15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Мен өмірді сүйемін!» тренингі
«Мен өмірді сүйемін!» тренингі
Тренингтің мақсаты:
Өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;
Эмоциялық күйді реттеу;
Байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
«Танысу» жаттығуы
Жаттығу барысы:
Жүргізуші: Ең алдымен таныспас бұрын екіге бөлініп шеңбер жасалған орындыққа отырайық. Қолдарына допты кезекпен ала отырып, өз есімдерін және өз бойындағы үш қасиетін айтады.
Өміршеңдік ережесі
Өміршеңдік ережелерін айтайық.
Жігер деген - Мен
Күш деген - Мен
Махаббат деген - Мен
Кешірім деген - Мен
Құдірет деген - Мен
Жасөспірім деген - Мен 7.Жастық шақ деген - Мен
Денсаулық деген - Мен
Адалдық деген - Мен
Жарқындылық деген - Мен
Бар ғажайып деген - Мен
Хормен: Бәрі маған байланысты, Бәрі менің қолымда.
«Мейірімділік алаңы» жаттығуы
Мақсаты: Өз бойындағы жаман, жақсы қасиеттерін жазу. Іштегі жағымсыз жайттарды сыртқа шығарту. Әр адам сиқырлы жасыл айнасыз-ақ өзінің жақсы-жаман қасиеттерін біледі.
Қатысушылар түрлі түсті қағаздан жасалған гүлге жақсы (+) жақтарын жазады да, тақтада ілінген табиғаттың суреті жасалған үнқағазға әр бала жапсырады. Ал жаман қасиеттерін (-) шоғайнаға арам шөпке жазады да ортада тұрған қоқыс жәшігіне умаждап лақтырып тастайды.
«Менің көңіл күйім» жаттығуы
Балалар өз көңіл күйлеріне сәйкес келетін суретті салып айтады. (Көңілді, көңілсіз, ренжеулі, қорқынышты, .т.с.с.).Сол кездегі өздерінің көңіл күйлерін баяндайды.
«Ақиқат орындығы»
Мақсаты: Оқушылардың қорқыныштары мен күйзелістерінен арылту, ашық болуға шақырту.
Жүргізуші: Алдарыңызда топтың ортасында карточкалар жиыны тұр. Енді сендер кезекпен ортаға шығып, аяқталмаған ойлары бар парақшаларға жауап берулеріңді сұраймын.
Парақшадағы сөйлемдер
Ең үлкен қорқыныш – бұл...
Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
Мен ренжимін, егер...
Мен ұмытпаймын, егер...
Маған көңілсіз, егер...
Егер маған дауыс көтерсе, мен...
Мен қарсыласқанда...
Егер мен сенімсіз болсам...
Жүргізуші: Сөйлемді аяқтағанда сіз қандай сезімде болдыңыз? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне талисмандар ойлап табатын. Бүгін біз өзімізге қолдау ойлап табамыз.
«Іздестіруді жалғастыр» жаттығуы
Ойыншылар шеңбер бойымен отырады. Бір ойыншыны бөлмеден шығуды қалаймын. Қалған оқушылар бір затты тығады. Содан кейін бәрі
«Жалғастыр, Жалғастыр, Жалғастыр!» деп өлеңдетіп айтады. Бөлмеден шыққан ойыншы қайтадан бөлмеге келеді де тығып қойған затты іздей бастайды. Егер де ойыншы зат тығылған жерден алысқа кетсе бәрі өлеңді қатты айтады, ал егер де жақындаса бәрі ақырын айтады. Тығылған нәрсе табылғанша ойынды жалғастырамыз.
«Күн шуағы»
Балалар «Мен өмірді таңдаймын» деп отырып өмірге деген құлшыныстарыңды біздің мектеп оқушыларына үндеу ретінде жолдайық. Әр қайсымыз өз ойларымызды мына күннің тұсына ілейік. Күн - денсаулықтың, қуаныштың, жылылықтың белгісі. Ал сендер мемлекетіміздің болашағысыңдар. Республикамыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Бұл сөз жоғары сезім, құлшыныспен айтылса да, шындығын да мемлекетті құрайтын адам, ал ертеңгі күні сендер әрқайсың әр мамандықтың иесі боласыңдар, белгілі бір қызмет атқарасыңдар.
«Сыйлық» жаттығуы
Мақсаты: Оқушыларды өмірге деген ынтасын арттыра отырып адамдарға, қоғамға керектігін сезіндіру (ата-анасына, туыстарына, достарына т.б.).
- Әр бала өзінің кімге керектігін айтады.
Өзі жақсы көретін адамға қимыл мен ым арқылы қасында отырған оқушыға сыйлаған затты көрсету керек, ал көршісі затты алып алғыс білдіре отырып қабылдайды.
«Кездесу» ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама-қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.
«Атомдар мен молекулалар» жаттығуы
Әр қатысушы - жеке атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады.
Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып , қатысушыларға доп беріледі Допты бір-біріне кезектесіп беріп , есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.
Қоштасу: «Шырақ» жаттығуы
Қоштасуға май шамды алған себебім жарық деген, әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтанда алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек.
Біздің жаттығуымыз аяқталуына жақын қалды. Мен сендердің осы тренингкке қатысқандарың үшін ризамын. Мен сендермен жұмыс жасағаныма қуаныштымын. Ал қазір май шамды жағамын .
Енді бір-бірімізге жылы сөзімізді айтып май шамды береміз.
«Сенің өмірің осы жарық сияқты әрқашан жарық болсын!»
«Сенің өмірің осы жарық сияқты жылуы болсын!»
«Сенің өмірің осы жарық сияқты жан-жаққа сәулесін төгіп тұрсын!»
«Сенің өмірің жарыққа толы болсын. Рахмет»
«Сенің өмірің осы жарық сияқты әрдайымжанып тұрсын, ешқашан сөнбесін!»
«Сенің өмірің осы жарық сияқты жарқын болсын!»
«Сенің өмірің жарық сияқты нұрланып тұрсын!»
Сіздердің өмірлеріңізде осы жарық сияқты жап-жарық ашық болсын. Ешқашан сөнбесін!!!!!
Тренингке қатысқандарыңыз үшін мың алғыс. Сау саламатта болыңыздар!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген