15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мен осындай баламын
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім саласы:әлеуметтік
Бөлімі:Өзін-өзі тану
Тақырыбы:Мен осындай баламын.
Мақсаты: «адамгершілік»сөзінің мағынасын түсіндіру.
Міндеттері:1.адам бойындағы жақсы қасиеттер туралы түсініктерін бекіту.
2. Қоршаған ортамен адамгершілік қатынас жасау тәжірибесін қалыптастыру,
3. Қазақстанның нағыз азаматы болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.
Сөздік жұмыс: адамгершілік,жақсы адам
Билингвальді компонент:жақсы адам-хороший человек
Кезеңдер |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Есеп+ |
Есеп- |
Кіріспе бөлім
|
Кіп-кішкентай болсам да, Мен тәртіпті баламын. Үлкендерді мен сыйлаймын, Бәрін де жақсы көремін! |
-бірге қайталайды.
|
|
|
Негізгі бөлім
|
Әңгімелесу: А.Меңжанова «Болайықшы осындай» Жақсы бала еңбекшіл, Ер азамат болады. Қиындықты жеңіп кіл, Құшағы гүлге толады. Еңбекшіл осындай Болайықшы,досым-ай. -Өлеңдегі бала қандай бала екен? -Сендер өздеріңді қандай баламын деп ойлайсыңдар? -Адамның қандай істері оның жақсы екенін көрсетеді? -Айналасындағыларға көмектесетін адамды қайырымды деп айта аламыз ба? Жағдаяттарды талдау: а)Самат ертеңгісін топқа келгенде тәрбиешіге,достарына бір сөзді айтуды ұмытып кетті.Ол қандай сөз? Б)Топтағы бөлме гүлдерін суғарамыз деп Айгүл мен Айжан байқаусызда гүлдің бір бұтасын сындырып алды.Ертеңінде оны байқаған апай: «Балалар,мына гүлді кім сындырды?»-деп сұрады... -Сендер Айгүл мен Айжанның орнында болсаңдар,осы сұраққа қалай жауап берер едіңдер? В)Сәуле ойыншықтарын жинап қойып еді,Аслан оны қайтадан шашып тастады. Сәуле мен Асланды қандай балалар деп айтуға болады? Сергіту сәті: Достар бірге жүреміз, Бірге ойнаймыз,күлеміз. Бірге балық аулаймыз, Міне,біздер қандаймыз! Дәйексөз: «Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен». Ғажайып сөздер: -Мен жақсы баламын. - Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.
|
-өлең жолдарын тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
-жағдаяттарды шешеді.
-өлең жолдарын қимылмен көрсетіп отырады.
-сөздерді естеріне түсіріп қайталап айтады. -сұрақтарға жауап береді. |
|
|
Қорытынды бөлім |
-Балалар,бүгін нені үйрендік? -Жақсы,еңбекқор бала қандай болады? -Бүгінгі істі ертеңге қалдыруға бола ма? -Қамқор бала қандай бала? Жүректен жүрекке: балалар шеңберге тұрып құшақтасып, бір-біріне жасаған қамқорлығы,сыйлаған қуанышы үшін алғыстарын білдіреді. Мысалы: Ойыншықтарды бөліскенің үшін рахмет! Көмектескенің үшін рахмет!
|
-сыйқырлы сөздер айтады.
|
|
|
Қолдана алады:«достық,қамқорлық,жақсылық» туралы түсінік алу.
Түсінеді:«достық,қамқорлық,көмек» ұғымдарының құндылығын түсіну.
Қабылдай алады: жаңа сөздерді меңгеріп алу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген