештеңе жоқ. Денсаулықты қалыптастыру үшін салауатты өмір салтын қатаң түрде сақтау керек. Мен қазіргі күнде №218 орта мектебінің 10-сыныбында оқимын. Менің ойымша қазіргі күнде мен үшін ең құнды дүние – терең білім алу, салауатты өмір салтын сақтау. Осы мақсатты алға қойған мен өзімнің күнделікті кестемді құрып, өз өмірімнің әр сәтін босқа өткізбеуге тырысамын. Айта кететін болсам, мен таңертең сабаққа келемін, сабақтан шыққан соң үйден түскі асымды ішіп, мектепке пәндік дайындықтарға, сонан соң волейбол бойынша спорт сексиясына қатысамын. Менің ойымша, ата-анама, еліме болашақта қажетті, мақтан тұтатын азамат боламын деген әрбір жасөспірім, әрбір жеткіншек, әрбір жас осылай ойлауы керек деп ойлаймын.

Бірақ, қазіргі күнде теледидардан көріп, газет-журналдардан оқып, біліп, байқап жүргеніміздей, жаман әдеттерге бой алдырып жүрген жастарымыз көбейіп бара жатыр. Мысалы, темекі шегу, насыбай ату, ащы сусындармен дос болу жастардың санасын улап жатқан сияқты. Сондай-ақ, бүгінгі күнде белең алып бара жатқан жаман әдеттердің бірі – есірткіге есі кету.

Нашақорлық, есірткіге құмар болу – ғасырымыздың айықпас дерті. Есірткіге құмарту- тәнді ғана емес, бүкіл сана-сезімді улап тастайтынын ғалымдарымыз айтып, дабыл қағуда. Жастарымыздың арасында осындай жаман әдеттерге тәуелді болуының өсіп кетуіне байланысты жер-жерлерде мемлекеттік қызметкерлермен, нарколог-дәрігерлермен кездесулер ұйымдастырылып, ата-аналарына, оқушыларға, жастарға олардың зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өйткені бала ең бірінші тәрбиені ата-анадан, өз отбасынан алады деп ойлаймын.

Егер әрбір ата-ана өз баласына дұрыс көңіл бөліп, оның немен айналысатынын, кімдермен араласатынын қадағалап, оны әр түрлі спорттық сексияларға, үйірмелерге қатыстырып отырса, бала ешқандай жаман жолға түспейді деп ойлаймын.

Елбасымыз өзінің «Қазақстан – 2050» бағдарламасында да салауатты өмір салты туралы айта келіп: «Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да тәрбиелі, шыныққан да шымыр, экологиялық сауатты, ауасы таза, көкжиекті дамыған елде тұруы керек», - деген болатын. Сондай-ақ, Елбасымыз: «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.б. бағытталған», - деген болатын. Осы сөздер елінің болашағын ойлаған әрбір саналы ұрпақтың ұранына айналуы тиіс.


218 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Абсалим Шұғыла Бауыржанқызы

Қызылорда ОІІБ ЕБҚКБ

тарапынан жарияланған сайысқа


Үндеу


Есірткі – ғасырымыздың дерті. Есірткіге әуес болу деген сөз –адамның өзін-өзі тікелей өлімге апаратын қатерлі жолы. Нашақорлыққа ден қою – ұлтымызды азғындататын, қазақтың қанына сіңген бірсөзділік, намысқойлық, кеңдік, ұлылық қасиеттерінен айыратын дерт. Бұл дертпен күресу, отбасынан, мектептен басталуы керек.

Жас дос, сен әрқашан салауатты өмір салтын ұстап, спортпен шұғылданып, әрқашан сымбатты бол! Өз елімізді, келешегі кемел мемлекетімізді нашақорлық індетінен сақта! Жас мемлекетіміздің мәгілік ел болуына өз үлесін қосатын дені сау азамат бол!






218 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Абсалим Шұғыла Бауыржанқызы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!