Тақырыбы: «Мен Отанымды
сүйемін » атты интеллектуалды
ойын
Мақсаты: Оқушылардың ойлау
қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін
арттыру. Топпен жұмыс істей отырып,
өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: жұмбақтар, сұрақтар, суреттер.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс
Ойын
барысы
І Ұйымдастыру.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар?
«Мен Отанымды сүйемін » атты интеллектуалды ойынды
бастайық.
Ғылымның сырын
ұғына,
Шығыңдар
білімнің шыңына.
Дарындылық пен
тапқырлық,
Жеткізеді
сіздерді - география сырына –деп сайысқа қатысушы оқушыларды
2 топқа бөліп ортаға
шақырамыз. Ең алдымен жарысқа
қатысушылармен танысып өтейік.
1 «Алғырлар» тобы
2 «Болашақ» тобы
Ойынды бастамас бұрын
әділ қазылар алқасын сайлап
алалық
Сайыстың ретімен таныстырып
өтейін. Сайыс 4 айналымнан тұрады:
1. Ұшқыр ой
2. «Тез айт,бірақ қателеспе»
ойыны
3. «Кім шапшаң?»
ойыны
4. Полиглот
ойыны
5.
Жұмбақ шешу – ермегіміз
жалықпас
1- айналым «Ұшқыр
ой»
Алдымен тақтаға сандары бар
суреттер ілінеді. Оқушы сұрақтарға жауап бере отырып суреттерді
жинап шығару керек. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Жалпы бұл
айналымда жоғары 20 ұпай болады.
1. Алғашқы қазақ
ғарышкері? / Әубәкіров
Т.
2.Материк дегеніміз
не? /Құрлықтың жан-жағын мұхиттар
мен теңіздер қоршап жатқан ірі бөлігі
3. Жетінші
ғаламшар? /
Уран.
4. Күнге жақын орналасқан
ғаламшар? /
Меркурий.
5. Қазақстан мен Орта
Азияны зерттеуші ғалым? / Ш.
Уалиханов
6. Ғарышқа алғашқы
жол қай жылы ашылды? /1957
2-айналым «Тез айт,бірақ
қателеспе» ойыны
Әрбір топқа 10 сұрақ қойылады
3 минуттың ішінде қойылған сұрақтарға жауап беру керек. 1 сұрақ 2
ұпаймен есептелінеді.
1 Алғырлар
тобы
1. Жаратылыстану ұғымы
қандай сөздерден тұрады? /
Жаратылыстану.
2. Жұлдыз дегеніміз не?
/ Бірнеше мың градус
температураға дейін қызып тұратын аспанның жарық
денесі
3.
Галактика дегеніміз не? / Жеке жұлдыздар тобы.
4.
Күн дегеніміз не? / Балқылған ыстық газды
дене.
5. Жұлдызды аспанды
зерттеуде үлкен үлес қосқан ортағасырлық ғалым?
/ Ұлықбек.
6.Қазіргі кезде
астронамдардың есептеуі бойынша қанша
шоқжұлдыздар бар? /
88
7. Жер мен
Күннің орташа арақашықтығы? /
150 млн
км.
8. Ғаламшарлардың Күнді
айналып өтетін сызығын қалай атайды? /
Орбита.
9. Жер Күннен
нешінші қашықтықта орналасқан ғаламшар?
/ Үшінші.
10. Экватор дегеніміз
не? / Жердің дәл
ортасынан 0 деп алып шартты түрде жүргізілген
сызық.
2 Болашақ
тобы
1. Бір жылда неше күн
бар? 365
2. Табиғатта су қанша күйде
болады? 3
3. Жұлдыз дегеніміз не?
/ Бірнеше мың градус
температураға дейін қызып тұратын аспанның жарық
денесі
4. Ең алғашқы ғарыш кемесі?
/ Восток.
5.
Экатордың ұзындығы неше
шақырым (км)? / 40 000
км.
6. Табиғатта болатын
өзгерістер? / құбылыс
7. Телескопты алғаш ойлап
тапқан кім? / Г.
Галилей
8. Ең жарық
жұлдыздың түсі? /
Көгілдір.
9. Жердің барынша кішірейтілген дәл
үлгісі? Глобус
10. Жердің Күнді толық 1 рет айналып шығуына
кеткен уақыт қалай аталады.
Жыл
3-
айналым «Кім шапшаң?»
ойыны
Салалары
|
|
|
|
Жұлдызды
аспан
|
10
|
20
|
30
|
Жер
|
10
|
20
|
30
|
Ай
|
10
|
20
|
30
|
Топ мүшелері бірінші салаларын
содан кейін ұпай сандарын таңдайды соған байланысты сұрақ қойылады.
Дұрыс жауап берген жағдайда таңдалған балл топқа
қосылады.
Жұлдызды аспан (10)
Галактикалық жыл дегеніміз не? Күн де басқа жұлдыздар сияқты
Галактиканың орталық нүктесінен шамамен 250 миллион жылда айналып
өтеді. Бұл уақыт Галактикалық жыл деп
атайды.
Жұлдызды аспан (20) Қандай
жұлдыз әрқашан солтүстік бағытты көрсетіп тұрады?
Темірқазық
Жұлдызды аспан (30) Күн
жүйесіндегі ғаламшарлар қалай
жіктеледі?
Меркурий, Шолпан, Жер, Марс,
Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун
Жер (10) не себепті Жер
бетінде жыл мезгілдері ауысып келіп
отырады?
Жер (20) Ең әйгілі ғарыштық
телескоп ? Хаббл
Жер (30) Жер бетіне күн сәулесі қалай
тарайды?
Ай (10) Жердің
серігі?
Ай (20) Күннің тұтылуы
дегеніміз не? Ай жерді айнала қозғалып жүргенде Жер мен күннің
ортасында болып, Күнді көлеңкелесе Жерге айдың көлеңкесі
түседі.
Ай (30) Айдың бедері
қандай?
4- айналым «Полиглот»
ойыны
Бұл айналымда көп нүктенің
орнындағы сөзді тауып оны үш тілде айтады. Барлық топтарға бірдей
оқылады.
1)...... анасы — бұлақ,
Сөз анасы — құлақ.(су,вода, water)
2)Құдық қазсаң ......ді
каз,
......суалмай суалмас (көл, озера,
Lake)
3)...... ақса — көл,
Дария ақса — сел. (өзен, река, river)
4)Туған жердің .....да шипа
(ауа, воздух, air)
5-айналым -
Жұмбақ шешу – ермегіміз
жалықпас
Математика.
Отбасында жеті ұл бала бар. Әрқайсысының
қарындасы бар. Отбасында неше бала
бар?
(8 бала)
Қазақ
тілі.
Мағынасы бірдей, жазылуы басқа
сөздерді қалай атаймыз? (синонимдер)
Ағылшын
тілі.
«Ағылшын грамматикасының
патшасы» деп қай етістікті атайды?
(To
be)
Қазақстан
тарихы.
1836-1838 жылдары Батыс
Қазақстанда әділетсіз байларға қарсы Исатай Тайманұлы бастаған
шаруалар көтерілісі бесталады. Көтеріліс көсемінің бірі, оның бас
ұраншысы, ақын кім?
(Махамбет
Өтемісұлы)
География.
Бұл шыңның биіктігі 8848
метр.Оны Непалда Сагарматха деп атайды екен. Аспан әміршісі деген
сөз.Ал Үндінің геодезия жүйесінде қызмет еткен ағылшын полковнигі
әлемнің ең биік шыңы осы деп есептеп, байлам жасаған. Бір ғажабы,
ол бұл шыңның басына шықпақ түгіл, етегінде де болмаған. Оның
тапқыр да дәл есебі бағаланған.Сондықтан осы полковниктің атын
қойған. Сол полковниктің және шыңның атын
айтыңдар. (Эверест)
Қорытынды: Сонымен біздің
ойынымыз да өз шегіне жетті. Сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға
көп рахмет айтамыз.
Талдысай орта
мектебі
Тақырыбы:
«
Мен Отанымды
сүйемін »
интеллектуалды
ойын
5а
класс
Дайындаған:
Б.А.Шукимбаева
Жаратылыстану пәнінің
мұғалімі
2016-2017 оқу
жылы