Материалдар / Мен өмірді сүйемін

Мен өмірді сүйемін

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының өмірге деген құлшынысын арттыру, өмірге деген жағымды қатынасын қалыптастыру өмірді сүйе білуге тәрбиелеу Оқушылар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2021
348
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Іс-шараның тақырыбы: «Мен өмірді сүйемін»тренинг

Тобы:

Тренингтің мақсаты:. Оқушының өмірге деген құлшынысын арттыру, өмірге деген жағымды қатынасын қалыптастыру өмірді сүйе білуге тәрбиелеу Оқушылар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу.

Көрнекілігі: компьютерге енгізілген слайдтар, үлестірмелі материалдар, стикерлер, жіп.

Құралдары: компьютер, проектор.


Жүру барысы:

Кіріспе сөз

Құрметті студенттер! «Мен өмірді сүйемін» тақырыбындағы тренингке қош келдіңіздер! Тренингтің мақсаты: Оқушының өмірге деген құлшынысын арттыру, өмірге деген жағымды қатынасын қалыптастыру өмірді сүйе білуге тәрбиелеу.

 

Өмір – дегеніміз не? Өмір дегеніміз – баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Өмірді қалай өткізуімізді өзіміз білеміз, өз еркіміз. Өмір өзен болса ағысқа қарсы емес. Өмір дегеніміз – баға жетпес бақыт.

Жан-жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Бұл – өмір. Қайсымыздың болмасын, өміріміз өз қолымызда. Әркім өз өмірінің сәулетшісі. Алдағы өміріміздің жақсы не жаман болуы осы өмірде өздеріңіз таңдаған алдарыңызға қойған мақсаттарыңызға және достарыңызға байланысты. Өмірде өз орнымызды, өмір жолымызды дұрыс таңдауға тырысуымыз керек. Қазіргі қоршаған ортадан тек жақсы мінез-құлық, тәрбиені, адамгершілікті үйренуге өзімізді дағдыландыруымыз керек. Қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір-біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты.

Олай болса, өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді сүйеміз, өзімізді танимын деп ойлаймын.


Тренингтің заңдары:

1. Өзекті қарым-қатынас ережесі;

2. Құпиялылық ережесі;

3. Пікірлерді дербестендіру ережесі;

4. Шынайылық және Құрмет ережесі;

5. Белсенділік ережесі


1.Танысу

«Өрмек» жаттығуы

Бұл жаттығу топ мүшелірінің ұйымшылдығын қалыптастыруға арналады. Жаттығуды орындау үшін, шиыршық жіп қажет болады. Қатысушыларға шеңбер құра тұрады. Ойын бастаушы шиыршық жіпты алып, өзінің атын және өзі жақсы көретін ісін(хоббиін) айтып өтеді, жіптің бір ұшын қолына қыстырып, қалған қатысушыға жіпті беруі тиіс. Нәтижесінде топтың барлық мүшесі «Өрмектің торында қалады». Жүргізуші қатысушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып талқылауы тиіс.


2. Жаттығулар

«Мен қандай адаммын?» жаттығуы

Берілген парақтағы сұрақтарды оқып, өзініңдің өміріңіздің жеке сферасын есепке ала отырып, жауап беріңіз.

Сұрақтар

Өміріңіздің жеке сферасы


Сіздің мінезіңіздің күшті тұстары қандай?




Сіз өміріңізде қандай жетістіктерге жеттіңіз?




Сіздің өміріңізде қандай сәтсіздіктер орын алды?




Сіз қай салада өзіңізді құзіретті сезінесіз?



Басыңызға келген барлық ойларды бірнеше күн бойы осы кестеге жазуыңыз сұралады, себебі біз енді өзіміздің ішкі әлемімізге үңіліп, өзіміздің тани бастадық.

Уақыты: 15 мин


«Күлтешелер» жаттығуы.

Қатысушылар өздеріне берілген «күлтешелерге» тақырыптар бойынша өз жазбаларын жазады. Жазып болған соң топ мүшелеріне өз жазбаларын таныстырады.

Күлтешелер:

  • Өз өмірімді сүюіме әсер ететін себеп

  • Мен сенетін үш адам

  • Естігім келетін үш сөз.

  • Мен мақтан ететін тұлға

  • Менің жоспарлаған ісім, мақсатым

  • Мен мақтан ететін жағдай, жетістігім

  • Өзімді жақсы сезінетін орта

Уақыты: 5 мин

Сұрақтар:

  • жетістігіңізді айту оңай болды ма?

  • өзіңіздің жетістігіңіз жайлы айтқанда қандай сезімде болдыңыз?

  • басқалар жайлы жаңа ақпарат біле алдыңыз ба?


«Өмір таразысы» жаттығуы

Белгілі психотерапевт, медицина ғылымдарының кандидаты М. Е. Литвак әрқайсымыз өзіміз үшін өмір сүруіміз керек деп санайды, өйткені әрқайсымыз үшін маңызды тұлға бұл –өзіміз. Өзің үшін өмір сүру керек, бұл басқаларға пайда әкеледі. Бірақ адамдар үшін екі өмірлік позиция тән: "басқалар үшін өмір сүру" және "өзі үшін өмір сүру". Құрметті студенттер, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдаңыз. Сіздің алдыңызда "өмір таразысы" тұр. Сіз үшін ең қолайлы позиция қандай? (таразылардың суретіне студенттер өз таңдауларын жасап, "тостағанға" стикер іледі.)


«Суреттер сөйлейді» жаттығуы

Студенттер белгілі бір суретті алып, өмір туралы өз ойын немесе сол суретке цитата ойластырады. Талдау.


Шырмау (путаница) жаттығуы

Сипаттама

Қатысушылар тығыздалып шеңберге тұрады және жүргізушінің нұсқауы бойынша олардың әрбіреуі сол қолын оң жағындағы көршісінің сол қолына, ал оң қолын қарама-қарсы тұрған адамның қолына ұстатады. Бұдан соң қолдарын жіберместен шыжбайланулары керек.Бір-бірінің қолдарынан аттауға болады және т.б. Шеңбердегі қатысушылардың саны 6 дан 8 ге дейін болса, ойын тиімді болады. Егер қатысушылар саны одан да көп болса, онда бірнеше шеңбер құру қажет.

Талқылау

Жұмыстың түрлі кезеңінде қатысушыларда қандай эмоцияллар пайда болды (тапсырманы алу кезеңінде; жұмыстың бастапқы кезеңінде; түйінді тарқату мүмкін болмағанда және шешу тәсілі түсінікті, оны жүзеге асыру ғана қалғанда; жаттығу аяқталған кезде)? Кімге ойын кезінде ыңғайлы болды, ал кімге олай емес, бұл неге байланысты? Процеске кім басшылық етті? Мәселені шешуде кім басшылық етті? Мәселені шешуде оңайлатуға мүмкіндік беретін идеяны кім қозғады? Ол идеяны басқа қатысушылар бірден естіп және қолдай бастады ма? Егер олай болмаса, ақыр соңында қандай әрекет көмегімен шешілді?


Өлең сөздерін таңдап, оқу. Мәнін түсіндіру.

Өмір – сенің мүмкіндігің, пайдалана біл;

Өмір – сұлулық, сүйсіне біл;

Өмір – арман, жүзеге асыр;

Өмір – парыз, орындай біл;

Өмір – ойын, ойнай біл;

Өмір – байлық, бағалай біл;

Өмір – махаббат, ляззат ала біл;

Өмір – құпия, сырын аш;

Өмір – қайғы, көтере біл;

Өмір – күрес, жеңе біл;

Өмір – бақыт, баянды ет.

Өмір-бұл сын, қабылдай біл.

Өмір-бұл ән, оны орындай біл.


«Чемодан» жаттығуы

- Сіз өмір жолына дайындалдыңыз және сіз жолға шабадан жинауыңыз керек, тек қана заттар емес, қажетті сапалар да қажет болады.

- Лайықты өмір сүру үшін және өмірде маңызды бір нәрсеге қол жеткізу үшін адамға қандай қасиеттер қажет болады?

- Өзіңмен бірге ең басты қандай сапа аласыз?

(Барлық ұсынылған жауаптарды тақтаға жазу – чемодан. Бұл-батылдық, жанашырлық, төзімділік, сенімділік, мақсатқа ұмтылушылық, өмірге оң көзқарас, қиындықтарды жеңе білу және т. б.).


Рефлексия

Әр қатысушы: "Мен бүгінгі күнді есіме алғанда, бірінші кезекте менің есіме ... түседі" деген аяқталмаған сөйлемді аяқтауы қажет.

Уақыты: 5 мин


Қорытынды сөз

Жаңа-жаңа мен ұғына бастадым,
Өмір деген қымбат екен, достарым.
Өмір – менің жарқылдайтын аспаным,
Өмір – менің сарқылмайтын дастанымҰлы Абай атамыздың ой қорытындылары әркімнің жадында сақтаулы. Өмір өмір сүру үшін беріледі. Сондықтан да өмірде дұрыс жүріп тұрғанға, сыйласқанға, қоғамға өз үлесіңді қосып, дүниенің бір кірпіші болып қаланғанға не жетсін?!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ