15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мен өмірді сүйемін.Тренинг
Тренинг тақырыбы: «Мен өмірді сүйемін»
Тренинг мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау.
Міндеті: - Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту; - оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге,рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажыратаотырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету; - Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу; - Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.
Қатысушылар: 8-9 сынып оқушылары
Жұмыс түрі: топтық жұмыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, арнайы слайд, баяу орындалатын әуен, түрлі-түсті қарындаш, фломастерлер, А4 қағазы, ватман, гүл шоқтары.
Сабақтың барысы: Ұйымдастырушылық кезең
Кіріспе сөз. Психолог сөзі. Қайырлы күн! Құрметті әріптестер және қымбатты оқушыларсіздерді көргендерімізге қуаныштымыз!Бүгінгі тренинг-ойын сабағымыздың тақырыбы «Мен өмірді сүйемін!». Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа» өмірде адамдардың бір - бірімен сыйластықта болуы керек. Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады.Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынанөткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қақтығыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білукерек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты. Олай болса, бүгінгі тренинг-ойынымыз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын
Сыныпты екі топқа бөлеміз.
Бірінші топ – «Болашақ», екінші топ «Бақыт».
1.«Мен және өмір» жаттығуы
Нұсқау: - Балалар, бәріміз ортаға шығып, жылылық шеңберін құрайық. Оқушылар шеңберге тұрып, мысалы «Мен, Айбол өмірде бақыттымын» дегендей өмірге байланысты сөз тіркестерін айтады.
2. «Өмір» жаттығуы
Шарты: тақтадағы «Өмір» деген сөзге ассосация жасай отырып, әр әріпті жеке-жеке талдау.
Мысалы: өмір-өзен, өмір-мейірім, өмір-ірге тас, өмір-рахат. Өмір- өзен... Өмір-м... Өмір-і... Өмір-р...
3.«Екі бақа» туралы аңыз Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шыға алмайтынына көзі жетіп, қарсыласпай өліп қалады. Ал екіншісі, шыға алмайтынына көзі жетіп тұрса да, арпалысқанның бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бір кезде аяғындағы қаймақ қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді. Балаларға осындай аңызды оқып, талданады. Сонда қиындықтан құтылу үшін, қандай болмасын қимыл, қозғалыс керек екен.
4. «Сенімділік» жаттығуы
1.Мен кіммін, жан-жақты ерекшеліктерім. Оқушылар жағымды және жағымсыз ерекшеліктерін тізбектеп шығады. Оқушыларға бос ақ парақтаратылады .Сол парақты теңдей етіп екіге бөлу
ұсынылады. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп, бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін, екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазуы керек. Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып, жағымсыз қасиеттерін жыртып, қоқыс жәшігіне салады. Мысалы:Жағымсыз ерекшеліктер: Менің жылай салатын жаман қасиетім бар. Жағымды ерекшеліктер: Мен кішіпейіл қасиетіме ризамын, т.б.
5.Топтық шығармашылық жұмыс
І топқа тапсырма : «Менің балалық шағым» тақырыбына коллаж жасау.
ІІ топқа тапсырма: «Менің қазіргі шағым» тақырыбына сурет салу.
Екі топқа ортақ тапсырма: «Мен болашақта өзімді қалай елестетемін?» тақырыбына өздерінің шығармашылық қасиеттерін пайдалана отырып,
берілген түрлі түсті қағазды қиып, ақ парақа желім арқылы жабыстыру,
сурет құрастыру, қорғау.
Талқылаусұрақтары: Тапсырманы орындау қиын болды ма? Берілген тапсырма бір адамның ойымен ғана шықты ма?
Немесе топ мүшелерінің ойы бір жерден шыға алды ма?
6. «Би терапиясы» жаттығуы
Нұсқау: Алдын ала дайындалған ақ плакатка адамның табанының суреттері салынады, екі түрлі түспен.
Ортаға екі қатысушы шығып, музыкаға ілесе отырып, өз табан іздерінен шықпай билеуікерек. Қандай сезімде болдыңыздар?
Музыка мен би біздің сезімімізге әсер ете алады ма?
7. «Ойланып көрейік» жаттығуы.
Мақсаты: Өміртуралы ұғымдарын дамыту. Нұсқау: Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңдер:
Адам не үшін өмір сүреді? –
Үлгілі отбасын құру үшін. - Білімалу үшін. - Қоғамға және өз ортасына пайда келтіру үшін. –
Үлкен дәулетке қол жеткізу үшін. –
Өзін өзгелерге таныту үшін.
Өмірден өз орнын табудеген не? –
Жоғары атаққа ие болу. –
Материалдық дербестік және мол дәулетке жету. –
Тату және берік отбасын құру –
Адал достар көп болу. –
Өзі сүйген адамының сүйіктісі болу.
Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек? –
Еңбекқор, адал, әділ болу –
Қабілетті, дарынды болу. –
Өзін және өз мүмкіндіктерін жақсы білу. -
Қорытындылау: Екі жұлдыз бір тілек.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген