400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

"Мен өскенде кім боламын?"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшадағы орыс тілінде білім алатын балаларға арналған қазақ тілінен технологиялық карта
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тайгушкарова Р.Ж. 27.11.18

Қазақ тілі мұғалімі

ҰОҚ жоспары

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Қазақ тілі»
Тақырыбы: «Мен өскенде кім боламын?»
Мақсаты: Мамандықтардың түрлерімен, олардың атқаратын қызметтерін таныстыру; қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету . Сөздік қорларын байыту.Үлкендердің еңбектерін сыйлауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: Мамандық, тігінші, жүргізуші, дәрігер, аспазшы

Керекті құралдар: Мамандық иелері туралы суреттер


Мотивациялық оятушылық кезең.

Шаттық шеңбер
Қайырлы таң, көздерім!

Қайырлы таң, құлақтарым!

Қайырлы таң, қолдарым!
Қайырлы таң, аяқтарым!

Сендер ояндыңдар ма?

Ия біз ояндық!
Көздерім көріп тұр
Құлақтарым естіп тұр
Қолдарым қол соғып
Аяқтарым топылдатты.

Біз ояндық!

Жарайсыңдар балалар!

Ұйымдастырушылық – ізденушілік кезең.
Суретпен жұмыс.

Мамандық түрлерімен танысамыз.


Фонетикалық жаттығу:

- дық – дық – дық – мамандық

- Дә – дә- дә – дәрі

- Дә- дә – дә – дәрігер

- ші – ші – ші – тігінші

Жү – жү – жү – жүргізуші


Сұрақ – жауап. Схема арқылы жұмыс жасау.

- Дәрігер не істейді?
- Дәрігер адамдарды емдейді.
- Аспазшы не істейді?
- Аспазшы тамақ пісіреді
- Тігінші не істейді?
- Тігінші киім тігеді


(Балаларға сұрақтар қойылып, жауаптары толықтырылады).


Сергіту сәті.

«Кім жоқ?» ойыны.

Балаларға мамандықтар суреті көрсетіледі. Көздерін жұмуды ұсынып, бір суретті жасырады. Қандай мамандық жоқ екенін табады.



Рефлективтік – түзетушілік кезең.


Тіл дамыту.

Әр бала өз әке – шешесінің қайда жұмыс істейтінін айтып береді.
- Қалай ойлайсыңдар, мамандықтардың бәрі қажет пе?
Әр баланың жауабы тыңдалады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
1175
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі