400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

"Мен өмірді сүйемін" тренинг сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал сынып жетекшілер мен өзін өзі тану мұғалімдеріне аса қажет. Себебі бұл тренингті жүргізу арқыла оқушылардың өмірге деген құштарлығын арттырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Тақырыбы: «Мен өмірді сүйемін!» тренинг-ойыны

Тренинг мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау.

Міндеті:

  • Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту;

  • оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;

  • Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу;

  • Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.

Қатысушылар: 8 сынып оқушылары

Жұмыс түрі: топтық жұмыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, арнайы слайд, баяу орындалатын әуен, түрлі-түсті қарындаш, фломастерлер, А4 қағазы, ватман..

Тренинтің барысы:

Сыныпта психологиялық ахуал тудыру.

Сәлеметсіздер ме құрметті қадірлі қонақтар, оқушылар мен ұстаздар!
Оқушылармен амандасып,оларға шар таратып беру.Шар түстері арқылы топқа бөлу.Сол шарды үрлеп ішіне жақсы сөздер мен көңіл күйге толтыру. Енді шарды ауаға жіберу. Шардың ішіндегі барлық жақсы тілектер ауаға таралып сыныптың аурасы өте керемет көңіл күйге бөленді.

Бүгінгі кездесуімізді Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр.Ал, сіздер осы өлеңде ақын ағамыз не жайлы жырлағанын мұқият тыңдап отырсаңыздар.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін
Сәл қайғырса , ол ұғына түседі
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын
Адам күліп қарсы алады таң нұрын
Адам жырлап ұзартады әр күнін
Сәл қуанса , шығарады ол естен
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын!
Бұл өлеңде не жайлы жырлаған ? Әрине, өмір жайында .Ендеше бүгінгі біздің кешіміздің тақырыбы «Мен өмірді сүйемін!» деп аталады.
Көрермендерге сұрақтар:
1. Өмір дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?
3. Өмір адамға несімен қымбат?
Міне осы сұрақтарға сіздердің берер жауаптарыңыз қандай болмақ?
Сөз кезегі өздеріңізде.

Оқушылар өздерінің ойын айтады.

  1. «Екі бақа» туралы аңыз

Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шыға алмайтынына көзі жетіп, қарсыласпай өліп қалады. Ал екіншісі, шыға алмайтынына көзі жетіп тұрса да, арпалысқанның бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бір кезде аяғындағы қаймақ қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді. Балаларға осындай аңызды оқып, талданады. Сонда қиындықтан құтылу үшін, қандай болмасын қимыл, қозғалыс керек екен.  Талқылау

4.Топтық жұмыс.1.-топқа: «Менің арманыма жету жолындағы қадамдарым!»

2-топқа: «Арманыма жету жолындағы кедергілер және жеңу жолдары » Көрініс

3-топқа: «Менің арманымның биік шыңы» Өлең жолымен шығару.

Шағын көрініс қою немесе постер қорғау.

5.Сергіту сәті.

Мұғалім айтқан нұсқаулықты орындау.

1.Бүгін кім ерте тұрды? - Бойымызды жазып керілеміз

2.Танертен кім жұмыртқа жеді?- Кураку деп 3 рет айқайлаймыз

3.Кім балмұздақ жақсы көреді.-? –Орнымыздан тұрып 3 рет айналамыз

4.Кім мысықты жақсы көреді? 3 рет мияу деп айтамыз

5.Спортты кім сүйеді? 3 рет отырып тұрамыз

6.Кім өмірді сүйеді? 3 рет Өмір керемет деп шапалақтаймыз!

6.Жұптық жұмыс.

«Жүректен жүрекке» Оқушылар бір-біріне қарама қарсы отырып бір -біріне 5 жақсы қасиеттерін айтады.

Кері байланыс:

« Инстаграмм» парқшасы

Оқушылар бүгінгі тренинг сабағы ұнаған болса инстаграммның жүрекшесіг басамыз. Маған жазатын хаттарыңыз , лебіздеріңіз болса комменнтарий бетшесіне жазамыз

Бүгінгі тренинг сағатымызды Мұқағали мақатаевтың өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Көтеріп тұрып, құлатады өмір.
Күлдіріп тұрып, жылатады өмір.
Етегің толып еңіреген кезде
Қайтадан өзі жұбатады өмір.
Үмітіңді үзіп, түңіле көрме,
Құлап барып та гүл атады өмір.
Үп еткен желге дірілдей берме
Шыдамдылықты ұнатады өмір-дей келе алдағы өмірлерің тек жарқын болсын болсын
деймін!





























«Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беру мектебі» КММ








Тренинг сабағы



Тақырыбы: «Мен өмірді сүйемін!»

Сынып жетекші:Кожахметова Нуржамал











2018 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
719
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі