Тақырыбы:Мен
өмірді сүйемін
Түрі:тренинг
Күні:
Қатысушы:
9-11сыныптар
Мақсаты:
Тренинг қатысушыларына “Өмірді сүю”
және оның мәні туралы түсінік беру. “Мен
өмірді сүйемін” сенімін орнату. Адамның
өмірі өз қолында екенін түсіндіріп,
өмірді сүюге дағдыландыру.
Тренинг
барысы:
1. Тренингке қатысушылармен
сәлемдесу.
2. «Мен өмірді сүйемін»
жаттығуын орындау. Шеңбер құра отырып,
әрбір қатысушы «Мен өмірді сүйемін»
деп оң жағындағы сыныптасының аты –
жөнін еркелетіп айтып шығады.
3.
Тренинг қатысушыларына өмір жайлы өлең
оқу.
Өмір жайлы сұрай берме сен
менен
Өмірді мен жете зерттеп
көрмегем
Өмір жайлы білгің келсе
қартқа бар
Қан майданнан жалғыз ұлы
келмеген.
Өмір жайлы не түсінем мен
деген,
Өмір жайлы сұрай берме сен
менен
Біреу жылап, біреу неге
көңілді
Содан барып сұра сен
өмірді
Сонда ғана түсінесің өмірді.
Өмір қас - қағым сәтте өте шығатын
ағынды өзен секілді. Осы өмірдегі адамдар
бір - бірінің қадірін біліп, бір - біріне
қамқор, қайырымды, мейірімді болуы
керек. Өмірдің, жақын адамдардың,
достарымыздың, ата-анамыздың құндылығын
сезінуіміз керек!
Мына
сөйлемді жалғастыр:
Жақсы
өмір – бұл....
Бақытты
адам – ол ...
Мен
адамдардың .... жоғары бағалаймын.
Менің
өмірімнің маңызы мынада ....
Оқушылармен
пікір алмасу
4.
Оқушыларға «Қытай вальсі» бейнетаспасын
көрсету.
Оқушылардың
пікірін сұрау
5.
"Ойланайық, пікірлесейік!"
Адам
баласы не үшін өмір сүреді?
Өмір
адамға несімен қымбат?
Сіздің өмірдегі
мақсатыңыз қандай?
Өмір мәнін түсінуге
ұмтылу қаншалықты қажет?
Сіз өмірді
сүйесіз бе? Сұрақтарын оқушыларға қойып,
пікірлесу.
6.«Тірек
нүктесі» тренингі
Әр
оқушы өзінің жақсы қасиеттерін
тіке,сеніммен айтуы қажет.Алайда
«бірақ», «егерде», «мүмкін» деген
сөздерді қоспай айтуы керек.Оқушы
бойындағы аталған қасиеттеріне яғни
тірек нүктелеріне,күшті жақтарына
түсінік беру міндет емес.Оған сенудің
өзі жеткілікті.
7.Сергіту
сәтін орындау. Бейнетаспа арқылы «Көңілді
әуен» биін билеу.
7.
Инклюзив терминін мұғалімдерге
түсіндіру.
инклюзив – қамтитын, лат.
– қамтимын – барлық балалардың түрлі
қажеттіліктеріне бейімдеу тұрғысынан
барлығы үшін қол жетімді болуды көздейтін
жалпы білімді дамыту үдерісі, бұл білімді
ерекше қажет ететін балалардың да
білімге қол жеткізуін қамтамасыз
етеді.
Инклюзивті білім балаларға
бағытталған және барлық балалар – оқуда
түрлі қажеттіліктері болатын индивидуумдар
деп танитын әдістемені дамытуға ұмтылады.
Инклюзивті білім оқудағы әртүрлі
қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін
икемді болатын оқыту мен оқу тәсілдерін
жасауды көздейді. Инклюзивті білім
енгізетін өзгерістердің нәтижесінде
оқыту мен оқудың тиімділігі артса,
(ерекше қажеттіліктері бар балалар ғана
емес барлық балалар ұтады.
8.
«Мүгедек балаларға арналған» бейнетаспасын
мұғалімдерге көрсету.
Инклюзивті
білім жүйесін дамыту слайд бетін
көрсетіп, түсіндіру.
2015 жылға қарай:
•
мүмкіндіктері шектеулі балаларды
біріктіріп оқытудың модульдік
бағдарламалары;
• мүмкіндіктері
шектеулі балаларды жалпы білім беретін
ортада біріктіріп оқыту ережесі
əзірленеді;
• түрлі кемістігі бар
балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
•
мүгедек балаларға қашықтықтан білім
беруді ұйымдастыру қағидалары
əзірленеді.
2020 жылға қарай мектептерде
мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар,
пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы
құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы
парталармен, үстелдермен жəне басқа да
арнайы компенсаторлы құралдармен
жарақтандыру арқылы «кедергісіз
аймақтар» құрылады
Қорытынды:Рефлексия