Материалдар / Мен өмірге "иә" -деймін!

Мен өмірге "иә" -деймін!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға , өмірді бағалай білуге
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Мен өмірге «ия» деймін!

Өмір жайлы сұрай берме сен менен,

Өмірді мен әлі зерттеп, көрмеп ем.

Өмір жайлы білгің келсе, қарттар бар.

Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген,

Өмір жайлы не түсінем мен деген...

Өмір жайлы сұрай берме сен менен.

Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар.

Өміріне кегі кеткен , өлмеген-демекші ,адам баласы үшін ең қымбат нәрсе-өмір екені бәрімізге мәлім. Өмір үлкен жол.Өмірдің мәні адалдық , адамдықта, Өмір арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнамызды тауып, ағу біздің мақсатымыз.

Өмір- мектеп, өмір- кітап.Себебі , шыр етіп дүниеге келгенде біздің ешнәрседен хабарымыз жоқ.Бәрін өмірден үйренеміз.Бізге ата-анамыздан бастап, өмірімізде кездескен адамдардың барлығы біздің мұғаліміміз. Жақсыны да, жаманды да айналамыздағы адамдардан көреміз, үйренеміз. Өмір – кітап, себебі біздің өміріміздің әрбір өткен шағы сол кітаптың бір беті.Өмір , тіршілік бізге берілген сый, оны бағалап әрбір күнімізді қуана қарсы алып, жақсы өткізуміз керек.

«Өмір» қас –қағым сәтте өте шығатын ағынды өзен секілді. Осы өмірде бәріміз бір-бірміздің қадірін біліп, бір-біріне қамқор, қайырымды, мейрімді болуымыз керек. Өмірдің, жақын адамдардың, достармыздың құндылығын сезінуіміз керек.Әрине бізге осындай баға жетпес сыйлаған ең қымбат адамдарымыз, ол біздің ата-анамыз. Бұл өмірде ата-ананың қадірін білу ең бағалы нәрсе.

Ғажайып өмір! Сұлулық пен үйлесімдікті талап ететін тәтті өмір! «Өмір» шынымен де тәтті, ғажап, тамаша! Алайда осы сұлулықтың,, ғажап өмірдің қадірін түсінбейтіндер көп қой. Қайталанып келмейтін, Алланың берген сыйын адамгершілік, имандылықпен неге өткізбеске?! Ғажап өмірді адамдардың неге жақсы көрмейтініне таң қаламын.

Иә, өмір, өмір, өмір...Алла адамға өмірді тек бір рет қана береді, сол арқылы адамның бұл өмірдегі жасаған жақсылығына, адамгершілігіне, кішіпейілдігіне, өзін-өзі алдасада ,өзгені алдамай , адал болса ғана, өмірде шынайы бақытқа жеткізеді. Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен , сәттілік пен сәтсіздіктен, қайғымен қуаныштан құралады. Міне өмірдің өзі біле-білсек сонысымен қымбат.Өмірде бәріде өткінші. Әрине, өмір жолы-даңғыл емес. Өрі де, ылди да жетерлік. Өмірге келгесін артымызға өшпестей із қалдырмасақ та, адамгершілік пен рухани құндылықтарды ұмытуымызға болмайды. Менің бұл өмірде –« білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз».




Өмірден өз түйгенімді мына өлең жолдарымен жеткізгім келеді.

Ей адамзат өтіп жатыр.

Өмірдің уақыт кемесі

Тоқтата алмас ешбір себеп

Уақыт құрғыр шіркінді.

Өмірді сүй, жан тәніңмен

Пайдалан мүмкіндігіңізді.

Бәріміз қонақ,

Бұл өмір сұрақ.

Шешімін тапсақ. Болармыз зор-ақ

Мен –«өмірге - иә деймін!»


Т.Құлыбеков атындағы орта мектеп МДШО КММ

10 ә сынып оқушысы Мұамеджан Ляззат Болатқызы


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі