400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен өмірді сүйемін тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологтарға арналған тренинг. Тренингтің мақсаты өмірдің адам баласына берілетін қымбат сый екенін, оқушылардың өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен өмірді сүйемін» тренинг –сабақ

Мақсаты:

-Өмір адам баласына бір-ақ рет берілетін қымбат сый екенін түсіну;

- Адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту. Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту.

- Балалардың ойын ашу, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.

Бірінші біз іс-шарамызды бастамас бұрын Ереже қабылдап алайық.

Ереже:

  • Біз тыныштықты сақтаймыз;

  • Бір-бірімізді тыңдаймыз;

  • Өз ойларымызбен бөлісеміз;

  • Сезімдерімізді сыйлаймыз;

  • Бір-бірімізді мазақ етпейміз;

  • Уақытымызды үнемдейміз, қысқа да нұсқа жауап береміз;

  • Тәртіппен, өз кезегімізбен сөйлейміз;

  • Мектеп ережесін бұзбаймыз;



Психолог сөзі: Өмір-ол адамға бір-ақ берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды саған сыйлаған кім?

Әрине саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың, ол сенің ата-анаң. Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек, айтады ғой, «Анаңды үш рет Мекеге арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың» - деп. Себебі, біріншіден ол саған өмір сыйлады, саған жарық дүние көрсетті, сені өсірді, сенің ыстығыңа күйді, суығыңа тоңды, түн ұйқысын төрт бөліп сені аялады, тәрбиелеп өсірді.

Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен, сәттілік пен сәтсіктен көтере білуі керек. Жаңа, жақсы ойлар ойлау керек.

1. «Ойлануға арналған балықтар» жаттығуы.

Шарты: тақтадағы «Өмір» дегенсөзгеассосацияжасайотырып, әрәріптіжеке-жекеталдау. Мысалы: өмір-өзен, өмір-мейірім, өмір-іргетас, өмір-рахат.

Өмір- өзен...

Өмір-м...

Өмір-і...

Өмір-р...

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

  • Өмір дегеніміз не? Қалай түсінесің?

  • Өмір сүру жақсы ма, әлде жаман ба?

  • Сен бақыттысың ба?

  • Сені не қобалжытады, сондай кездерің болады ма?

  • Өз-өзіне қол жұмсау ерлікпе, әлде әлсіздік пе?

  • Егер саған біреу қатты дауыс көтеріп ұрысса, сен не істейсің?

  • Сенің мінезіңнің жаман, жақсы жақтары қандай?

  • Келешекте сен өз өміріңді қалай құрар едің?


2. Қымбатты балалар! Қызықты өмір сүру үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар? Мен қазір сіздерге психологиялық кеңес беремін, естеріңе ұстаңдар.

Психологиялық кеңес:

  • Ай сайын жаңа кітап оқы, оқығандарыңды көңіліңе тоқы;

  • Икемің бар іспен айналыс, мысалы ән айту, би билеу, шеберлік істер;

  • Әрбір демалыс күніне жоспар жасап, қызықты өткізуге тырыс;

  • Ертеңгілік жаттығу жаса,сергек жүресің;

  • Ата-анаңа, бауырларыңа, жақынарыңа көмектесіп тұр;

  • Әр күні кешке «мен бүгін не істедім?» деп өзіңе есеп беріп үйрен;

  • Күнделік жазуға дағдылан, ол сенің ең сенімді серігің бола алады.

Олай болса балалар бүгінгі күнімізге ризамыз ба?

Бәріміз РИЗАМЫЗ деп үш рет қайталап айтамыз.


3. Топтық шығармашылық жұмыс

І топқа тапсырма: «Менің бақытты балалық шағым» тақырыбына берілген ақ ватман, түрлі газет журналдардан қиылған суреттерді және скочты пайдалана отырып, сурет құрастыру, қорғау.

ІІ топқа тапсырма: «Менің қазіргі шағым» тақырыбына берілген параққа сурет салу. Нұсқау: суреттің әрбір бөлігін әр қатысушы салып, қорғау керек.

Талқылау сұрақтары: Тапсырманы орындау қиын болды ма? Берілген тапсырма бір адамның ойымен ғана шықты ма? Немесе топ мүшелерінің ойы бір жерден шыға алды ма?


4. «Өмірге тек оң көзқараспен қара» Бейнеролик.

- Бейнеролик ұнады ма? Несімен?


5. «Мен өмірді таңдаймын»

Балалар «Мен өмірді таңдаймын» деп отырып өмірге деген құлшыныстарыңды  біздің мектеп оқушыларына үндеу жолдайық. Әр қайсымыз өз ойларымызды мына күннің  тұсына ілейік.
Күн-денсаулықтың, қуаныштың, жылылықтың символы. Ал сендер мемлекетіміздің болашағысыңдар. Республикамыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат  болып өскедеріңе  байланысты.  Шындығын да мемлекетті құрайтын адам, ал ертеңгі күні сендер әрқайсың әр мамандықтың иесі боласыңдар, белгілі бір қызмет атқарасыңдар.


6.Қорытынды.
Қызық өмір./М. Мақатаев/
Қызық өмір, кім білсін, сонысымен,
Аласы мен құласы, торысымен.
Тағдыр түрлі болғанмен, өмір біреу,
Ұнатамын өмірді сол үшін мен.
Ұнайды өмір ынтымақ, күресімен,
Құр қалмайды ешкімде үлесінен.
Өліп - талып жеткенде бақытына,
Шорт үзіліп кей тағдыр түгесілген.
Өміріме өзімнің таңданамын,
Қалмаймын деп қатардан қарманамын.
Бүгінімді өткізсем қиындықпен,
Ертеңіме үмітпен алданамын.
Ұнатамын өмірдің ой - қырларын,
Сауық құрып, сайрандап, той қылғанын.
Өмір керек көлеңке, шуағымен,
Өмір керек!
Басқаныңқойдымбәрін...






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
657
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі