12
«Мен Отаныммен мақтанамын» атты ертеңгілігінің сценарийі.
Жүргізуші :
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Атам қазақ айтқандай,
Елін сүйген қор болмас.
Құдіретіңе қайранмын,
Келбетіңнен айналдым.
Сені жырлап қанша жан
Бұлбұлыңа айналды. (Абдрахман Асылбек)
-
Армысыздар, құрметті қонақтар, ата – аналар мен әріптестер! «Мен Отаныммен мақтанамын» атты концертімізге қош келдіңіздер! «Құлыншақ» тобының болашақ жарқын жұлдыздарын қарсы алыңыздар!
(Балалар әдемі әуенмен музыка залына кіреді)
-
Балаларымыз Отанымызға деген жүрекжарды тілектерін әйгілі ақындарымыздың жазған өлең жолдарымен білдіруге асығып тұр. Ендеше , алғашқы өлең шумақтарын қабыл алыңыздар! Мұқағали Мақатаев атамыздың «Отан туралы» атты өлеңін Серікжан Зере жатқа оқиды.
-
Зере:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан! Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...
Жүргізуші:
Сен жайлы ақ бесікте күй тыңдадым,
Тыңдадым сандуғаштың сүйкімді әнін
Мен сендегі сұлулыққа ғашық болып,
Гүліңе саусақ жайып ұмтылғанмын. (Ақұштап Бақтыгереева)
-
Балаларымыздың әсем әнін қабыл алыңыздар!
Ән: «Күз келді»
(Ән айтып болған соң балалар орындарына жайғасады)
Жүргізуші:
-
Концертімізді балаларымыздың дайындап келген өлең жолдарымен жалғастырайық. Жұмекен Нәжімеденов ағамыздың өлең жолдарына кезек берейік.
-
Д. Медина:
Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.
Күн астында көк төбелер түледі —
Менің елім, менің елім — гүл елі!
Айтпағым бір ағыл-тегіл сыр еді —
Шежіреңе ол өлең болып кіреді.
Мендегі өнер сен деп өмір сүреді
Менің елім, менің елім — жыр елі!
-
Ясмин:
Қанат қомдап таң атқанда шығыстан
Торғайым бар қыраныңмен бір ұшқан.
Жүрегім бар жүрегіңмен ұғысқан,
Менің елім, менің елім — гүлстан!
Жүргізуші:
-
Балалар, қараңдаршы биыл бау – бақшамыздағы көкеністер мен жемістер өте жақсы шығыпты, көп өнім алып, қуанатын сияқтымыз. Біз сендермен бірге тәжірибе жасап бірнеше жемістерді қосып өсірген болатынбыз. Енді қараңдаршы біздің бір ғана ағашымызда неше түрлі жемістер өсіп шығыпты. Бұл ағашта алма, алмұрт, тіпті банан мен апельсин де өсіп шығыпты! Экспериментіміз сәтті шығыпты балалар! Құрметті қонақтар, жалпы біздің тобымызда болашақ биологтар, ботаниктер, ветеринарлар, дәрігерлер, экологтар, экологиялық инжинерлер, утилизациялау маманы, селекционерлер тәрбиеленіп жатыр деп сенемін.
(112 ден телефонға хабарлама келген дыбыс естіледі. Зал хабарлама кеп жатыр деп шуылдасады)
-
Балалар, бізге 112 ден хабарлама келіпті дейді ғой. Ол қандай хабарлама болды екен?
-
Қане, бізге Алиманың анасы дауыстап оқып берсінші. 112 не деп жатыр?
Хабарламада:
Құрметті қала тұрғындары! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
Алдағы тәулікте ауа райының күрт суытуы күтіледі.
Қатқақ болуы мүмкін! Жолдарда көктайғақ болып, қозғалыстың қиындауы ықтимал. Бау – бақшадағы көкөністер мен жемістерді уақытында жинамаған болсаңыздар үсік шалуы мүмкін.
⚠️ Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар:
- Жылы киініңіздер
- Қажетсіз жағдайда үйден шықпаңыздар
- Жолда абай болыңыздар
Жүргізуші:
-
Ой балалар, жаңа ғана бау – бақшамыз жақсы өнім берді деп қуанып едік, енді үсіп қалса, ештеңеге жарамай қалады ғой. Оны тезірек жинап алуымыз керек. Мен қалай тез жинауға болатынын білетін сияқтымын.
Сықырлаған қардың дыбысы естіліп, Үскірік (Заморозки) кіреді.
-
Оооо, қаншама көп өнімдер! Мынаны қара! Бұндайды мен тек Американың мықты ғалымдарының зертханаларынан ғана көрген болатынмын! Мына ағашта қандай жеміс керек дейсің барлығы бар ғой! Бұлардың барлығын бүлдіремін, деміммен үсітемін. Адамдарға кедергі келтіремін.
Жүргізуші:
-
Үскірік ханшайым, олай жасама. Қаншама өнім жарамсыз болып қалады ғой. Оданда бізбен мерекені тойлап, көңіл көтер. Бізге өнімдерді жинап алуға біраз уақыт бер!
Үскірік:
- Той тойлайтын уақытым жоқ! Қаншама жерді аралап өтуім керек! (Біраз пауза ұстап)
- Бірақ, менің көңіл – күйім бүгін жақсы. Солай ақ болсын! Сендерге бір мүмкіндік берейін. Мен сиқырлы сағатымды қосамын да сендерді айналып жүремін, мен жүрген жер қырауланып, қата береді, сендерге жетіп қойсам, жемістерің мен көкеністерің де үсіп қалады. Келістік пе?
Барлығы: - Иәә!
Сағат тықылы қосылады. Үскірік айналып жүріп, жақындай түседі
Ойын: «Өнім жинау»
(БАЛМҰХАНОВА АЙЗЕРЕ, ҚУАНЫШ АСЫЛЫМ, ИСЛАМ, АСЫЛБЕКҚЫЗЫ АЙЛИН)
Шарты: көкеністер мен жемістердің атауларын буынға бөліп айтып көріп 2, 3 буыннан тұратын көкөністер мен жемістерді бөлек ыдыстарға жинау.
(алма, алмұрт, асқабақ, қызанақ, қызылша, қияр, картоп, сәбіз, апельсин, банан)
Үскірік:
-
Тамаша! Сендер үлгердіңдер! Мен еліміздің басқа жерлерін аралап қайтайын. Мына халқымыз не істеп жатқанын көрейін. Оларды да өнімдерін тезірек жинап алуға асықтырайын. Әбден барлығы жалқау болып кеткен әйтпесе! Сендерге кешірек келермін.
(Үскірік шығып кетеді)
Жүргізуші:
-
Үскірік қайтып келмей тұрғанда мерекемізді жалғастырайық.
-
Бастысы өнімдерімізді жинап үлгердік. Енді, мерекемізді жалғастыруға болады. Аналарымыздан әдемі ақ тілек, ақ бата ретінде Мейірханның қос анасы әдемі бір әнді бүгінгі мерекемізге тарту етеді.
Ән: «Балама тілек»
Жүргізуші:
-
Жарайсыздар! Сіздерге көп рақмет! Біздің ата – аналарымыздың өнері таусылар емес. Біздің жас экологтарымызды қолдау үшін тастанды заттарға екінші өмір сыйлап, түрлі музыкалық аспаптар жасап алып келіпті. Ата – аналарымыздың орындауында тамаша бір күй тыңдайық.
Шулы оркестр: «Қолдан жасалған музыкалық аспаптардан»
(АТА – АНАЛАРДЫҢ ЖАРТЫСЫ ОРКЕСТРДЕ ОЙНАП ОТЫРҒАНДА БАЛАЛАР ТЕЗ – ТЕЗ БИГЕ КИІНІП ҮЛГЕРУІ КЕРЕК)
-
Жарайсыздар!Сіздерге көп рақмет! Мерекемізді балаларымыздың дайындап келген өлең жолдарымен жалғастырайық. Келесі кезекте Бәкір Тәжібаев ағамыз бен Мағжан Жұмабаев атамыздың өлең жолдарын қабыл алыңыздыр!
-
Аяла:
Менде сөйлер сөз болса –
Өзің берген сөзің ғой!
Менде көрер көз болса –
Өзің берген көзің ғой!
Шаттық құшқан шеруде,
Күйді өтерген өзің ғой!
Қиындықты жеңуге
Үйреткен де өзің ғой!
-
Балмұханова Айзере:
Толқығанда сезім –ой,
Әппақ арым, тілегім.
Туған елім өзің ғой –
Арқа сүйер тірегім!
-
Ерсұлтан :
Туған елім, өзіңнің,
Жазираңды кездірдің.
Жайма –шуақ кезімнің,
Рахатын сездірдің!
-
Мейірхан:
Туған елім – гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін –
Лүпілдеген жүрегім!
-
Бердібекқызы Медина:
Тәтті суың дәмі аузымнан еш кетпес,
Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес.
Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,
Жазу болып адамзатқа ер жетпес!..
-
Алижан:
Балақ түріп, қозы қуып, жарысып,
Батпағында тең құрбымен алысып.
Түнде – ақсүйек, алтыбақан, ал күндіз
Үйретем деп асау тайға жабысып.
Жүргізуші:
-
Біздің балаларымыз сондай өнерлі! Ән де айтады, өлең де оқиды, тіпті би де билей біледі. Балаларымыздың мерекеге арнап дайындаған тамаша биін қабыл алыңыздар!
Би: «Мен Отаныммен мақтанамын!»
Жүргізуші:
-
Жарайсыңдар, балалар! Ал, енді балаларымыздың дайындап келген өлең жолдарына кезек келді. Балаларымыз Қасым Аманжолов, Қадыр Мырза Әли атамыз бен Фариза апамыздың өлең жолдарын жатқа айтып береді.
-
Қуат Асылым:
Шықшы тауға, қарашы кең далаңа,
Мәз боласын ұқсайсың жас балаға.
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шарсайсың ба, құмарың бір қана ма?
-
Жангелді:
Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім,
Қызығыңды көріп еркін келемін.
Сен де аямай бердің маған барыңды,
Мен де аямай барым саған беремін.
-
Алима:
Болдым ғашық, туған дала, мен саған,
Алыс жүрсем, арманым сен аңсаған.
Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың,
Алтын діңгек – өзім туған босағам!
-
Рымбаева Айзере:
Туған жер-ай, күнім де сен, дінім де сен,
Тағдыр сендей сүйесе, сүрінбес ем.
Керегі жоқ басқа атақ,
Басқа абырой,
Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең!
-
Асылбекқызы Айлин:
О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.
Сағынышымды қанат қып саған қарай
Балапандай талпынып ұшамын мен.
-
Ясина:
Алақаны анамның – топырағың,
Сендік махаббатымның оты жалын.
Сені қалай сүюдің керектігін,
Мен ешқандай кітаптан оқымадым.
-
Ханнұр:
Сенде, тас та қастерлі, аспан да алау,
Сенде жанды тербетер дастан бар-ау.
Менің мынау өмірге құштарлығым
Сені жақсы көруден басталған-ау.
-
Дауренқызы Айлин:
Кешірме сен
Жат қылықпен жаныңды жараласам,
Бар сырымды бүкпесіз саған ашам.
Мен ел кезіп кетермін отансыздай,
Үмітіңді ақтауға жарамасам.
Көңілді ойын : «Жапырақтар» (Емен, Терек, Қарағаш(вяз))
Шарты: үш түрлі ағаштың жапырағын жерге қойып, әр ағаштың атын айтқанда сол ағаштың жапырағының артына тізіліп тұра қалу керек, шатасқан бала ойыннан шығып отырады.
(ҚУАТ АСЫЛЫМ, АЯЛА, ДАУРЕНҚЫЗЫ АЙЛИН, ХАННҰР, ЯСМИН, АЛИЯ, АЛИЖАН, ЯСИНА, АЛИМА, ЗЕРЕ)
Жүргізуші:
-
«Құлыншақ» тобының балалары орыс және ағылшын тілінде де өлең жолдарын дайындап келді. Өлең жолдарына кезек берейік.
-
Нурадиль:
Я люблю свою страну
И горжусь я ею!
Казахстан – моя земля!
Нет ее роднее!
-
Айлана:
Что нам родина дала?
Золотистые хлеба,
Птиц поющих голоса,
Голубые небеса.
-
Қуаныш Асылым
Kazakhstan, my native land !
I love you very much.
Sea, mountains, the steppe:
It is my Homeland!
-
Алия
А еще – поля и горы,
Необъятные просторы,
Верных преданных друзей –
Самых лучших на Земле!
Жүргізуші :
-
Балаларымыздың әсем әнін қабыл алыңыздар. Ән: «Қазақстаным»!
Ән: «Қазақстаным»
Жүргізуші:
-
Осымен мерекелік концертіміз, өз мәресіне жетті. Мереке қарсаңында Сіздерге тілеріміз: денсаулық, бақ, байлық! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!
|
І қатар |
ІІ қатар |
ІІІ қатар |
|
АЯЛА |
АЛИМА |
АЛИЖАН |
|
ЕРСҰЛТАН |
ҚУАНЫШ АСЫЛЫМ |
ДАУР. АЙЛИН |
|
ҚУАТ АСЫЛЫМ |
ЖАНГЕЛДІ |
МЕЙІРХАН |
|
НУРАДИЛЬ |
БАЛМҰХ. АЙЗЕРЕ |
БЕРД. МЕДИНА |
|
АЛИЯ |
ЯСИНА |
ЗЕРЕ |
|
ХАННҰР |
ДҮЙС. МЕДИНА |
ИСЛАМ |
|
САЯНҰР |
АЙЛАНА |
АСЫЛБ. АЙЛИН |
|
РЫМБ. АЙЗЕРЕ |
ЯСМИН |
|
ТОРСЫҚ ҰСТАЙТЫН ҚЫЗДАР:
-
Аяла
-
Ясина
-
Қуаныш Асылым
-
Бердібекқызы Медина
-
Дауренқызы Айлин
-
Айлана
ҰЛДАРДЫҢ БАРЛЫҒЫНА ҚАМШЫ
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз