Материалдар / «Мен өмірді сүйемін»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мен өмірді сүйемін»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мен өмірді сүйемін» Психологиялық тренинг-сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2023
273
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мен өмірді сүйемін»

Психологиялық тренинг-сабақ жоспары


Мақсаты: оқушыларда жағымды көңіл-күй қалыптастыру, бір-бірімен қарым қатынасын жақсарту, өз эмоциясын басқаруды үйрету, кез келген жағдаяттарда оң жол таба білуіне көмектесу.

Қатысушылар: 11 сынып оқушылары

Тренинг ережесі:

  1. Бір бірін, бір бірінің ойын құрметтеу.

  2. Белсенді болу.

  3. Ашық болу.

  4. Бірігп жұмыс істеу.

Жоспары:

  1. Сәлемдесу

  2. «Бір-бірімізді танимыз» әдістемесі

  3. «Су-ли-фа» ойыны

  4. «Менің жүрегімде не бар?» әдістемесі

  5. «Эмоцияны тап» әдістемесі

  6. Қорытынды «Қызықты әрекеттер»


1.Сәлемдесу

Педагог психолог оқушылармен амандасып, олардың көңіл күйін сұрайды.

2. «Бір бірімізді танимыз» әдістемесі

Мақсаты: оқушыларға жағымды көңіл күй сыйлау, бір бірінің жақсы қасиетін бағалау, өзіне деген сенімділігін арттыру.

Оқушыларға қорапша көрсетіледі. Сол қорапшаның ішінен оқушылар бір парақшадан алып, парақшада жазылған қасиеттердің қай оқушыға тиесілі екенін айтады.

Парақшадағы қасиеттер:

  • Ең әдемі жан

  • Жан жақты жан

  • Өте сабырлы жан

  • Қызба мінезді, тез ашуланатын жан

  • Үнемі сабаққа дайындалып келетін оқушы

  • Ұмытшақ адам

  • Бір сөзді, уәдеде тұратын жан

  • Тамақтанғанды жақсы көретін адам

  • Үнемі түрлі ізденісте жүретін адам

  • Ерекше қасиеті бар жан

  • Техниканың тілін білетін адам

  • Фантазиясы күшті жан

  • Үнемі қолдау көрсетіп жүретін жан

  • Өтірік айта алмайтын адам

  • Әзілі бітпейтін жан

  • Қиындыққа мойымайтын, төзімді жан

  • Еркелігі көп жан

  • Мақтанғанды ұнататын жан

  • Әрдайым көңілді жүретін жан


3. «Су-ли-фа» ойыны

Мақсаты: оқушылардың белсенділігін арттыру, көңіл күйін көтеру.

Ережесі: еденге парақшаларды үзік жол сияқты төсейміз. Оқушылар екі топқа бөлініп, сол парақшалар арқылы секіріп келіп, екеуі ортада кездеседі. Кездескен кезде «Су-ли-фа» ойынын ойнайды. Жеңілген оқушы ойыннан шығып, тобындағы басқа оқушы жалғастырады. Қай топтың оқушылары көбірек мәреге жетті, сол топ жеңеді.


4.«Менің жүрегімде не бар?» әдістемесі

Мақсаты: оқушылардың ішкі жан дүниесін түсінуге тырысу.

Ережесі: оқушыларға жүректің суреті бар парақшалар таратылады. Оқушылар жүректің ішін жақсы көретін, қалайтын заттарымен толтыру керек.


5.«Эмоцияны тап» әдістемесі

Мақсаты: оқушыларды өз эмоцияларын басқаруға үйрету.

Ережесі: оқушыларға түрлі эмоциялары бар парақшалар жасырын түрде беріледі. Парақшаны таңдаған оқушы эмоцияны түрімен көрсетуі тиіс. Қалған оқушы жасырылған эмоцияларды табуы керек.


6. «Қызықты әрекеттер» әдістемесі

Нұсқау:Жағдай оқылыды. Егер сіз онымен келіссеңіз, айтылған әрекетті орындауыңыз қажет.

·      Егер үлкен туған ағаң болса, үш рет шапалақта.

·      Кімнің бойы 1.65 ұзын болса, «Кинг Конг» деп айқайласын.

·      Кімнің бойы 1.65 қысқа болса, «Алақай деп айқайласын.

·      Кім бүгін таңертең дәмді таңғы ас ішсе ішін сипасын.

·      Балмұздақты жақсы көретіндер, тоңып тұрғандай іс-әрекет жасасын.

·      Иттерді жақсы көретіндер үрсін.

·      Мысықтарды жақсы көретіндер «Мяу!» деп үш рет айтсын.

·      Ата-анасының жалғыз балалары қолдарын көтерсін.

·      Кофеге сүт және қант қосып ішетіндер орындарында тұрып айналсын.

·      Тәтті торт жегенді жақсы көретіндер екі қолын бірдей көтеріп, күлсін.

·      ҰБТ тапсыруға қорықпайтындар «Алға!» деп айқайласын.

·      Өздеріне сенімсіздер «Көмек қажет» деп айтсын.

·      Осы тренингке қатысқандарына қуанатынндар «Қуаныштымын!» деп бес рет айтсын.


Қорытынды сөз:

Құрметті мектеп түлектері алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз.

«С.Асанов атындағы №38 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі










Тренинг сабақтың тақырыбы:

«Мен өмірді сүйемін»



Педагог-психолог: Есенбек А.Қ.

















2023-2024 оқу жылы


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!