жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мен өмірді сүйемін
Тақырыбы: «Мен өмірді сүйемін»
Түрі: психологиялық тренинг
Мақсаты: Ата-аналардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау. Жағымды эмоциялық көңіл-күйді орнату,
қарым-қатынас дағдысын дамыту, ішкі күйзелістен арылту.
Міндеті:
-
Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін
жақсарту;
-
оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне
білуге,рухани өсуге және жақсы мен
жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік
айқындамасын белгілей білуге үйрету;
-
Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және
әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу;
-
Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген
жағымды көзқарасын қалыптастыру.
Әдістер: Арттерапия, психогимнастика, әңгімелесу, сұрақ-жауап релаксациялық жаттығулар.
Дидактикалық құралдар: Интер белсенді тақта, қарандаштар,қағаздар.
Жоспары:
1. Психологтің кіріспе сөзі.(Тренингтің мақсатымен таныстыру)
2. Топтық ереже қабылдау
3. «Өмір» жаттығуы
4. «Екі бақа» жаттығуы
5. «Мен кіммін, жан-жақты ерекшеліктерім» жаттығуы
6. «Би терапиясы»жаттығуы
7. «Ойланып көрейік» жаттығуы
8.Қарапайым ережелерді есте сақтаңыз
12. Қорытынды .
Тренинг
барысы:
Кіріспе
сөз.
Психолог сөзі. Қайырлы күн! Құрметті
әріптестер және қымбатты оқушылар
сіздерді көргендерімізге қуаныштымыз!Бүгінгі
тренинг-ойын сабағымыздың тақырыбы
«Мен өмірді сүйемін!». Әрбір адам - өмірге
келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы,
мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана
сабындай қысқа» өмірде адамдардың бір
- бірімен сыйластықта болуы керек.
Жан – жағымызға мұқият қарасақ,
айналамызда күйбең тіршілік жүріп
жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара
жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады,
қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына
жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады.
Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан
өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін
өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан
қалай құтылу керектігін білмей өмірден
түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қақтығыстары
мен қиындықтары көп осынау өмірде
адамдар бір – біріне және өздеріне
мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық
жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу
жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына
жете білулері әркімнің өзіне байланысты.
Олай болса, бүгінгі тренинг-ойынымыз
осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді
де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың
өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында
өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз,
өзімізді танимыз деп ойлаймын.
2.Тренинг ережесі айтылады:
Тыңдау әдебін сақтау;
Ашық көңілді болу;
Белсенділік таныту;
3.«Өмір»
жаттығуы
Шарты:
тақтадағы «Өмір» деген сөзге ассосация
жасай отырып, әр әріпті жеке-жеке талдау.
Мысалы: өмір-өзен, өмір-мейірім, өмір-ірге
тас, өмір-рахат.
Өмір-
өзен...
Өмір-м...
Өмір-і...
Өмір-р...
4.«Екі
бақа» туралы аңыз
Сарайда
тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп
кетеді. Біреуі, шыға алмайтынына көзі
жетіп, қарсыласпай өліп қалады. Ал
екіншісі, шыға алмайтынына көзі жетіп
тұрса да, арпалысқанның бәрі бекер
сияқты көрінсе де, секіре береді. Бір
кезде аяғындағы қаймақ қоюланып, майға
айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп
шыныдан шығып кетеді. Балаларға осындай
аңызды оқып, талданады. Сонда қиындықтан
құтылу үшін, қандай болмасын қимыл,
қозғалыс керек екен. Осыдан кейін
мынандай «Сенімділік» жаттығуын
қолдануға болады.
5.
«Мен кіммін, жан-жақты ерекшеліктерім».
Оқушылар
жағымды және жағымсыз ерекшеліктерін
тізбектеп шығады.
Оқушыларға
бос ақ парақ таратылады. Сол парақты
теңдей етіп екіге бөлу ұсынылады. Ол
бөліктерді 1,2 деп белгілеп, бірінші
бөлікке жағымды қасиеттерін, екінші
бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазуы
керек. Жағымды қасиеттерін өзіне
қалдырып, жағымсыз қасиеттерін жыртып,
қоқыс жәшігіне салады. Мысалы:
Жағымсыз
ерекшеліктер:
Менің жылай салатын жаман қасиетім
бар.
Жағымды
ерекшеліктер:
Мен кішіпейіл қасиетіме ризамын, т.б.
Өмір
сүрудің екі заңын білген адам бақытты
болар. Бірі - не болса соны жей бермей,
азығына талғаммен қарайтын жан; бірі -
кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы
достарын жөнімен таңдай білетін адам.
6.
«Би терапиясы» жаттығуы
Нұсқау:
Алдын ала дайындалған ақ плакатка
адамның табанының суреттері салынады,
екі түрлі түспен. Ортаға екі қатысушы
шығып, музыкаға ілесе отырып, өз табан
іздерінен шықпай билеуі керек.
Қандай
сезімде болдыңыздар?Музыка мен би біздің
сезімімізге әсер ете алады ма?
7.
«Ойланып көрейік» жаттығуы.
Мақсаты:
Өмір туралы ұғымдарын дамыту.
Нұсқау:
Төменде берілген сұрақтарға жауап
беріңдер:
Адам
не үшін өмір сүреді?
-
Үлгілі отбасын құру үшін.
-
Білім алу үшін.
-
Қоғамға және өз ортасына пайда келтіру
үшін.
-
Үлкен дәулетке қол жеткізу үшін.
-
Өзін өзгелерге таныту үшін.
Өмірден
өз орнын табу деген не?
-
Жоғары атаққа ие болу.
-
Материалдық дербестік және мол дәулетке
жету.
-
Тату және берік отбасын құру
-
Адал достар көп болу.
-
Өзі сүйген адамының сүйіктісі болу.
Өмірде
үлкен табысқа жету үшін адам бойында
қандай қасиеттер болу керек?
-
Еңбекқор, адал, әділ болу
-
Қабілетті, дарынды болу.
-
Өзін және өз мүмкіндіктерін жақсы
білу.
-
Адамдармен тіл табыса білу.
Психологтың
сөзі:
Әрқайсыңыз бір-бір үйдің, отбасының
жайқалып өсіп келе жатқан гүлісіздер.
Олай болса, сіздердің осы өмірде өз
орындарыңызды тауып, дұрыс жолды таңдап
одан әрі жайқалып өсе берулеріңізге
тілектеспіз!
8.Қарапайым
ережелерді есте сақтаңыз:
Өз
жүрегіңізді жек көрушіліктен
босатыңыз,
Өзіңізді
ренжіткен адамдарды кешіріңіз.
Өз
жүрегіңізді толқулардан босатыңыз-
олардың көбі пайдасыз.
Қарапайым
өмір сүріңіз, барға қанағат етіңіз.
Істеген
жақсылығыңызға мақтау күтпеңіз.
Сіз
басқаларға қалай қарасаңыз, өзгелер де
сізге солай қарайтынын ұмытпаңыз.
Қорытынды.
Психолог
сөзі:
Ең бастысы- жүректерің таза болсын;
Өмір-сендердің мүмкіндіктерің, пайдалана біліңдер;
Өмір-сұлулық,сүйсіне біліңдер;
Өмір-арман,жүзеге асырыңдар;
Өмір-парыз,орындай біліңдер,
Өмір-ойын,ойнай біліңдер;
Өмір-байлық,бағалай біліңдер;
Өмір-махаббат,ләззат ала біліңдер;
Өмір-құпия,сырын ашыңдар;
Өмір-қайғы,көтере біліңдер;
Өмір-күрес,жеңе біліңдер;
Өмір-бақыт,баянды ете біліңдер! Бүгінгі «Мен өмірді сүйемін» тренинг-сабағымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға көп рахмет! Осылай өмірде белсенді, қуанышты болыңыздар! Өмірлеріңді бағалап, мәнді өткізе біліңдер! Қызықты сәттеріңіз мол болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген