400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен өмірді сүйемін

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға өмірді бағалау жайында түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен өмірді сүйемін» семинар-тренинг

Тренинг мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау.

Міндеті:

  • Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту;

  • оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;

  • Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу;

  • Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, арнайы слайд, видеоролик

Психолог сөзі. Қайырлы күн! Құрметті және қымбатты оқушылар сіздерді көргендерімізге қуаныштымыз! Бүгінгі семинар-тренинг тақырыбы «Мен өмірді сүйемін!».  Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін өмірде адамдардың бір - бірімен сыйластықта болуы керек. Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қақтығыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты. 
Олай болса, бүгінгі семинар-тренинг осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын.



1. «Екі бақа» туралы аңыз

Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шыға алмайтынына көзі жетіп, қарсыласпай өліп қалады. Ал екіншісі, шыға алмайтынына көзі жетіп тұрса да, арпалысқанның бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бір кезде аяғындағы қаймақ қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді. Балаларға осындай аңызды оқып, талданады. Сонда қиындықтан құтылу үшін, қандай болмасын қимыл, қозғалыс керек екен.

2.Осыдан кейін «Қытай балеті» видеоролик көрсетіледі

3.Мен кіммін, жан-жақты ерекшеліктерім.

Оқушылар жағымды және жағымсыз ерекшеліктерін тізбектеп шығады.

Оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты теңдей етіп екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп, бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін, екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазуы керек. Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып, жағымсыз қасиеттерін жыртып, қоқыс жәшігіне салады. Мысалы:

Жағымсыз ерекшеліктер: Менің жылай салатын жаман қасиетім бар.

Жағымды ерекшеліктер: Мен кішіпейіл қасиетіме ризамын, т.б.

4.Осыдан кейін Ник Вуйчич «Менің өмірім» видеоролик көрсетіледі

5. «Ойланып көрейік» жаттығуы.
Мақсаты: Өмір туралы ұғымдарын дамыту.
Нұсқау: Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңдер:
Адам не үшін өмір сүреді?
- Үлгілі отбасын құру үшін.
- Білім алу үшін.
- Қоғамға және өз ортасына пайда келтіру үшін.
- Үлкен дәулетке қол жеткізу үшін.
- Өзін өзгелерге таныту үшін.
Өмірден өз орнын табу деген не?
- Жоғары атаққа ие болу.
- Материалдық дербестік және мол дәулетке жету.
- Тату және берік отбасын құру
- Адал достар көп болу.
- Өзі сүйген адамының сүйіктісі болу.
Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
- Еңбекқор, адал, әділ болу
- Қабілетті, дарынды болу.
- Өзін және өз мүмкіндіктерін жақсы білу.
- Адамдармен тіл табыса білу.
Оқушылардың сөздері қорытындыланып, бейнеролик көрсетіледі.

5. «Би терапиясы» жаттығуы

Нұсқау: Алдын ала дайындалған ақ плакатка адамның табанының суреттері салынады, екі түрлі түспен. Ортаға екі қатысушы шығып, музыкаға ілесе отырып, өз табан іздерінен шықпай билеуі керек.

Қандай сезімде болдыңыздар? Музыка мен би біздің сезімімізге әсер ете алады ма?

8. «Гүлдер» релаксациясы (Әуен ойнап тұрады)

Шарты: психолог оқушыларға жаттығу мазмұнын оқиды, оқушылар көздерін жұмып отырып, оны елестетеді.

Терең демалып, дем шығарайық, сендер сыныптарыңмен орман ішінде демалып жүрсіңдер, адарыңда жасыл шөп, қызылды жасылды гүлдер, гүлдердің иісі нәзік, жұпар, ащы сол гүлдерді иіскеп, шөпке аунап, бірің доп ойнап, бірің гүлге қонған көбелектей ұшып аспанда қалқып, күннің сәулесінен жылу алып, жүректеріңе мейірім ұяланып, ал самал жел арқылы өзіңе сенімділік, күш жігер еніп, өмірдегі бақытты жандай сезініп, бәрің «біз бақытты баламыз» деп қуанып, бір-біріңе қолдарыңды созып, қалықтап жүріп қайта ормандағы гүлге қоныңдар. Көздеріңді ашып, бір-біріңе күлімдеңдер.

Рефлексия. Келген қонақтарға рефлексия қағазын тарату, оқушылардан бүгінгі тренинингтен алған әсерлерін сұрау. Бүгінгі тренинг ұнады ма? Қандай әсер алып, өздеріне қандайда бір сабақ алдыңыздар ма?

Қорытынды психолог сөзі: Бүгінгі «Мен өмірді сүйемін» тренинг аяқталды. Қатысқандарыңызға көп рахмет! Осылай өмірде белсенді, қуанышты болыңыздар! Өмірлеріңді бағалап, мәнді өткізе біліңдер! Қызықты сәттеріңіз мол болсын!












«Қар қиыршықтары» жаттығуы

Мақсаты: Оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру.

Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып, ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғары бұрышын жыртып аламыз. Тағы да бүктейміз, оң жақ жоғары бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігінше жалғастыра береміз. Енді әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.

Талдау: Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Таптыңыздар ма? Жоқ. Себебі неде деп ойлайсыздар?

Не себептен бәрімізде бірдей ақ қағазбен бірдей әрекет бола тұра, әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды? - Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанымызбен, ол әр түрлі шықты. Өйткені біз әр түрлі адамдармыз. Бірақ бәріміздің бірге жиналуымызда себеп бар – ол ҰБТ, ОЖСБ, олимпиада сынақтары,емтихан т.б. одан жақсы жетістікке жету, қоғамдағы орнымыз бен роліміз әр түрлі болса да, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір.



«Би терапиясы» жаттығуы

Нұсқау: Алдын ала дайындалған ақ плакатка адамның табанының суреттері салынады, екі түрлі түспен. Ортаға екі қатысушы шығып, музыкаға ілесе отырып, өз табан іздерінен шықпай билеуі керек.

Қандай сезімде болдыңыздар? Музыка мен би біздің сезімімізге әсер ете алады ма?















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.04.2019
671
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі