15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мен осындай баламын
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті
Организованная учебная деятельность
Күні / Дата: 13.03.2019ж.
Білім беру саласы / Образовательная область: «Коммуникация»
Бөлім / Раздел: Сауат ашу.
Тақырып / Тема: «Сөйлемге схема құрату»
Мақсат / Цель: Л дыбысымен таныстыру. Құрамында Л дыбысы бар сөздерді талдау. Л дыбысын дұрыс дыбыстап, оның таңбасын,
әріпін таныстыру. Л дыбысы бар сөз, сөйлем құрату.
Міндеттер / Задачи: Л дыбысымен таныстыру. Құрамында Л дыбысы бар сөздерді талдау. Ойын арқылы тілдерін, ой-өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Полилингвальды компонент / Полилингвальный компонент: «Дыбыс», «Звук», «Sound».
Көрнекті құралдар / Наглядные пособия: Слайд, жұмбақтар, сурет-схем, қызыл, көк, текшелер.
Әдіс –тәсілдер / методы и приемы: Әнгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, жұмбақ.
Технологиялық қамтамасыз ету / Технологическое обеспечение: Ноутбук.
|
Тәрбиешінің әрекеті |
Баланың әрекеті |
Есеп |
|
+ |
- |
|||
Кіріспе бөлім Вводная часть |
Жылулық шеңбері: -Балалар қәнекей бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын бір-бірімізге жылы лебізімізді білдіріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлайықшы. Бақыт деген осы шаттық шеңбері Қол ұстасып тұрайықшы, кел бері Бақыт деген көрмей қалса сағынып, Мен іздейтін адал жүрек сендегі. |
Жылулық шеңберге тұрып, тілектер айтады.
|
|
|
Негізгі бөлім Основная часть |
-Балалар бүгін бізде сауат ашу оқу іс-әрекеті. Біз өткен оқу іс-әрекетінде қандай дыбыспен танысып едік есімізге түсірейікші. -Дұрыс айтасыңдар. (Р-дыбысын тақтаға ілу) -«Р» дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз дыбыс па? -Дұрыс айтасыңдар. -«Р» дыбысын қандай текшемен белгілейміз? -Балалар, дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар? -Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар, жауабын шешуге маған көмектесіңдер.
|
-«Р»дыбысы
-«Р»дыбысы Дауыссыз дыбыс -Р дыбысын көк текшемен белгілейміз.
|
|
|
Негізгі бөлім Основная часть |
-Дыбысты естейміз, айтамыз. -Әріпті көреміз, жазамыз. «Мә-мә»деген әні бар Секірер ор, жары бар Селтеңдейді құлағы Секіргіш бір жануар Ол не екен балалар?
-«Лақ» сөзін айтып көрейікші -Балалар «Лақ» сөзінде бірінші қандай дыбыс естіп тұрмыз? -«Л»дыбысын айнаға қарап тұрып қайталайықшы -«Л» дыбысы қалай айтылып тұр? Кедергімен бе, әлде кедергісіз бе? -Дұрыс, тіліміз тісімізге тиіп Дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр. -Өте жақсы, олай болса «Л» дыбыс қандай дыбыс екен? -«Л» дыбысы дауыссыз дыбыс болса онда оны қандай текшемен белгілейміз? -Балалар мынау «Л» дыбысының әріп таңбасы, мынау баспа түрі, ал мынау жазба түрі.
Тіл ұстарту жаттығулары: 1.Ла,ла,ла-бұл әдепті бала, Лу,лу,лу-біздің Нұрай сұлу. 2.Ра-ра келді ара Ла-ла араның усті ала. -дұрыс, балалар л-дыбысы сөздің басында ортасында аяғында да кездеседі. - Мысалы: лақ сөзінде л дыбысы сөздің басында келеді ал, бал сөзінде сөздің аяғында , балапан сөзінде сөздің ортасында келеді.
1. Тапсырма «Дыбыстық талдау» Лақ, тал. ( үстел-үстінде)
|
-Лақ.
-лақ
-Л-дыбысы.
-Л дыбысы кедергі мен айтылып тұр.
-Л-дыбысы дауыссыз
-Көк түсті текшемен
Балалар бірнеше рет қайталайды
-балалар сөздерді қайталайды
-Балалар текшемен белгілейді. Дыбыстық талдау жасайды.
|
|
|
Негізгі бөлім Основная часть |
2.Тапсырма. (Жаңылтпаш жаттау)-Балалар, «л»-дыбысына жанылтпаш айтайық (барлық баламен) «-Ләйлік лайға лайланды, Лайланған ләйлік, лайда отырып жайланды.» (Сыбырлап, орта дауыспен, қатты дауыспен айтқызу) Жарайсыңдар.
Дәптермен жұмыс: Қарындашты дұрыс ұстап, жазу кезіндегі отыру ережесін еске түсіріп, нүктелерді бастыртып жаздырту. Дәптердегі үлгіге қарап «л» - дыбысын баспа түрін жазады
Сергіту сәті: Жалт-жұлт етіп лақ, Жағалайсың бұлақ, Секірем деп бірақ, Қала көрме құлап. (2рет) |
Балалар жаңылтпаш айтып тілдерін жаттықтырады. сыбырлап, орташа, қатты айтады
Дәптердегі тапсырманы орындайды.
Сергіту сәтін орындайды.
|
|
|
Қорытынды блім Заключи-тельная чсть |
-Балалар біз бүгінгі оқу іс-әрекетінде қандай әріппен, қандай дыбыспен таныстық? -Л дауысты ма әлде дауыссыз ба? Неге? -«Дауысты-дауыссыз» дыбыстар ойыны -Балалар, қолдарындағы көк, қызыл түсті дөнгелек-таяқшалармен дыбыстарды ажыратып береді. -Жарайсындар балалар, осымен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз.
|
Л әрпімен - Дауыссыз. -Өйткені кедергімен айтылады.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Л л дыбысы мен әрпі туралы түсінді.
Игереді: Дауысты - дауыссыз дыбыстарды бір - бірінен ажыратуды, л дыбысы дауыссыз дыбыс екенін.
Меңгереді: сұраққа жауап беруді, баспа түрде жазуды .
Толтырған тәрбиеші:
Заполнила воспитатель:_____________________________________________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген