Материалдар / "Мен өмірді таңдаймын"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мен өмірді таңдаймын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
869
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қоныс орта жалпы білім беретін мектебі



























Өткізген: Майхина Н.М









2017 – 2018 оқу жылы

Тренинг мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау.

Психолог: Өмір туралы ойланбайтын жұмыр басты пенде жоқ. Бірақ ешкім де сол ойының түбіне жеткен емес, бір пікірге келген емес. Әркім өмірді өзінше түсінеді, өзінше бағалайды, өзінше одан ғибрат алады. Біреу оған риза, біреу одан мұлдем түңілген. Біреу өмірді мәңгі күрес, айтыс- тартыс деп бағаласа, енді біреу сыры мол, мәні терең құбылыс деп сезінеді. 
Қысқасы, «өмір» деген ұғым бар да, өмір сүретін адам да бар, ол туралы ортақ пікір жоқ, әр алуан көзқарас, әр алуан көзқарас, әр түрлі түсінік. Бірақ қалай болғанда да, өмір адамның жарық дүниеде, жер бетінде көрер аз күндік қызығы мен рақаты, не азабы мен қасіреті, жақсы- жаманға үйрететін мектебі, алар тәлім- тәрбиесінің көзі болып саналады. 
Адам баласының бойына тән, болмысына біткен парасаттылық пен пендешілік, даналық пен надандық, биіктік пен пәстік, өрлік, өжеттік пен ынжықтық, дарындылық пен дарынсыздық, жомарттық пен сараңдық, азаматтық пен тоғышарлық сияқты екі ұдай қасиеттердің бәрі де біреуде мол, біреуде кем, сол безбенімен өлшенер қасиеттер. 
Әрбір адам өмір сүруге құқылы. Өмірдің қайғысы мен қуанышы, бейнеті мен зейнеті бірге жүреді. Өмір сонысымен қызық, сонысымен тәтті. Сондықтан «қайғының артында қуаныш бар, бейнеттің артында зейнеті бар» деп, келер күнге үмітпен қарап өмір сүру керек. 
Жағылды ма жүрегімде жаңа шам, 
Ойлаумен өтеді ылғи оңашам. 
Армандаймын: ұлы еліме сүйікті, 
Жақсылықтар жасасам деп орасан 

1. Амандасу  түрлері
Ол үшін,  сыныптың ішін еркін аралап жүреміз. « Бір-бірлеріңе жақындандар» дегенде өздеріңе жұп табасыздар. Содан кейін мен, сіздерге тапсырма беремін. Бастайық!
Енді, бір-бірлеріңе қол алмасыңдар, жақындасындар-аяқ-аяғымызды, қол қолдарымызбен, иық-иықтарыңызбен,бет-беттеріңізбен,мұрын-мұрындарыңызбен амандастырамыз. (жақсы,өте тамаша!)
Ендеше,осы жақсы көңіл-күйімізбен орнымызға жайғасайық.

Олай болса,мен бүгінгі кездесуімізді Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр. Ал, сіздердің міндеттеріңіз осы өлеңде ақын  ағамыз не жайлы жырлаған  мұқият  тыңдау.

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.
Сәл қайғырса,ол ұғына түседі,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап ұзартады әр күнін.
Сәл қуанса,шығарады ол естен,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

Осы өлеңде не жайлы жырлаған?
Әрине,өмір жайында. Ендеше бүгінгі біздің
тренинг сабағымыздың тақырыбы  «Өмір сен маған қымбатсың!»-деп аталады.

Сұрақ:
Ал,балалар «өмір» деген сөзді қалай түсінесіндер?
Өмірдің мәні неде?
Өмір адамға несімен қымбат?
Ал,бақытты қалай түсінеміз?
Бақыт адамға не үшін керек?
Бақытқа жету үшін адамға не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Қандай адамды «Басына бақ қонған» деп айта аламыз?
«­­Өмір» мен «Бақыттың» айырмашылығы неде?

Ендеше  сіздер  қалай  ойлайсыздар, жалпы  бақытты дүкеннен сатып алуға бола ма?
-Елестетіңіздерші, бүгін
 біздің  дүкенге бақытты әкеліпті. Ол бір қорапқа салынған.
-Ол қораптың сырт пішіні, яғни түсі қандай деп ойлайсыңдар?
-Бақыттың иісі қандай?
-Ол жылы ма,әлде салқын ба?
-Бақыттың дыбысы қандай?
-Бақытты адамды қалай танисыңдар?
-Өздеріңіз
 қандай уақытта бақытты боласыңдар? Ол үшін не керек?
- Олай болса,тақтаға қарап,ойланыңдар. Бақытты
  болу  үшін ең  алдымен  не  қажет?

Ақша         Бақыт       Компьютер        Тәтті кәмпит     Түсінушілік

Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайына байланысты.

Бақыт дегеніміз-өмірді өз орнында,өз қалпында шамасы келгенше үлгілі өмір сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Өмірдің кедір-бұдыр  жерлері толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Оларды именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін адал атқару мен ар-намысты қорғау-ол да бақыттың бір шыңы. Ештеңеге  мойымай, өзіңе  сенімді  болсаң, міне  сол  бақыт. Қиындықты жеңсен-бақыт.

«Бақыт»-ол адамның ішкі дүниесіне байланысты. Кейбір адамдар, бақытты тәтті шоколад жепте сезінеді. Ал, кейбіреулері спортпен шұғылданып сезінеді. Әр адам өзіне ұнайтын іспен шұғылданса,  сонда бақытты болады.

Олай  болса,  өте жақсы балалар. Өмір мен бақыт жайында жақсы біледі екенсіңдер. 2. 2. Ситуациялық жағдайлар

Олай болса, бізге екі жасөспірім өз қиындықтарымен бөліскісі келеді екен, соларды тыңдап өз ақылымызды қосайық.

1)     Мені сыныптастарым,жақсы оқығаным үшін,көп білгенім үшін ұнатпайды. Мен ВУЗ-ға түскім келеді. Бірақ,менің отбасымның жағдайы жоқ. Әкем жұмыссыз,анамның денсаулығы жоқ. Менің болашағым жоқ. Маған қалай көмектесе аласыңдар?

Талқылау.
2)
     Менің әкемнің жеке тікұшағы бар. Ол бизнесмен. Біз шылқыған баймыз. Бізде бәрі бар. Бірақ, мен өзімді бақытсыз сезінемін. Достарымда аз, ата-ананың жылулығы жоқ. Мен бұл байлықтан шаршадым. Бұған төзе алмаймын. Не істеймін?

Талқылау.
Осы балалардың ойлаған қылықтары дұрыс па?
Қандай кеңес айтасыңдар?

Өзім: Адам өзге тұрмақ,өзінен  жасырар ойы болады. Әркімнің өз тілегі өзінде,қайғысы да қабырғасының астында. Бірақ адамның ең басты қасиетінің өзі-туған күнінен бастап жалғыздықпен күресіп,арпалысуы,ізденуі болмақ. Әйтпесе шын мәніндегі жалғыздық түпсіз қара түнек,шыңырау,ауыр жүк. Сондықтан адам баласы туа салып айқайлап жылап,қасына адам жинайды,анасын іздейді. Дос іздейді. Махаббат іздейді. Қоғамнан өз орнын,тіршіліктің мақсатын іздейді. Өмірдің өзі ақ пен қарадан,ауыр мен жеңілден тұрады. Барлық қиындықты жеңсек-өмірдің мәні,адамның ұлылығы болмақ.

Ендеше,осы екі жасөспірім біздің кеңесімізді тыңдап,жақсы мақсат қойып,өмірлері мәнді де,мағыналы болады деген ойдамыз.

3.. «Сиқырлы қобдиша» ойыны

Қазір біз жақсы бір ойын ұйымдастырайық. Тапсырманы орындау үшін қобдиша керек, оның ішінде айна болады. Қатысушы оқушыларға көздерін жұмуды ұсынамын. Қазір сіздер мына қобдишаны бір-бірлеріңіздің қолдарыңызға бересіздер.Әр оқушы қолына келген қобдишаны ашып, ішіне қарайды. Оның ішінде кішкентай сиқырлы өзеннен сіздер жан-жақты және қайталанбайтын бейнені көресіздер және оған күліп қарауларыңыз керек. Барлық оқушылар қобдишаға қарап болған соң сұрақ қоямын: Сіздер жан-жақты және қайталанбайтын деген сөзді қалай түсінесіздер? Жан-жақты, қайталанбайтын бейне кім болып шықты? Сіздер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сіздерге қалай қарады?

Қорытынды ой-түйін. Әр адам жан-жақты және қайталанбайтын бейне. Сондықтан, өмірімізді дұрыс көзқараспен, сыйластықпен қарым-қатынас жасауымыз керек. Өзін және басқалардың өмірін жоғары бағалап, бар болмысымен қабылдай білу, бір-бірімізге шыдамдылықпен, сыйластықпен қарай білу - біздің айналадағы әлеммен үндестікке өмір сүруіміздің бірден бір кепілі. Ал айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болу – жетістікке жетудің, жеке тұлға болып кемелденуіміздің алғышарты және маңызды ереже.

4. «Эмоциялар теңізінде»

  • Дәл қазір қандай сезімдесіздер?

  • Тағы қандай сезімдерді білеміз?

  • Жақсы сезімдерді сонан соң жаман сезінулерді айтайықшы. Жақсы сезімдерді айтқанды, өзімізді қалай сезіндік? Жаман сезімдерді айтуда қалай болды?

  • Ал енді бойымызды билеген жаман сезінулерден, қорқыныштан арылайық. Қолымызды, денемізді, аяқтарымызды сілкіп-сілкіп тастаймыз. Бәріміз бірігіп хормен

«Өмір қандай тамаша!  Өмір маған қымбат!  Менің өмір сүргім келеді.    Мен өмірді таңдаймын!»  –   деп айтамыз.

"Оптимист кемшіліктен құндылық іздейді, пессимист құндылықтан кемшілік іздейді" депті бір данышпан. Бақытқа жетер баспалдақтың алғашқы сатысы да әркімнің дүниені тануында жатса керек...  «Жақсы сөз - жарым ырыс» деген қазақ, жақсылықты көре білу, әр жағдайдан жақсылық тауып, шығар жол таба білу де – тектіліктің, ерік-жігерліліктің көрінісі болса керек.

5.“Өзіммен - өзім”

Сәл өзімізбен өзіміз болайық.
Тынышталып, еркін тыныс алып,
Көзімізді біраз жұмып, жайлап дем алайық.
«Мен өміріме ризамын, себебі ең бірінші өзімнің бар екендігіме осы дүниеде өмір сүретіндігіме қуанамын. Мен өміріме ризамын, себебі өзімді дүниеге алып келген ата - анам бар, олар мені жанындай жақсы көретіндігіне сенімдімін. Мен өмірге ризамын, себебі достарым
бар. Мен өмірге ризамын. Әсем табиғатты жерімнің барына, күннің
әдемі шуағына, таңымның арайлап атқанына. Мен өмірге ризамын,”Еліміздің тыныштығына, денімнің саулығына,”Егеменді елім, туған жерім барына. Мен өмірге ризамын, өмірде бар болғаныма!»
Енді осы тренингтен алған әсерлеріңізбен бөліссеңіздер. Қандай күйде болдыңыз? «Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау» дегім келеді.

6. «Мен өмірді қолдаймын» деген жазуы бар плакатқа қатысушылар қолдарын бастырып, өз аттарын жазып қояды.

Өмір деген тұрмайды: қап-қарадан

Өмір деген тұрады:  Ақ-қарадан.

Ақ-қара. Екі арасын ашып өтіп,

Арамен өз бақытын тапқан адам

 Өміріме өзімнің таң қаламын,

Қалмаймын деп қатардан қамданамын.

Бүгінімді өткізсем қиындықпен,

Ертеңіме үмітпен қамданамын.

Біз бақыттымыз, себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз!

Қорытынды: 
Адам баласы өзін-өзі танып, жинақтаған тәжірибесін ақылға салып, жүрек жылуымен іс жүзінде пайдалана білгені абзал. Басқа адамдармен өзара сайластық, сүйіспеншілік, түсінушілікпен қарым-қатынас жасай білу ізгілікке жеткізеді. Өз бойыңдағы адамгершілік қасиеттерді дамыту арқылы адамның қоршаған ортаға деген көзқарасы орнығады, еліне қызмет етуге бейімделеді. Жақсылыққа үйір болу, жамандықтан аулақ жүру- өміріңді қуанышты, табысты өткізуге игі әсерін тигізеді. 
Қиындықпен күресіп, соның тұсында өсіп, жетілген кезеңде өзіңді адам сезінесің, өзіңе – өзің құдайсың. Өмір барлық уақытта жеңіл және әдемі болып келе бермейді. Биікке шығу үшін тырбынып- тырмасуға да, жекпе-жек күреске түсуге де келеді. 
Егер біздің ұмтылыс пен табандылығымыз жеткілікті болса, қандай кедергіні де жеңетінімізге керекті қабілет болады. Осының өзі сізге өзіңізге деген сенімділік әкелуге тиіс. 
Ұнатамын өмірдің ой-қырларын, 
Сауық құрып, сайраңдап той қылғанын. 
Өмір керек көлеңке шуағымен, 
Өмір керек! Басқаның қойдым бәрін 
Бүгінгі «Өмір қымбатсың маған » тренинг кешімізде өмірдің қаншалықты маңызды және қымбат екенін түсіндіңіздер осы түйгенімізді өмірде қолдана білейік.

Жаңа-жаңа мен ұғына бастадым, 
Өмір деген қымбат екен, достарым. 
Өмір – менің жарқылдайтын аспаным, 
Өмір – менің сарқылмайтын дастаным 
Ұлы Абай атамыздың ой қорытындылары әркімнің жадында сақтаулы. Өмір өмір сүру үшін беріледі. Сондықтан да өмірде дұрыс жүріп тұрғанға , сыйласқанға , қоғамға өз үлесіңді қосып, дүниенің бір кірпіші болып қаланғанға не жетсін?! 

Келесі кездескенше сау болыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!