Ахметкалиева
Қарлығаш Кенесбековна- Өскемен қаласы
әкімдігінің
«№6
орта мектебі» КММ нің – математика
пәнінің мұғалімі.
Шығыс
Қазақстан облысы, Өскемен қаласы.
Тәрбие
сағаты оқушылар бойына «Қазақстан –
менің Отаным, оның мен үшін жауапты
екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын»
деген қарапайым ойды сіңіре білуге
жағдай жасайды. Тәрбие сағаты барысында
оқушылар пікірлесе отырып,Отанын
сүю, сол елдегі халықты сүю, соның
дəстүрлерін, сенімін құрметтеу
құндылықтарын дамытады.
Өз
елінің
мəдени құндылықтарын,
жетістіктерін
танып біле
отырып,
сол елдің перзенті болғандықтан, сол
елге деген қарызын
абыроймен
іске асыру,
өзінің ісінен өнеге алатындай сүйсіндіре
білу
сезімдерін жетілдіреді. Тәрбие сағаты
Отанын, елін мақтан ететін патриот
жастарды тәрбиелеуге арналады.
Тақырыбы:
Мен Отанымды мақтан етемін!
Мақсаты:
Елін,жерін,тілін құрметтейтін
,адамгершілігі мол,өз Отанын сүйетін
азамат қалыптастыру.
Күтілетін
нәтиже:
Адамгершілік,
Отансүйгіштік құндылықтары қалыптасады.
Қоғамға,
Отанына адал болу қасиеттері топтасады.
Туған
өлкесін сүйіп, соның азаматы болу, оны
қорғау, әлеуметтік-экономикалық, саяси
дамуына, өркендеуіне өз үлесін
қосу міндеттерін түсінеді.
Түрі:
пікірлесу.
Көрнекілігі
: суреттер, нақыл сөздер, слайд
Барысы:
Ой
қозғау : Көгілдір жалаушалар.
Мағынаны
тану :
Әлем
таныған ,Қазақстан.
Өзіндік
жұмыс:
Қазақстан туралы не білеміз?
Ой
қорыту : Туған
жеріңе не бересің? ойыны
Ой
қозғау: 1. Сыныпта неге
көгілдір жалаушалар қойылған?
Тақырыпқа
қарап сабақ не туралы болмақ деп
ойлайсыңдар?
Мағынаны
тану: Интерактивті
тақтада слайд арқылы тәуелсіз Қазақстан
жетістіктеріне саяхат жасау: «Әлем
таныған Қазақстан».
– Отан
туралы Қазақстан Республикасының тұңғыш
президенті Н.Ә.Назарбаевтың жазғанын
тыңдаңдар:
Отансыз
адам – қай жерде жүрсе де бейшара адам.
Өзіңнің еліне, Отанына, жеріңе, ата-бабаңның
төккен қаны мен теріне адал болуың
керек. Қайда жүрсе де, не істесе де
қазағын-елін ойлап, осыны көркейтсем,
кіндік қаным тамған елім аман болып,
оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке
барсам да мені сыйлайды
деген
түсінікте
болу
керек.
Нұрсұлтан
Назарбаев
Сұрақ
– жауап « Отан туралы не білдіңдер?»
–
Туған
жеріңнің дәрежесі қандай болуы керек?
–
Отаныңа,
еліңе, жеріңе қандай адам болуың керек?
–
Осы
нақыл сөздерден қандай мақал- мәтелді
естідіңдер?
“Қазақстанды
білесің бе?” викториналық сұрақтар
Қазақ
хандығы құрылғанына неше жыл?
Көшпелі
қазақ халқының тұрғын үйі ?
Ежелгі
заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы
?
Туған
жерін, елін жақсы көретін адам ? (Патриот)
Презентация
көрсетіледі. (Мазмұнын ашу)
Біз –
тәуелсіз қазақ елінің ең жас
жеткіншектеріміз. Сондықтан
өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз
бен аталарымызды қадірлеуге, сүюге,
қорғауға тиісті екенімізді естен
шығармайық деп айтым келеді .
“
Туған
жеріңе не бересің? ”ойыны
–
Сендер
тұрып жатқан Шығыс Қазақстан жері
қандай ағашпен бай ?
Ағаш –
адамның күнкөрісіне қажет және рухани
өмірде ерекше орын алатын табиғат
нысаны.
Тәуелсіз
Қазақстанның болашағы сендерсіңдер!
Еліміздің көркеюіне, гүлденуіне «Туған
жеріңе не бересің?» ойыны арқылы өз
үлестеріңді қосыңдар.
–
Міне,
сендерге ақ қайын ағашын дайындадым.
–
Ағашқа
не жетіспейді?
–
Сендердің
парталарыңда жапырақтар жатыр.
Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе
не бересің?» сұрағының жауабын сурет
салу арқылы айтыңдар. Мысалы:
әдемі үй салу…).
(
Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап,
ағашқа әр бала жапырағын іледі.)
Жақсылық
–рефлексия.
(Балаларды
ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)
–
Менің
қолымда көк түсті бір шүйке жіп. Қазір
мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға
түскен жіпті саусаққа орап, алысқа
жетелейтін армандарыңды тілеңдер.
(Жіп мұғалімге келеді.)
–Жіп
қалай қозғалды?
–
Қалай
ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі
ме? (Балалардың пікірі)
–
Дұрыс,
жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге
болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз
керек. Бір шаңырақ астында тату өмір
сүруіміз керек. . Қазақ халқының
дәстүрін, тілін құрметтеп, еліміздің
өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек
еткенде ғана, еліміз де көркейіп,
гүлденеді.
Қорытынды. Біздің
сынып сағатымыз аяқталды. Бәріңе сәттілік
және тілеген армандарың орындалады
деп ойлаймын.