жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мен өмірді таңдаймын
Тренинг тақырыбы: «Мен өмірді таңдаймын»
Тренинг мақсаты: өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу, байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Оқушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру.
Тренинг не үшін керек: Жастарды мықты өмір бейнесіне дағдыландыра отырып, өмір сүру заңдылықтарын ескеру, студенттердің өз бетінше шешім қабылдауға, өздерін және қоршаған ортасын танытуға және қарым-қатынасты дұрыс орнатуға көмектесу.
Қатысушылар: бірінші курс студенттері.
Уақыты: 14:00
Формасы: ашық.
Құрал-жабдықтар: компьютер, мультимедиялық проектор, аудио баспа, суреттер, т.б.
Әдістер мен техникалар: Танысу жаттығулары, ойын және разминкалық жаттығулар, қорытынды жаттығулар, рефлексиялық сұрақтар.
Бүгінгі күнде «тренинг» түсінігінің нақты бір анықтамасы жоқ, сондықтан бұл термин психологиялық практикада әр түрлі іс-әрекеттердің, әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылады.
«Тренинг» термині (ағылшынның train, training сөздерінен) оқыту, тәрбиелеу, жаттықтыру, үйрету сияқты бірқатар мағынаға ие. Мұндай көп мағыналық тренингтің ғылыми анықтамасына да тән. Ю.Н.Емельянов тренингке іс-әрекеттің кез-келген қиын түрін игеру мен оқыту қабілеттілігін дамыту әдістерінің топтамасы деген анықтама береді.
Ресейлік психологияда тренингті оқытудың немесе әлеуметтік-психологиялық тренингтің белсенді тәсілдерінің бірі деген ұғым кең таралған. Л.А.Петровская әлеуметтік-психологиялық тренингті «өзара қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттілік пен тәжірибені дамытуға бағытталған әсер ету құралы», «қарым-қатынаста жеткілікті дамыту құралы», «психологиялық әсер ету құралы» ретінде қарастырады.
- Сіздер тренингтің ағылшынның «Тот Райн» - ойын, жаттығу деген сөзінен шыққандығын, яғни сабақ емес екендігін білесіздер. Бүгінгі топтық психологиялық тренинг тәжірибелік-психологиялық әдіс ретінде, коррекцияның негізгі құралы ретінде де қолданылады. Мақсаты әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін, жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. Сондықтан тренингке барлықтарыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын.
«Адам – өмір,
Өмір – адам».
Өмір жолында кездескен қиыншылық – уақыттың сатысы, әуелі қорқыныш, күйзеліс, қиналыс содан соң күрес одан кейін ояну, көңілдену өмір сүруге
үміттің болуы толық жеңіске әкеледі. Өмірге деген құштарлығымызды оятады. Құштарлық бар жерде өмір сүру бар, талпыныс бар.
Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде адамдардың бір - бірімен сыйластықта болғанына не жетсін! Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен. Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын.
1. Сәлемдесу:
Барлық қатысушылар дөңгеленіп отырады. Әр бір қатысушы бір-екі сөзбен өзін таныстырып, бүгінгі көңіл-күйімен бөліседі. Мысалы: «Менің атым Кундукова Маншук Тлеуғазықызы. Мен – психологпын. Бүгін көңіл-күйім өте тамаша!»
2.
«Ойланып көрейік» жаттығуы.
Мақсаты:
Өмір туралы ұғымдарын дамыту.
Уақыты:
5 минут
Нұсқау: Төменде берілген
сұрақтарға жауап таңдап алып,
дәлелдеңдер.
(қатысушылар іштей екі
топқа бөлінеді).
Адам не үшін өмір
сүреді?
-
Үлгілі отбасын құру үшін.
- Білім алу
үшін.
- Қоғамға және өз ортасына пайда
келтіру үшін.
- Үлкен дәулетке қол
жеткізу үшін.
- Өзін өзгелерге таныту
үшін.
Өмірден өз орнын табу деген
не?
- Жоғары атаққа ие болу.
-
Материалдық дербестік және мол дәулетке
жету.
- Тату және берік отбасын құру
-
Адал достар көп болу.
- Өзі сүйген
адамының сүйіктісі болу.
Өмірде үлкен
табысқа жету үшін адам бойында қандай
қасиеттер болу керек?
- Еңбекқор,
адал, әділ болу
- Қабілетті, дарынды
болу.
- Өзін және өз мүмкіндіктерін
жақсы білу.
- Адамдармен тіл табыса
білу.
3. «Менің өмірім...» жаттығуы. Бұл жаттығу сұрақ - жауап түрінде өтеді. Яғни, біздің сүріп жатқан өмірімізге қатысты сұрақтар. Мәселен, күнделікті қарап жүрген киноларымызға, қызығушылық танытатын компьютерлік ойындарымыз жөнінде болмақ.
Сұрақтар:
1.
Қандай теле сериалдарды білесің?
2.
Қандай компьютерлік ойындарды білесің?
3.
Сәнге айналып жатқан ұялы телефондар
мен оның түрлері.
4. Компьютердің
түрлері.
5. Қазіргі өмірде қандай
затсыз өмір сүре алмаймын деп ойлайсың?
4.«Айдар тағу» жаттығуы. Біз сіздерге айдар таққымыз келіп отыр, яғни өз өнерлеріңізді көрсетулеріңізді сұраймыз. Қазақта «Өнерлі болсаң, өнерің тасысын» деген сөз бар. Сондай - ақ, қазіргі таңда жастардың бойынан біздер күтпеген, біздер білмейтін өнер түрлері кездесіп жатады. Сол сияқты сіздерден де сондай бір біздер көрмеген, білмейтін өнерлеріңіз болса, ортаға салсаңыздар (Әр топ оқушысы өз өнерлерін көрсетеді).
5. «Қарлар» ойыны
Оқушыларға барлық жаман, негативті энергияларын екі қолдарына шоғырландыру сұралынады. Әрбір оқушының алдында тұрған газет беттерін қолдарына алып, оны бар күштерін сала отырып, ең кішкентай дөңгелекке дейін умаждап салады. Бұл ойын да оқушылардың бойындағы қорқыныш, алаңдау сезімін біршама түсіруге өз септігін тигізеді.
6. Ұжымдық жұмыс: Ойлануға арналған «Сыр сандық» ойынының шартын таныстырам. Мен сұрақтарды оқимын. Сіздер әр сұраққа 2-3 оқушы жауап беруі керек. Барлығы 10 сұрақ.
Ойынның шарты: Біз бір-бірімізді жақын тану үшін барлығыңа «сыр сандықты» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «сыр сандықтағы» аяқталмаған сөйлемді өз сөзімен аяқтайды.
1. Ең үлкен қорқыныш – бұл...
2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
3. Мен ренжимін, егер...
4. Мен ұмытпаймын, егер...
5. Маған көңілсіз, егер...
6. Егер маған дауыс көтерсе, мен...
7. Мен қарсыласқанда...
8. Егер мен сенімсіз болсам, онда...
9. Маған ұнады, себебі...
10. Егер, мен шаршасам...
– Сөйлемді аяқтағанда, қандай сезімде болдыңдар? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз.
7. «Күлкі «К» витамині» жаттығуы. Бұл тренингте 2 топ «Мен таңдаған өмір...» тақырыбында 3 әзілден көрсетеді. Әр адам ережесі- өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік ережелерін айтайық.
1. Жігер деген-Мен
2. Күш деген-Мен
3. Махаббат деген-Мен
4. Кешірім деген-Мен
5. Құдірет деген-Мен
6. Жасөспірім деген-Мен
7.Жастық шақ деген-Мен
8. Денсаулық деген-Мен
9. Адалдық деген-Мен
10. Жарқындылық деген-Мен
11. Бар ғажайып деген-Мен
Хормен: Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.
8.“Алақан” тренингі
Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым –қатынасты орнату.
Уақыты:10минут
Көрнекілігі: ақ парақ, қарындаш.
Жүргізілуі: әр топ мүшесі өзінің алақанын ақ параққа түсіреді. Алақан бейнесінің ортасына өз аттарын бас әріппен жазады. Кейін ол өз алақаны бейнеленген қағазды көршісіне береді, ол көршісі парақтағы бейненің бір саусағына алақан иесінің жақсы қасиеттерін жазып, суретті әрі қарай жалғастырады. Парақ қағаз өз иесінің қолына тигенде тренинг аяқталады. Тренинг аяқталған соң әр топ мүшесіне өз алақаны таратылып беріледі.
9. “Еркін бала” тренингі
Мақсаты: Бұл жаттығу қатысушыларға басқалардың алдында қысылмауға мүмкіншілік береді.
Сонымен қатар би терапиясын дамытуға көмектеседі.
Уақыты: 30 минут.
Жүргізілуі: Балалар үлкен шеңбер жасап отырады. Олардың арасынан бір бала ортаға шығып билейді. Оның қимылы қиын болмауы керек. Жүргізуші бір минуттан соң ол баланы отырғызады да, оның орнына, яғни ортаға басқа қатысушыны шығарады. Осылайша әр бала өз еркімен ортаға шығып, 1-2 минут болса да, өзінің биін билеп ойын жалғаса береді. Ойын соңында бәрі бірге шығып, би билеп көңіл көтеруге болады.
Төменде берілген жағдаяттарды сіздер қалай шешер едіңіздер. Осы баланың қабылдаған шешімі дұрыс деп ойлайсың ба? Дәлелде.
10. Жағдаяттар:
1. Ата-анасы ішімдікке салынған. Үйінде өмір сүруге жағдай жоқ, қара нан мен қара шайдың өзі сирек кездеседі.
2. Ата-анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейді. Өлімнен басқа жол жоқ деп ойлайды.
3. Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалады. Шешімі қоштасу болады.
4. Қыз бен жігіт ғашықтық қарым-қатынаста болды, кейін қыз оның досымен танысты. Олардың арасында махаббат сезімі пайда болды. Жігіт соны біліп өте күйзелді, себебі ол бір уақытта досынан және ғашығынан айырылды. Содан оның өмір сүргісі келмеді.
Жауабы:
1. Осы балаға берер кеңесіміз өмірден түңілмеуі керек, әке-шешесінің жолына түспеу керек. Осы өмірдің бір қадамы болуы керек. Өзінің бар өмірі алда екенін түсініп, өзінің әке-шешесіне ермей, өзінің жақсы өмір сүруіне талпыну керек. Егер әр адам басына түскен қиыншылықты жеңе алмай, өз-өзіне қол жұмсаса, адамзат әуелі құрып кетер еді.
2. Ата-анасынан айырылған адамдар қазіргі заманда өте көп. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген сөз бар. Ол өзін ешқашан жетім деп санамауы тиіс. Бұл да өмірдің бір сынағы. Басыңды тік көтеріп, тек қана алға қара. Қиындықтың бәрін өліммен шешуге болмайды. Өзіне жақын адамдарды таба аласың, сондықтан еңбек етіп, өмірде өз орныңды тап. Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!»
3.Ол бала өмірдің қызығы тек киініп, ішіп-жеу деп ойлайды. Біз оған өзіне жақын дос табуына тілектеспіз және өзін-өзі бағалай білу керек. Өмір үшін қандай да болса қиындыққа тәуелді болмай күресуі керек.
4. Қыз бен жігіт оның бәрі уақытша нәрсе екенін түсіндіру керек. Қызын тартып алған жігіт ол дос бола алмайды. Қыздың қылығы ол да жекккөрушілікті тудырады.
Сергіту сәті.
Әрбір күн – таңертеңнен басталады. Біз ойнауға тиіспіз. Бұл үшін мен келесіні ұсынамын – мен сендерге көрсетемін, – ал сендер менің артымнан қайталайсыңдар «көбелек» жаттығуы».
Таңертең көбелек оянды, тартылды,
Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,
Азғана айналып, барлығына күліп,
Қайта гүліне оралды.
12.
«Оның есесіне мен...» жаттығуы.
Барлық
қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері
бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді
әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
- Мен
бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне
..... .
- Мен шаршадым, оның есесіне
...... .
- Мен жақсы билей алмаймын, оның
есесіне .... .
- Мен көп үндемейтін
адаммын, оның есесіне .... .
- Мен көп
ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... .
-
Мен жұрттың бәріне құрметті бола
алмаймын, оның есесіне ... .
- Мен еден
жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... .
-
Мен Үндістанда болған жоқпын, оның
есесіне .... .
- Мен пәлендей батыл
емеспін, оның есесіне ..... .
- Мен өзім
туралы көп ойламаймын, оның есесіне......
.
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның
есесіне..... .
- Мен соншалықты сымбатты
емеспін, оның есесіне .... .
- Мен тым
толықпын, оның есесіне.... .
- Менің
аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... .
-
Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне
... .
- Менің жазуым әдемі емес, оның
есесіне ..... .
13. «Сиқырлы таяқша» жаттығуы.
Сиқырлы таяқшаны бір-біріңе ұсына отырып, адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді айтып шығайық
Жағымды |
Жағымсыз |
Мейірімділік |
Өтірік айту |
Жан ашу |
Өшпенділік |
Сыпайылық |
Кек сақтау |
даналық |
Тіл алмау |
Әр жағымсыз қасиеттің өзінің жақсы жағы болады. Мысалы: сараң адам ол – үнемшіл.Төбелесу – біреуге қол ұшын беру. Енді осы жағымсыз қасиеттердің де өзіндік жақсы жақтары болады, соны айтайық.
14.
«Теңізге саяхат» релаксациялық
жаттығу.
Бұл
медитативтілік техника денедегі қысымды
түсіруге бағытталған, музыкамен
орындалады.
Жүргізуші.
Жайланып
отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең
демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз,
денеңізді ауырлап бара жатқандай және
оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай
сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде
тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз
жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір
теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз
барқалыпты дем алып, асау толқандары
жағаға соғылып, қайтадан кейін
қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын
естіп, толқындарға қызыға қарап,
жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып
тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан
бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің
рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз
төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң
аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне
отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың
жанына келдіңіз, толқындар сіздің
аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі
жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап,
басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі
мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді
өбуде, теңіз толқындарының тамшылары
сіздің денеңізді баурап алғандай.
Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек
дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді
кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз,
секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз
келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут
ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге
рұқсат етіңіз.
Сіздің қайтатын
уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың
басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт
сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды
айтыңыз. Көздеріңізді асықпай
ашыңыз!
Қандай
сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?
Ой – толғаныс.
Тренингтің басталуында сіздерге күн, гүл, жапырақ бейнесіндегі жапсырмалар берілген. Енді осы белгілер бойынша ата-анаға, оқушыға, ұстазға өз ұсыныстарыңызды ой-пікірлеріңізді жазуыңызға болады. Жазған пікірлерін тақтаға іле отырып, әдемі бейне шығарады.
15. «Тілек шамы» жаттығуы.
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу. «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Қорытынды.
Қалтарыс, бұлтарысы мың сан қабат,
Қызық өмiр, ақырын тұрсаң қарап.
Бiреулердiң еңбегi еш, тұзы сор боп,
Бiреулердiң бақыты жүр сорғалап.
Қызық өмiр, кiм бiлсiн, сонысымен,
Аласы мен құласы, торысымен.
Тағдыр түрлi болғанмен, өмiр бiреу,
Ұнатамын өмiрдi сол үшiн мен.
Ұнайды өмiр ынтымақ, күресiмен,
Құр қалмайды ешкiм де үлесiнен.
Өлiп-талып жеткенде бақытына,
Шорт үзiлiп кей тағдыр түгесiлген.
Өмiрiме өзiмнiң таңданамын,
Қалмаймын деп қатардан қарманамын.
Бүгiнiмдi өткiзсем қиындықпен,
Ертеңiме үмiтпен алданамын.
Ұнатамын өмiрдiң ой-қырларын,
Сауық құрып, сайраңдап, той қылғанын.
Өмiр керек көлеңке, шуағымен,
Өмiр керек!
Басқанын қойдым бәрiн!
Мен
өмірді сүйемін!
Өмір мені қолдайды!
Өмірім
өз қолымда! – деген өлең жолымен бүгінгі
тренинг - сабақты аяқтағым келіп отыр.
Келесі кездескенше , қош, сау болыңыздар!
Жетістікке жету жолында
а) Өз потенциалыңды біл.
Сен кімсің? Сенің ең маңызды ерекшеліктерің қандай? Сенде өзіңді шектейтін нендей күштер бар? Саған күш – жігер беретін не? Сен не нәрсемен шабыттана аласың? Сен басқа адамдарға қарағанда қандайсың? Өзгелерден не айырмашылығың бар? Басқалардың қолынан келмейтін іс істей аласың ба? Бойыңдағы потенциалыңды толығымен пайдалана аласыңба? Нендей астамшылықтарың көзге түседі? Мақсатыңа жетуің үшін не істеуің керек? Қай тұстарда күштісің? Басым қабілеттерің қандай? Қай тұстарда әлсізсің? Қандай кемшіл қабілеттерің бар? Өзіңе пайдалы жақтарың мен залалды жақтарың қайсысы? Сезімдеріңді қайтсең жүгендей аласың? Болған істерден сабақ алу үшін анализді қалай жасауың керек? Іс - әрекеттерің өмірлік ұстындарыңмен үйлесіп жатыр ма? Нендей жауапкершіліктерің бар? Өзің істей алатын істерді қаншалықты орындап жүрсің?
Әркім өз потенциалын білу және оны мүмкіндігінше толық пайдалана алу үшін осы сұрақтарға жауап іздегені абзал. Әр адамның бойында сыры ашылған – ашылмаған көптеген қабілеттері, шамасы келетін – келмейтін тұстары, яғни, белгілі бір потенциал күші болады. Бұл күш қаншалықты пайдаланылса, адам соншалықты жетістіктерге жетеді. Адамның іші тұнып тұрған қазына ғой, шіркін. Тек соның көзін таба білу керек-ақ.
Сократ: «Өзіңді өзің таны, сол арқылы әлемді танисың»,-десе Қожа Ахмет Яссауи: «Өзіңді танығаның – Алланы танығаның», - депті. Қабілеттер, мүмкіншіліктер, күш-жігер пайдаланылмай құр іште қалып кетсе немесе аз мөлшерде қолданылса, ол қазынаны таппағаның, өзіңді өзің тізгіндегенің болып табылады. Сен өзіңді таны, біл және өзіңді таныт, білдір. Ол үшін мына қағидаттарды орында:
1. Өзіңе тест жаса.
Кісі өзін толық таниды дегенмен келісуге болмайды. Егер өз жан-дүниеңе үңілмесең, мінез-құлқыңа қарамасаң, іс-әрекетіңе мән бермесең, қандай адам болғаның? Адам өмір сүруден бұрын өзін тануға тиіс. Өзін білмеген адам өмір сүріп жарытпайды. Сен өзіңді білгің келсе, тест жаса. Өз-өзіңе сауалдар қойып, оған жауап қайырып көр. Оны да жазба түрде жасасаң, кім екеніңді жақсы танисың. Жалпы сұрақтарың мынадай болсын:
Өмірлік пәлсапам не?
Өмірге не үшін келдім, не үшін кетемін?
Өмірімнің мәні мен маңызы қандай?
Нендей жетістіктерім болды?
Нендей сәтсіздіктерім болды?
Нендей қателіктерім болды?
Нендей салғырттықтарым болды?
Басқалар мен туралы қандай пікірде?
Сырт көзге қандаймын?
Ұнатып-ұнатпайтындықтарым нелер?
Психологиялық ахуалым қандай?
Ойлау, сөйлеу, шешімге келу қабілеттерім қандай дәрежеде?
Өмірімді қаншалықты бағындыра аламын?
Келешекке деген көзқарасым қандай?
Қиындықтар кездескенде не істеймін?
Өмірде қаншалықты бақыттымын?
Өмірдегі алған бақытымды қайтсем өзгерте аламын?
Өмірде не болғанын қалаймын?
Қандай мүмкіншіліктерім бар және оларды қалай пайдалана аламын?
Өмірден қандай сабақ алдым?
2. Өзіңе шектеу қойма.
Адамдағы ең бір жаман қасиет - өз-өзіне шектеу қоюы. «Мен бұны істей алмаймын», «Мен онымен сөйлесе алмаймын», «Мен бастыққа кіре алмаймын» деген сияқты алдын ала тон пішулер адамды үлкен жетістіктерден алыстатады. Сен жоғары оқу орнына түскің келеді емес пе? Бірақ «Түсе алмаймын»,-деп, артқа тартқыншақтайсың. Түсе алмайтыныңды қайдан білесің? Әрине, сен де бұған орынды сұрақпен жауап қайтаруың мүмкін: «Түсетінімді қайдан білесің?» Демек, екеуі де белгісіз. Бірақ белгілі бір нәрсе бар: ол – емтихан қорытындысы. Олай болса, осы емтиханға кіріп, өзіңді сынауға тиіссің. Сынаққа әлі де болса дайындалып, одан сүрінбей өтуге мүмкіншіліктерің бар. Ендеше сол мүмкіншіліктеріңді пайдаланып көр.
3.Өзіңді мойындат.
Қолыңнан іс келетінін өзіңнен басқа ешкім білмесе, тот басасыңда қаласың. Қабілетің жойылады да, керексіз боласың. Өйткені сені өзгелер мойындаса ғана, сен сондайсың. «Мені жұрт білмейді, өйтпесе мен ананы да, мынаныда істей аламын ғой»,-дегенің ақылдылыққа жатпайды. Сені жұрт танымаса, оған кінәлі - өзің. «Өзім қанша мықтыны мойындадым, Енді өзімді соларға мойындатам»,-деген кезде Мұхтар Шаханов нені ойлады дейсің? Бұл - өзінде бар потенциалдың сыртқа шығу дәрежесін мойындату еді. Қайраткерлер арасында елге танымалдары неге санаулы ғана дейсің? Әрине, әркім өзін мойындата алмағанынан. Демек, ел сені мойындаса, жетістікке жеткенің.
4. Сезіміңді сыйла.
Сенің сезімдерің қандай? Әлбетте, бұны білетін сен ғана. Біреу біреудің сезімін қайдан білсін және оны қайдан түсінсін. Сондықтан өз сезімдеріңді өзің сыйламасаң, оны өзге ешкім сыйлай қояды деп ойлама. Сезіміңді баладай аяла, әкедей құрметте. Өйткені адамды билейтін – осы сезім. Сезім деген алданыш, оған алданбау керек дейді кейбіреулер. Бірақ сезім деген адамның жан дүниесі емес пе? Сезімсіз адам болғанба? Адамның ішкі потенциалы осы сезімде жатыр. Оны сыртқа шығара алатын да осы сезім. Сондықтан сезіміңді сыйла.
Сезімді сыйлау мен сезімге берілу – екеуі екі басқа нәрсе. Сен сезімдеріңнің не екенін біл, бірақ оған берілме. Сезім сені соқыр махаббатпен де алдайды, соқыр билікпен де алдайды. Сезімге берілсең, соқыр боласың. Бірақ оны тұншықтыруға болмайды. Өйткені оны тұншықтырғаның - өзіңді өзің өлтіргенің. Онда не істеу керек? Адамды шабыттандыратын да осы сезім емес пе? Сезім қағазға түсу керек. Бұл өлеңмен болама, қара сөзбен болама, бәрібір. Міне, сезіміңді сыйласаң, оның өшпеуін қаласаң, осылай істе. Алыста жүріп анаңды сағынғанда, сағыныш сезіміңді хатқа түсірмейсіңбе? Қорқынышты күндер мен үрейлі түндердегі аянышты сезімдеріңді де дәптерге түртіп қоясың. Бір күні қойын дәптеріңді ашып, осы сезімдеріңмен сырласасың, керек жерінен үлгі аласың.
5. Әдетке айналдыр.
Сенім, білім және тәжірибелеріміз ой – санамызға әсер етеді. Ой – санамыз іс - әрекеттерімізге жиі қайталанса, әдетке айналады. Әдеттеріміз мінез – құлқымызға сіңіп, өмірімізге өзгеріс әкеледі. Мысалы, кітап оқуды әдетіне айналдырған адамның ғұмыры мен құмар ойнауды әдетіне айналдырған адамның ғұмырын байи түссе, екіншісінің ғұмыры кедейлене түседі.
Демек, іште көмулі жатқан потенциалдың тек жақсыларын ғана әдетке айналдыру керек. Бір данышпан: «Біздер - әдеттенген әдеттеріміздің құлдарымыз. Ендеше жақсы иелер иеленейік» , - деген екен. Олай болса иеміз жақсы болсын десек, жақсы әдеттерге үйір болғанымыз дұрыс.
6. Құндылықтарыңды таны.
Әр адамның өмірде мән берген маңызды, құнды, бағалы нәрселері болады. Бұл дүниелер олар үшін өмірінің тірегі, жүрегінің нәрі, ғұмырының оты болып келеді. Өйткені бұлар адамның көңіліне сая, жүрегіне тыныштық, жанына еркіндік орнатады. Сенің де жарықта шуақ, қараңғыда шырақ етер өмірлік маңызы зор құндылықтарың болуға тиіс.
Бұл құндылықтар әуелі сенің ішіңде үлкен орын алғаны рас. Іштей сүйсіндің және оларға зор құрмет таныта бастадың. Уақыт өте оларды қаншалықты жоғары тұтсаң, өміріңнің соншалықты маңыздана түсетінін аңғардың. Ал осыдан ары қарай сен қалай әрекет еттің?
Егер құндылықтарың кей жағдайлармен сенен қамқорлық көрмей қалған болса, онда өміріңнің маңызын жоғалтқаның. Егер қандай жағдай болмасын құндылықтарыңа адалдық танытсаң, онда өмірлік пәлсапаңды өрістеткенің. Сен өз құндылықтарыңа мән бер, оларды аяқ асты етпе, ішіңде көмулі қалып қоймасын, жан – дүниеңді рақаттандыратындай ғұмырыңа азық ет.
Ән «Өміріңе немқұрайлы қарама»
Өмір – сенің жарқылдайтын аспаның,
Өмір – сенің сарқылмайтын дастаның.
Қиыншылық түскен кезде басыңа,
Дәл бүгінгі қорған болсын қалқаның.
Қорытынды:
Өмір деген тұрады:таң мен кештен,
Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.
Құпия, жұмбақ, сырлы дүниеге,
Адамдар Армен келіп, Армен көшкен.
Өмір деген екі өзен: Мұң - қуаныш, Толқыны:
Шындық - Жалған, Күлкі - Намыс.
Бір таяздап өмірде, бір тереңдеп,
Бір лайланып, өмірде бір тұнамыз.
Күн десең де, тірлікті түн десең де,
Өмірде өсімдіктей бүрлесеңдер,
Жолында жолығатын қос тағдыр бар:
Жусан - Жантақ, гүл - Тікен, гүл мен Шеңгел.
Өмір дәмі, екі дәм: Ащы - Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ - Қатты.
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.
Өмір дәмі - екі дәм: улы – усыз,
Тірлік татып жатады шулы - шусыз.
Кез келіп тағдырына келеді Адам,
Жұмыр Жер құрлығында сулы - сусыз.
Қолға түспес дүние жұрт таласқан,
Кітап - Өмір парағын құнттап ашқан.
Сезінер жүрегімен, жаныменен,
Өмір әр кез ашық Күн, Бұлт та басқан.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген