Күнтізбелік-тақырыптың
жоспардың
сабақ
жоспары
№_______
Топ
атауы
|
|
|
|
|
Өткізілген
күні
|
|
|
|
|
Сабақтың
тақырыбы
Мен оқитын газет журналдар
Сабақтың
мақсаты:
а)
білімділік: студенттерге қызықты
газет жәрналдар
туралы
ақпарат, тақырыптың негізгі идеясын
ашу, тақырыпқа байланысты сөйлесу
дағдыларын дамыту.
ә)
дамытушылық:
арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін
дамыту;
ой
түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс
істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде
әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру,
ой-өрісін кеңейту.
б)
тәрбиелік:
қазақтың нақыл сөздерін құрметтеуге,
байлығын қорғауға болашақта елімізді
өркендетуге қабілетті, білімді жас
ұрпақтар тәрбиелеу.
ІІІ.
Сабақтың түрі:
жаңа сабақ
ІҮ.
Сабақтың әдісі:
тапсырмалар, сұрақ-жауап
Ү.
Сабақтың көрнекілігі:
суреттер, слайд
ҮІ.
Пәнаралық байланыс:
орыс тілі, тарих, әдебиет
ҮІІ.
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру
ІІ.
Үй жұмысын сұрау
101
-бет 8-тапсырма (авторы: Ж.адамбаева,
Ф.Оразбаева)
ІІІ.
Жаңа сабақ
Сабақтың
тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.
Мен
жаңалықтармен танысамын
Қазір
балалар мен жасөспірімдерге арналған
көптеген журналдар мен газеттер бар.
Олар «Айгөлек», «Балдырған», «Мөлдір
бұлақ» , «Ақ желкен», «Ұлан», «Жыл он екі
ай». Мен бастауыш сынып оқығанда
«Айгөлек», «Балдырған» жазылып, үзбей
оқыдым. Апай тіл, әдебиет пәндерінен
реферат жазуды тапсыратын. Кей кездері
кітапханаға баруға уақыт болмайды. Сол
кезде мен осы журналдарды пайдаландым.
Жоғары
сыныпта «Ақ желкен» журналына және
«Ұлан» газетіне жазылатын болдым.
Олардан жаңалықтарды оқимын. Ақпараттарды
сабаққа пайдаланамын. Кейде кітапханадан
таба алмаған ақпараттарды осы газеттер
мен журналдардан табамын. Мәтіндерге
қоса айқын, түрлі түсті иллюстрациялар
беріледі. Иллюстрациялар мазмұнның
есте қалуына көмектеседі. Әсіресе «Қазақ
тілі», «Қазақстан тарихы» сабақтарына
реферат, баяндамалар жазуыма көп көмегі
тиеді. Журналдың тұрақты айдарлары
қызықты, танымдық материалдарға толы.
Олар қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс
тілі, орыс әдебиеті, жаратылыстану
пәндері, технология, дене тәрбиесі,
тарих пәндерінің мазмұнын толықтырады.
Әр
сандарында ойындар, кроссвордтар,
сөзжұмбақтар, ребустар бар. Мен әсіресе
сөзжұмбақтарды қызыға шешемін.
Осы
газет-журналдардың арқасында мен
көптеген достар таптым, өз ойымды ашық
айтуға үйрендім. Шығармашылықпен
айналысуыма да көмегін тигізеді. Көптеген
талантты балалар өз өлеңдерін ,
әңгімелерін, очерктерін , репортаждарын
жазады. Солармен танысамын.
Мәтіндегі
кейбір сөздердің мағынасын түсініп
алыңдар.
айқын
- яркие
тұрақты
- постоянные
айдарлары
- рубрики
танымдық
материалдар - познавательные
материалы
мазмұнын
толықтырады - дополняет
содержание
1-тапсырма.
Мәтінді түсініп оқыңдар.
Сұрақтарға
мәтін бойынша жауап беріңдер.
Балалармен
жасөспірімдерге арналған қандай
басылымдар бар?
Бастауыш
сыныпта оқығанда қандай журналдарға
жазылды?
Бұл
журналдарды неге пайдаланды?
Жоғары
сыныпта қандай басылымдарға жазылды?
Олардың
көмегі болды ма?
2-тапсырма. Сөйлемдердің
сыңарын мағыналарымен сәйкестендіріңдер.
1.
|
Балалар
мен жасөспірімдерге арналған көптеген
|
оқығанда
«Айгөлек», «Балдырған» журналдарын
жазылдым
|
2.
|
Мен
бастауыш сынып
|
журналдар
мен газеттер бар
|
3.
|
Апай
тіл, әдебиет пәндерінен реферат жазуды
тапсыратын
|
журналына
және «Ұлан» газетіне жазылатын болдым
|
4.
|
Жоғары
сыныпта «Ақ желкен»
|
дайын
кітапхана
|
5.
|
Үйдегі
газет-журналдар
|
жазуды
тапсыратын
|
3-тапсырма.
Мәтіннен бірыңғай мүшелерді табыңдар.
Сол сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
4-тапсырма.
Сөздерді етістіктерімен сәйкестендіріңдер.
Журналға
шешемін
Сабаққа көмектеседі
Есте
қалуына үйрендім
Сөзжұмбақтарды
таптым
Достар
пайдаланмыз
Ойымды
ашық айтуға жазыламын
5-тапсырма.
Мәтіннен бірыңғай мүшелерді табыңдар.
7-тапсырма.
Мәселені шешіңдер. Қазпоштаға барып
анықтау қажет.
Балаларға
арналған қазақ тілді қандай басылымдар
бар?
Олардың
бір саны қанша теңге тұрады?
Жартыжылдық
және біржылдық құны қанша теңге тұрады?
ІІІ.
Қорытындылау
ІҮ.
Үйге тапсырма
108-бет
9-тапсырма (Ж.Адамбаева. Ф.Оразбаева)
Ү.
Бағалау