жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мен өскенде кім болам
Бекітемін_________________
Тақырыбы: «Мен өскенде кім
болам?»
Күні: 22.01.2018ж
Сыныбы:7 «А»
Мақсаты:
Білімділік –оқушылардың білім шыңына талпынуда бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу;
Дамытушылық –жеке басының сапалық қасиеттерін арттырып, кәсіптік бағдар бере отырып, өзін өзі тану аумағын кеңейту,
Тәрбиелік –оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Әдіс- тәсілдері: «Миға шабуыл», психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер.
Көрнекілік: мамандық туралы нақыл сөздер, суреттер, слайд, шарлар.
Барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Негізгі бөлім
3. Мамандық туралы түсінік
4. "Болашақта жоғалып кетуге қауіпі бар 7 мамандық" бейнебаян
5. "Мамандық таңдау маңызды" айдары
6. «Менің таңдаған мамандығым» эссе оқу
7. Ән "Мечтай"
8. «Мамандықты тап» жұмбақтар жасыру
9. «Тізбекті үзбе» ойыны
10. “Ең ,ең жақсы “ойыны
11. Жоба қорғау
12.Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану:
13. Ән "Арманыма асығамын"
14. Қорытындылау
15. Кері байланыс
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Негізгі бөлім
Саламатсыздар ма құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі кешімізге қош келіпсіздер!
Бәріміз де алдымен мынадай «Бұл кім?»« тренингін ойнайық. (Оқушыларға интерактивті тақтада белгілі бір кәсіп иелерінің суреті көрсетіледі, оқушылар сурет арқылы табады .)
— Сіздер қалай ойлайсыздар, жалпы түрде қалай айтуға болады?
— МАМАНДЫҚ
— Дұрыс айтасыңдар. Олай болса тәрбие сағатымызды әрі қарай жалғастырайық
1.«Миға шабуыл»— ой қозғау:
Мамандық дегеніміз не? Әр топ өз ойын айтып, жауап
береді:
Әзір ас жоқ дүниеде
Сабақ өзі оқылмайды,
Көйлек өзі тоқылмайды,
Тұқым өзі себілмейді,
Үйлер өзі салынбайды,
Кендер өзі табылмайды,
Кітап өзі жазылмайды.
Барлық істің батыры – біз,
Екі қол мен ақылымыз.
Осының бәрін кім істейді?
Асты кім әзірлейді?
Сабақты кім береді?
Көйлекті кім тоқиды?
Тұқымды кім себеді?
Үйлерді кім салады?
Кенді кім табады?
Кітапты кім жазады?
- Осы сөздерді бір атаумен қалай атаймыз?
- Мамандық.
3. Мамандық туралы түсінік
«Мамандық» сөзіне анықтама беру. Мұғалім толықтырады
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.
Сынып оқушыларын алдын-ала үш топқа бөліп отырғызылды.
І топқа Болашақта жойылып кетуге қаупі бар мамандықтар
ІІ топқа Заманауи мамандықтар
ІІІ топқа Сұранысқа ие мамандықтар
Әл - Фараби
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Мамандық дегеніміз не?
Оқушылардың пікірлері сұралады
• - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• - адамның болашаққа апаратын жолы;
• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
• - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
• - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол
• - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
-Дұрыс айтасындар олай болса қазіргі заман талабына сай қажетті қандай мамандықтарды білеміз:
1.Заманауи мамандық
2. Ең құрметті мамандық
3.Ең қажет мамандық
4.«Ең ақшалы» мамандық
5. Таңдаған мамандық
4. "Болашақта жоғалып кетуге қауіпі бар 7 мамандық" бейнебаян
5. "Мамандық таңдау маңызды" айдары
Биылғы мектебіміздің 11 сынып оқушылары үлкен өмірге қадам басқалы тұр. ҰБТ -ға қатысып, белгілі бір мамандық иелері болғысы келеді екен соны сыр-сұхбат айдарынан білеміз.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек
6. «Менің таңдаған мамандығым» эссе оқу
7. Ән "Мечтай"
8.«Мамандықты тап» жұмбақтар жасыру
Үлгілерге қараймын,
Үй іргесін қараймын.
Өрнектерді оямын,
Терезесін қоямын. (Құрылысшы)
Елде сақтап амандық,
Емдеп жұртты аман қып.
Қуантады қашан да,
____________ мамандық (Дәрігерлік)
Денсаулығын баланың,
Бенсаулығын ананың.
Денсаулығын қарттың да,
Қамқорлыққа алады.
Бойында шымыр алаулаған жалын,
Жақсылық жайы толғандырған жанын.
Ізгілік үшін бар ғұмырын арнап,
Ойлаумен жүр басқалардың қамын,(Милиционер)
Елім деп соғады жүрегім,
Ұлы Отанның түлегі.
Ол ел –қорғаның, Тыным таппай жүреді (Сақшы )
Қуантады халықты, Асыға оны күтеміз.
Жақсылық хабар әкеліп,
Алыс -жақын туыстан. (Пошташы)
Оқу- білім арнасы,
Кім ол- оның анасы.
Дамытады ол адамның,
Ақыл- ойын, санасын.(Ұстаз)
•
Алатаяқ ұстаған,
• Жол тәртiбiн нұсқаған.
• Өмiрiңдi күзеткен,
• Ысқырығы күштi адам. (Полиция қызметкері)
• Өңкей сығай екi топта,
• Таласып жүр бiр допқа. (Футболшылар)
• Жолының көп азабы,
• Сондадағы тынбайды.
• Жаңалықты жазады,
• Көпшiлiктi тыңдайды. (Журналист)
• Бiлiмнiң жол басшысы,
• Шәкiрттiң қолбасшысы. (Мұғалiм)
• Күмiс қанат, сұңқары,
• Көкке еркiн сүңгидi.
• Бұлттан да тым әрi,
• Кеткен жанды кiм дейдi? (Ұшқыш)
• Өрнектеп, сәндеп,
• Тiгiстерiн бүгетiн.
• Солпысын жөндеп,
• Кiм көйлек тiгедi? (Тiгiншi)
• Қалпағы ақ қарасаң,
• Дәрiгер емес, бiрақ ол.
• Дәм мәзiрiн қаласаң,
• Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)
• Өскен шашты жаратпайтын,
• Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)
• Оның тiккен бұйымы,
• Аяғыңды қаптайды,
• Шыға қалса жұлымы,
• Әдемiлеп баптайды. (Етiкшi)
• Дабылға тез жететiн,
• Жалынға сүңгiп кететiн.
• Қақалса да түтiнге,
• Тайсалмайтын батыл кiм,
• Жасқанбайтын батыр кiм? (Өрт сөндiрушi)
9.«Тізбекті үзбе» ойыны. Қатысушының бірі мамандықты атайды, келесі оқушы аталған сөздің соңғы әрпінен басталатын мамандықты атайды. Мысалы: мұғалім – медбике.
10."Ең ,ең жақсы "ойыны.
Қатысушылар екі командаға
бөлінеді. Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі, оқушылар
берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек.
Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып
табылады.
Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп - бухгалтер, экономист.
Ең жасыл - эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті - аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі - клоун, карикатурашы.
Ең жауапты - сот, бухгалтер.
Ең салмақты - мұғалім, заңгер.
Ең қарым - қатынасы күшті -
бизнесмен
11. Жоба қорғау
12.Психологиялық сәт:
«Психогеометрия»- өзін - өзі
тану:
Оқушылар өзіңе ұнаған
геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура
қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді.
Әрқайсысымыз өзімізді танып
көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық,
еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру,
реттеу және жүйелеу қабілетің баршылық. Сенен үздік администратор
шығады
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу
қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетін,
ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткір ойлылық бар, өз айналаңа
қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер,
нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің
жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары
дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен
қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу
қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы
кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың. Сенен үздік
психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән.
Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді
жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға
оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен
қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда
жоғарыға көтерілуге бейімділігін
бар.
13. Ән "Арманыма асығамын"
14. Қорытындылау: Мамандық таңдаудың 7
қадамы.
Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма
сенемін.
Мақсатыма жеткізер - уақытыма
сенемін.
Достық іспен қасты да - жеңеріме
сенемін.
Ақыл, сана білім мен - өнеріме
сенемін.
Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа
сенемін.
Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!-
дегендей қандай маман иесі болсақ та, ел болашағын ойлайтын халқына
абыройлы қызмет ететін адам
болайық!
15. Кері байланыс
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсеткен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бойынша қазіргі таңнан бастап оқушылардың мамандық таңдауына ата-ана , мұғалім болып дұрыс бағыт бағдар беріп, қолдау көрсетсек болашақта «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының қатары біздің балаларымызбен толығатынына сенемін. Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
Қармақшы ауданы коммуналдық білім беру мекемесі
№ 275 орта мектебі
Тақырыбы: «Мен өскенде кім болам?»
7 "А" сыныбы
Қ.Қорғанбаева
Байқоңыр, 2018ж

