Материалдар / Мен өмірді таңдаймын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен өмірді таңдаймын

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Жеке тұлғаның дамуындағы қарым-қатынасты жақсартуға бейімдеу және қазіргі кезде депрессиялық жағдайлардың алдын-алу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2021
386
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тренингтің тақырыбы: «Мен - өмірді таңдаймын»


Мақсаты:

  1. Жеке тұлғаның дамуындағы қарым-қатынасты жақсартуға бейімдеу және қазіргі кезде депрессиялық жағдайлардың алдын-алу. Әр қатысушының ішкі құндылығын тұлғалық қасиетін ашып, бағалауға үйрету. Махаббат, адамгершілік, мейірімділік, жауапкершілік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, рухани адамгершілік нәрімен сусындату.

Міндеті:

А) Адамгершілікті терең сезінуге, адамдарға қуаныш сыйлый білуге баулып ықпал ету.

ә) Жанында жүрген аяулы адамдардың бар екенін ұғынуға көмектесу.

Б) Өмірге келген соң борыш пен парызға адал болуға тәрбиелеу.


Көрнекіліктер:

Рухани-адамгершіліктер тақырыбында плакаттар, суреттер, нақыл сөздер.

«Өмір ағашы», «Күн-тіршілік көзі», «Алақай кемпірқосақ» плакаттары.

Слайд – шоулар, әуен «Ризамын».


  1. Кіріспе сөз. «Табиғат тамашасы». Армысыңдар, құрметті ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер бүгін біз психологиялық қызмет «Мен - өмірді таңдаймын» тренингке шақырып отырмыз.

Өмір-қатал, көтермейді ойынды,

Ұқпайды да кейде ізгі ойыңды.

Тағдыр жолың жіңішкелеу өмірде,

Жаман аттан аулақ ұста бойыңды.


Адам өміріндегі тағы бір қиын жағдай – ол жалғыз қалу немесе жалғыздық. Өмірде қиналған адамды «Мен жалғызбын, мен ешкімге керек емеспін» деген сияқты ойлар мазалайды. Ол адамдарда көбіне жанның қатты ауыруынан және стрестік жағдайларда болады.

Олай болса, мұндай жаман істен бойымызды да, ойымызды да аулақ салғанымыз дұрыс. Себебі, сен жалғыз емессің. Сенің ата-анаң, достарың, ұстазың, сыныптастарың бар. Қай уақытта болмасын бұлттан кейін жадырап күн шығады. Әр уақытта мұңаюдан кейін қуаныштың болатынына сенуің керек. Әркімнің өмірі әртүрлі соқпақ кедергілерге кездесіп отырады. Осы жолда өзіміздің өмірімізді қымбат бағалап, жат қылықтан бойымызды аулақ салайық.

Тренингтің өткізілу барысы:

  1. «Өмір ағашы» бейнеленген плакатқа, стөл үстіндегі жатқан жасыл жапырақтарды қиып алып, оған адам көңілін жақсартып, өсіретін сөздерді жазып, ағашты безендіреміз. (мыс: айналайын, бәрекелді, көп жаса т.б.)

  2. «Күн-тіршілік көзі» бейнеленген плакатқа ата-аналарды шақырамыз. Стөл үстіндегі жатқан сары қағаздардан күн шуақтарын қиып жасұрпақты тәрбиелеуде өмірге, тіршілікке сенім білдіретін сөздерді жазып ілесіздер. (мыс: жауапкершілік, мадақтау, талап ету т.б.)

  3. «Бұлттан кейін күн немесе кемпірқосақ» бейнеленген плакатқа, стөл үстінде жатқан әр түсті қағаздардан жүрекшелерді қиып, кемпірқосақ бейнесін жасау. Ол жүрекшелерге өмір туралы ұстанымдар жазып ілу керек. (мыс: өмір-бұл күрес, өмір қымбат, өмір сынақ т.б.)

Қорытынды: Әрбір безендірілген плакатқа оқушылардан, ата-аналардан бір спикерден шығып, безендірген суреті жайлы түсіндіріп өтеді.


Қорыта келгенде адам бойында екі сәуле пайда болады екен. Ол ақ сәуле және қара сәуле. Ақ сәуле адам бойында басым болса, жақсылықпен мейірімділік көп жасалады. Ал қара сәуле басым болса, жамандықты көп жасайды екен. Сондықтан бойымызда ақ сәулені басым ұстап, ешкімді ренжітпеуді, ренжітсек кешіре білуді басты мақсат етіп қояйық. Өмірдегі болып жатқан нәрселерге екі жақты көзқараспен қарап, бір-бірімізге кешірімді, мейірімді, иманды бола алсақ біз мына өмірге ризамыз.

Музыка жетекшінің сүйемелдеуімен төмендегі әнді қатысушылар барлығы бірлесе айтады.


Өлең

Ризамын бүгінге

Ризамын бүгінге

Ризамын бүгінге

Ризамын қазірге!!!

Ризамын, Ризамын, Ризамын бүгінге-3 рет

Ризамын, Ризамын, Ризамын қазірге-1 рет.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!