400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мен өмірді таңдаймын" психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мен өмірді таңдаймын" психологиялық тренинг - жоғары сыныптарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен өмірді таңдаймын!

Мақсаты:

Оқушылардың өмірді сүюге, өмірден өз орнын табуға, парасаттылық пен имандылыққа, өмірге құлшыныспен қарауға тәрбиелеу.

Түрі: Тренинг – сабақ, әңгімелесу.

Керекті құралдар: слайд – құндылықтар, жүрекшелер, әуен, даналық сөздер, журналдар.


Психолог:

Жаңа – жаңа ұғына мен бастадым,

Өмір деген қымбат екен, достарым.

Өмір - менің жарқылдайтын аспаным,

Өмір – менің сарқылмайтын дастаным.


Өмір - қасиетті де қызықты ұғым. Өмірді сый ретінде қабылдау керек. Ата – анаң, бауырларың, туыстарың қасыңда. Одан соң сүйікті мектебің, ұстазың, сыныптастарыңмен бірге жайнаған жарқын өмір.... Өмірді қалай өткізу өз қолымызда.


Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек.

Ш. Құдайбердіұлы


Өкінішке дұшар етпейтін істермен ғана айналыс. Өзің білмейтін істен аулақ жүр. Бірақ білуге тиісті нәрсенің бәрін білуге үйрен.

Пифагор


Ұзақ та жемісті өмір сүру құпияларының бірі – әр кеште, ұйытар алдында барлық адамдардан кешірім сұрау.

Эсташ Ленобль


(слайд - құндылықтар)

Өмір – адамның ең басты құндылығы. Адам ең алдымен туылып, өмірге келеді. Сосын өсіп, ер жетеді. Оқып, білім алады. Жора – жолдастар табады. Махабатт сезіміне бөленеді, сүйеді. Тұрмыс құрады. Үй салып, бақытты отбасын құрады. Бақытты ғұмыр кешеді. Осының бәрі – біздің өз қолымызда!

«Мен болашақта кім боламын» жаттығуы

Өзіңді болашақта қалай көресің және кім болып елестетесің? Жауаптарын жүрекшелерге жазу. (ойлануға еки минут )

Сұрақтар

Келешекте өзіңді кім деп көресің?

Қандай қасиеттер сенде пайда болады?

Сен өзіңе не тілер едің?


Психолог: Енді барлығымыз жүрекке назар аударайық. Біз жүрекшелер ілгенге дейін қандай, ілген соң қандай болды? Яғни біздің өміріміз, жүрегіміз әрқашан тек мейірімділікке, адамгершілікке, жақсы қасиеттерге толы болу керек.


Фильм


Сұрақтар

Роликті коргеннен қандай әсер алдыңдар?

Өмір адамға несімен қымбат?

Қорытынды: психолог: қиындықпен күресіп, соның тұсында өсіп, жетілген кезіңде өзіңді адам сезінесің, өзіңді өзің қадірлейсің. Өмір барлық уақытта жеңіл және әдемі болып келе бермейді. Биікке шығу үшін тырысуға, жекпе – жек күреске түсуге тура келеді. Егер ұмтылыс пен табандылық жеткілікті болса, қандай да болсын кедергіні жеңуге болады.

«DrawObject1 Сен қандай адамсың? » - тренинг

DrawObject5 DrawObject4 DrawObject3 DrawObject2



«Квадрат» таңдаған өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.

«Ұшбұрыш» фигурасын таңдаған лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қабілеті басым жандар.

«Тіктөртбұрыш» таңдағандар жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар.

«Шеңбер» осы 5 фигураның ішіндегі өте мейірімді, басқаның қайғысын, қуанышын да бөлуге даяр тұратын жандар.

«Зиг-заг» таңдағандар, шығармашалық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүретін жандар.


Сабақтың рефлексиясы

Мен бұл сабақтан алған тәлімім ...

Маған ұнағаны...

Маған ұнамағаны ...

Менің естігім, білгім, жасағым келгені ...


Өзіңді сүю


  1. Өзіңді сынай берме.

  2. Өзіңді үрейлендіріп, қорқыта берме.

  3. Өзіңе-өзің мейірімді, жұмсақ және шыдамды бол.

  4. Өзіңнің сана-сезіміңе мейірімді болуды үйрен.

  5. Өзіңді мақтауға үйрен.

  6. Өзіңді сүю - өзіңді қолдау екенін ұмытпа.

  7. Өз денеңе күтім жаса.

  8. Өзіңді тап қазір сүй.

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
6 қыркүйек
1040
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі