400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Мен өмірге "иә" деймін

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмірдің қызықтары мен ауыртпалығын қысқаша түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО, Үржар ауданы

«Б. Майлин атындағы орта мектеп-бақша» КММ

Мен өмірге- «Иә» деймін!



Сабақтың мақсаты: 1. Өмір адам баласына бір – ақ рет берілетін өте қымбат сый екенін түсінуге, асыл қасиет адам бойында болатынын түсінуге ықпал ету;

2. Жақсы қасиетке үйретіп, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік сезімдерін дамыту;

3. Оқушылардың өздерін жан – жақты тереңірек ашуына бағыт – бағдар беру, оқушы көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Психологиялық пікірталас тренинг сабақ.

Сабақтың әдісі: Пікір алмасу, ой бөлісу, сөз жарыстыру.

Көрнекіліктер: «Өмір – қымбат сый», «... Әрбір қиын мәселенің шешілетін жолы бар».

Сабақтың барысы:

1. Кіріспе. Психологтың сөзі.

Адамның өзін - өзі тәрбиелеуде асқан шыдамдылық, қиыншылықтарға төзімділік, ерекше ұстамдылыққа машықтануы керек. Ата – ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.  Өмір дегеніміз – арнасы кең дүние. Сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу – басты мақсат.

2. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» психологиялық ойын.

Бұл ойында оқушы алдында екі орындық тұрады. Оқушы өз сыныбындағы бір оқушының немесе ұстазының бойындағы жақсы – жаман қасиеттерін «Алтын орындыққа» немесе «Қара орындыққа» отыру арқылы айтады.

Психолог: Ойын барысында оқушылар «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады», «Егер сені ешкім қадір тұтпаса, мұның себебі өзіңде», «Қызғаншақтық – таяз ақылдың белгісі» деген мақалдарды ұстанды. Адам бойындағы сан түрлі ізгілік қасиеттерді адамгершілік қасиеттермен толықтырып отырсақ, қоғам алдындағы борышымызды ақтаған, өмірге бағыт – бағдар алған болар едік.

3. Жаттығу. «Сөйлемді жалғастыр»

Жақсы өмір – бұл....

Бақытты адам – ол...

Мен адамдардың ..... жоғары бағалаймын.

Менің өмірімнің маңызы менаде....

4. Пікір алмасу. (Оқушыларға сөз беріледі)

1. Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің өніп шыққаны, оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады.

2. Жанұядағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді.

3. Кешірімді болу, кек сақтамау, әділ болу өмірге керекті қағидалар.

4. Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Өмір сүру құқығы адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.

5. Адам бойында жақсы қасиет әр оқушының өз отбасын сыйлауынан басталады.

5. «Өмірге бағыт» байқау тесті.

Ойын шарты: Оқушыларға ұлы адамдар суреттері беріледі. Балалар осы кісілер туралы, оның өзіне үлгі, өнеге боларлық ісі, мінез – құлқы туралы әңгімелейді.

6. Тренинг: «Тірек нүктесі» (Өзі туралы жақсы пікір).

Әр оқушы өзінің жақсы қасиеттерін тіке, сеніммен айтуы қажет. Алайда «бірақ», «егерде», «мүмкін» деген сөздерді қоспай айтуы керек. Оқушы бойындағы аталған қасиеттеріне яғни тірек нүктелеріне, күшті жақтарына түсінік беру міндет емес. Оған сенудің өзі жеткілікті.

7. «Есіміңді бейнеле» суретті тест.

Шарты: Оқушыларға ақ қағазға түрлі – түсті қаламмен өзіне ұнайтын гүлді салу тапсырылады. Нәтижесінде ұқсас лидер жинақталып, барлығы тақтаға ілінеді.

- Балалар, қандай әдемі сурет шықты? Гүлдері ұқсас адамдар мінезі жөнінде де ұқсас болады. Біз ортамыздың гүлі екенімізді ұмытпауымыз керек. Біз әрқашан қуаныш алып келетінімізді білуіміз керек .

8. Оқушыларға кеңес.



9. Қорытынды.

Әр оқушының алған әсерін ортаға салып, бөлісіп, қорытынды жасау. Фотосуретке естелік ретінде түсу.











































 

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
682
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі