"Мен өмірді сүйемін" психологиялық тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мен өмірді сүйемін" психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өмірге деген көзқарасын өзгертуге арналған тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Науырзым ауданының білім беру бөлімі

Жамбыл орта мектебі» ММ









«Мен өмірді сүйемін» психологиялық тренинг







Педагог-психолог: Тасанова А.Х.














Науырзым – 2020 жыл

Тақырыбы:

«Мен өмірді сүйемін» тренинг-ойыны 

Тренинг мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау. 
Міндеті: 
- Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту; 
- оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге,рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету; 
- Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу; 
- Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру. 
Қатысушылар: мұғалімдер 
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастырушылық кезең 
Кіріспе сөз. Психолог сөзі. Қайырлы күн! Құрметті әріптестер және қымбатты оқушылар сіздерді көргендерімізге қуаныштымыз!Бүгінгі тренинг-ойын сабағымыздың тақырыбы «Мен өмірді сүйемін!». Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа» өмірде адамдардың бір - бірімен сыйластықта болуы керек. 
Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қақтығыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты. 
Олай болса, бүгінгі тренинг-ойынымыз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын.

1. «Мен және өмір» жаттығуы 
Нұсқау: - Балалар, бәріміз ортаға шығып, жылылық шеңберін құрайық. Оқушылар шеңберге тұрып, мысалы «Мен, Айбол өмірде бақыттымын» дегендей өмірге байланысты сөз тіркестерін айтады. 



2. «Өмір» жаттығуы 
Шарты: тақтадағы «Өмір» деген сөзге ассосация жасай отырып, әр әріпті жеке-жеке талдау. Мысалы: өмір-өзен, өмір-мейірім, өмір-ірге тас, өмір-рахат. 
Өмір- өзен... 
Өмір-м... 
Өмір-і... 
Өмір-р... 
Негізгі кезең 
3.«Екі бақа» туралы аңыз 
Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шыға алмайтынына көзі жетіп, қарсыласпай өліп қалады. Ал екіншісі, шыға алмайтынына көзі жетіп тұрса да, арпалысқанның бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бір кезде аяғындағы қаймақ қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді. Балаларға осындай аңызды оқып, талданады. Сонда қиындықтан құтылу үшін, қандай болмасын қимыл, қозғалыс керек екен. Осыдан кейін мынандай «Сенімділік» жаттығуын қолдануға болады. 
Мен кіммін, жан-жақты ерекшеліктерім. 
Оқушылар жағымды және жағымсыз ерекшеліктерін тізбектеп шығады. 
Оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты теңдей етіп екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп, бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін, екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазуы керек. Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып, жағымсыз қасиеттерін жыртып, қоқыс жәшігіне салады. Мысалы: 
Жағымсыз ерекшеліктер: Менің жылай салатын жаман қасиетім бар. 
Жағымды ерекшеліктер: Мен кішіпейіл қасиетіме ризамын, т.б. 

4.«Менің көңіл-күйім» тесті

  1. Менің көңіл-күйім жиі нашар болады, жылаймын.

  2. Адамдармен кездескенде оның көзіне тура қараудан қашамын.

  3. Мен жиі ашуланамын.

  4. Мені көпшіліктің өмірді маңызды болып көрінетін спорт, жұмыс, адамдармен қарым-қатынас қызықтырмайды.

  5. Соңғы кезде мен сирек көңілсізденемін, тіпті күлмеймін.

  6. мен білетін адамдардың көбі мені ренжітеді.

  7. Мен әлсіздікті сеземін, жақын адамдармен мен таныстардың өміріне көңілім толмайды.

  8. Соңғы уақытта көп сұрақтарға өзіндік пікірім жоқ.

  9. Мен өте жай сөйлеймін, әңгімелескен адам мені түсінбей қалады.

  10. мен әңгімелескен адамның сұрағына қалай жауап берерімді білмей қаламын.

Кілті:

1-2 ұпай. Сіз өмірдің қиындығына қарамастан, өміріңізге қуаныштысыз. Бұл жаман емес, бірақ белгілі жағдайда.


3-6 ұпай. Сіздің өмірге қатынасыңыз қалыпты, бірақ шаршағандық сезіледі.


-9 ұпай. Сіз болып жатқанның бәрін теріс қабылдайсыз, неліктен сіздің өміріңізде қуанышты жағдайлар жоқ? Есіңе түсірші!

5. «Сурет салайық» жаттығуы.

«Қолыңызға дәптер (парақ, қағаз) алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз. Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішкентай арал салыңыз. Арал қасына екі – үш пальма салыңыз. Сол жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың қасына өзіңіздің жатқызып салыңыз. Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдаңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сәл болса да ұқсайды?»

Ойынның (әзіл) қорытындысы: егер кімде – кімнің суреті нұсқаулыққа ұқсайтын болса, онда ол семинар барысында айтылып жатқан мәселелерді зейін қойып, назарын соған аударып тыңдап отырған.

6. «Мен бақытты боламын» жаттығуы 
Бетімізге самал жел лебі еседі. Кенеттен баяу жел соғады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады. (Қолдарын жан-жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды. Гүлдер тоңып, бүрісіп, жабылады. (Қолдарын тізе үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта күннің көзі күлімдеп, жайнап шығады, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап ашыла бастайды. (Балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады). Міне, осы исі аңқыған гүлдеріңді ең жақын, ең жақсы достарыңызға тілек айтып сыйлаңыздар. Балалар шеңберде тұрып бір - бірінің қолын көтеріп, алақандарын түйістіріп, хормен мына сөзді қайталайды: Біз өмірді сүйеміз! 
Талдау: Осы жаттығудан кейін өзіңізді қалай сезінесіздер?Көңіл-күйлеріңіз қалай?Жаттығу бойларыңыздағы қатаюдан құтылуға көмектесті ме?

7.«Апта күндері» жаттығуы
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық: әр оқушының қолына апта күндері жазылған парақшалар таратылады. Апатанаың әр күніне оқушылардың есімдерін жазады да, сол адамға барып жылы сөздер айтады.
(Оқушылар қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды).

Қорытынды бөлім 
8.«Майшам» жаттығуы.

Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2020
5081
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі