Мен осы мамандыққа лайықтымын!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен осы мамандыққа лайықтымын!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздармен психологиялық тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру мекемесі

«Қызылжар» жббм кмм

Күні:

15.09.2023 ж

Педагог-психолог

Қ.Даулетова

Педагогтар

Қатысушылар саны:

18

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мен осы мамандыққа лайықтымын!

Сабақтың мақсаты:

ұстаздардың кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру. жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу; жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау

Құндылықтарды дарыту

ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, кестелер, үлестірмелі қағаздар, доп

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


І.Саламатсыздар ма, ұстаздар! «Бүгінгі күнімізді жағымды көңіл-күймен бастайық!» (ұстаздарға арналған психологиялық ойын)«Бүгінгі күнімізді жағымды көңіл-күймен бастайық!

Жоғары оқу орнын бітіргендер беттерін түйістірсін!

Вальс билей алатындар құшақтасып амандассын!

Сериалды ұнататындар мұрындарын түйістірсін!

Қызылжар ауылының тұрғындары арқаларымен амандассын!

Тәтті тағамды ұнататындар иықтарымен амандассын!

Педагогтар топқа бөлініп отырады, бір-бірімен амандасады.


Компьютер

кестелер, үлестірмелі қағаздар, доп.











Сабақ басы (13 мин)












Өзін-өзі тану адамды өзін сыйлай білуге, ойын еркін жеткізуге, өмірдің қиын жағдайында дұрыс жол табуға, жеке шешім қабылдауға жəне өз тағдырына жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Э. Хемингуэй: «Əрбір адам қандай да бір іс үшін туады. Жер басып жүрген əрбір адамның өмірде өз міндеттері бар» деп айтқандай, əрбір адам өмірге келгеннен кейін оны артында ізі қалардай мəнді өткізе білуі қажет. Сондықтан да адамның танымы неғұрлым биіктей берген сайын, дүниенің көкжиегі де соғұрлым кеңейе бермек.

І. Сәлемдесу: «Есіміңді атап,өзіңді затқа теңе».

Мақсаты: жайлы шығармашылық атмосфера қалыптастыру.

Барысы: әр қатысушы кез келген затты ойлап, сол заттың орнына өзін ойып,ерекшелігін, пайдасын айтуы қажет. мысалы: менің есімім –Қарлығаш, мен өзімді кітапқа теңеймін. Кітап оқудың пайдасы зор,рухани жан-дүниеңді байытады.

Э. Хемингуэй: «Əрбір адам қандай да бір іс үшін туады. Жер басып жүрген əрбір адамның өмірде өз міндеттері бар»











Әр қатысушы кез келген затты ойлап, сол заттың орнына өзін ойып,ерекшелігін, пайдасын айтуы қажет.








Слайд

 











Ортасы (20 мин)


ІІ. Ал сіз суреттен ненің бейнесін байқадыңыз?

А) Суреттен нені байқадыңыз?
Cуретке қарап, ойланбастан ненің бейнесін байқағаныңызды айтыңыз. Соған байланысты сіздің мінезіңізді анықтауға болады. Көрген суретіңізге сәйкес сипаттаманы оқып, өзіңіз жайлы жаңа сырлар ашыңыз.
Сонымен бұл суреттен сіз мына бейнелерді байқай аласыз:

Ай
Суреттен бірден жаңа туылған айдың бейнесін байқағандарды аса мұқият деп айтуға болмайды. Сіз қызуқандысыз, ойыңызды бірден айта саласыз. Кез-келген мәселенің көзге түсіп тұрған жақтарын байқап, әрі қарай зерттемегенді жөн санайсыз. Бұл сіздің ылғи асығыс болуыңызға байланысты. Болашақта асықпай, мәселенің мән-жайын түсініп алып, шешім жасауға үйреніңіз.
Ақ түсті келбет
Ай емес, адамның ақ түсті бетін байқаған кісінің қиялы жақсы дамыған. Сіз күнделікті үйреншікті шаруаларға креативті қарап, әр күніңізді түрліше өткізуге тырысасыз. Есесіне шаршататын бірсарынды жұмыстан қашасыз.
Қара түсті келбет
Бұл суреттен қара түсті бетті байқай алатындар аз. Егер сіз бірден суреттен қара түсті бетті байқаған болсаңыз, өзіңізді ерекше тұлға деп санай беріңіз. Сіз басқаларға қарағанда ұсақ-түйектердің барлығын байқайсыз. Шығармашылыққа жақын, рухани құндылықтарды бірінші орынға қоятын жансыз.

ІІІ. «Жіпті шешу» ойыны. Қатысушылар топтасып отырады. Әр топқа шиеленіп байланған жіп таратылады. Қатысушылар сол қолдарын артқа ұстап, оң қолдарымен бірлесе жіпті шешулері керек. Кәне, қай жұп жеңімпаз атанады екен?

Қорытынды: Тапсырманы орындау қиын болды ма? Жіпті шешу барысында қандай көңіл-күйде болдыңыздар?

ІҮ. «Грек жаңғағы» жаттығуы.

Барысы: жаттығуды өткізу үшін грек жаңғағы қажет. Жаңғақтың саны қатысушылардың санына сәйкес болуы қажет. Жүргізуші жаңғақты ортаға шашып, әрбір қатысушыға бір-бірден алу ұсынылады. Қатысушыларға қолдарындағы жаңғаққа мұқият қарап,оның құрылысын, жекелеген ерекшеліктерін есте сақтап қалу керектігін айтады. бұдан кейін жүргізуші жаңғақтарды жинап алып, қобдишаға салып, араластырып, ортаға қайтадан шашады. Әрбір қатысушының міндеті – өз жаңғағын табу. Әркімнің жаңғағы өзінің көзіне бірден түседі. Әр жаңғақ өз иесін тапқан соң жүргізуші талдауға көшеді. Кім қалай өз жаңғағын есте сақтады, қандай жолмен оны тапты «белгілі бір ерекшелігіне қарап тапты ма, әлде бәрі алып болғанша күтті ме?) бірінші көзге жаңғақтың бәрі бірдей болғанмен, біраз уақыт жіберіп, мұқият қараса олардың әр түрлі, бірін екіншісімен шатастыруға болмайтынын көруге болады. Оқушылар да сол сияқты әр түрлі, есте қалатындай әркімнің өзіндік жеке ерекшелігі, дарындылығы болады. Бірақ біз оны көре, түсіне білуіміз керек.

Қатысушылар суретке қарап, ойланбастан ненің бейнесін байқағанын айтады. Соған байланысты мінезінің қандай екенін анықтауға болады.








































Қатысушылар топтасып отырады. Әр топқа шиеленіп байланған жіп таратылады. Қатысушылар сол қолдарын артқа ұстап, оң қолдарымен бірлесе жіпті шешулері керек.







Әрбір қатысушы бір-бірден жаңғақты алады.Қатысушылар қолдарындағы жаңғаққа мұқият қарап,оның құрылысын, жекелеген ерекшеліктерін есте сақтап қалу керек.

Сурет















































Жіптер














Грек жаңғағы

Соңы

5 минут






ҮІ. «Қар қиыршықтары» жаттығуы

Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып, ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз.осылай мүмкіндігінше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршықтарын ашып қараймыз. Тапсырма бірдей болса да, әрқайсысымыздың қар қиыршықтарымыз әр түрлі шықты.

Қоғамдағы орнымыз бен рөліміз әр түрлі болса да, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат - бір. Панчатантрадан: « Бiлiм тeк iс арқылы əйгiлeнeдi. «Бiлiм – ағаш, iс – жeмiс» дeгeн сөз бар. Бiлiм иeсi oны пайдалану үшiн iскe жұмсайды, ал eгeр бiлгeнiн iскe асыра алмаса, oнда бiлiмдi адам бoлып саналмайды».

Психологиялық тренингті қорытындылай келе, С.Торайғыровтың

«Жақсылық көрсем өзімнен,

Жамандық көрсем өзімнен.

Тағдыр қылды дегенді,

Шығарамын сөзімнен...» демекші, жақсылық жасау да, жамандық жасау да өз қолымызда.

«Ақылды адам өзгенің жақсылығын көреді, ақымақ адам өзгенің жамандығын көреді» деген халық даналығын ескере отырып, біз, педагог мамандар баланың тек жақсы жақтарын, яғни дарындылығын көріп, оның дамуына ықпал ете білейік!.


Қатысушылар жүргізушінің нұсқауымен ақ қағазды алып, ортасынан бүктейді. Соңында әдемі қар қиыршықтарын ашып қарайды.








Ақ қағаздар









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.12.2024
204
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі