Мен өз еліме қызмет етемін. Әдебиеттік оқу-4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен өз еліме қызмет етемін. Әдебиеттік оқу-4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиеттік оқу пәні бойынша "Мен өз еліме қызмет етемін" атты дәстүрлі емес ашық сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні:

Жасанова Жазира Берікқызы

Пән/Сынып:

4 – сынып. Әдебиеттік оқу

Сабақтың типі:

Дәстүрлі емес. Сұхбат-сабақ.

Тарау немесе бөлім атауы:

І. МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН

Сабақтың тақырыбы:

Мен де еліме қызмет етемін

Оқу мақсаты:

4.2.1.1. шығарманы дауыстап түсініп,рөлге бөліп ,мәнерлеп оқу,теріп оқу, шапшаң оқу.

4.​2.​7.​1 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану

Кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасып, оларды дөңгелек үстел басына жайғастыру.

Оқушылар сабағымызды бастамас бұрын көзімізді жұмып, әсем әуенді тыңдап, бір арманға саяхат жасайық.

Көз алдымызға болашағымызды елестетіп, нені армандайтынымызды қиялдап көрейік.

Нені қалайтынымызды да ойлап қоюға болады.

(2 мин)

-Жақсы оқушылар көзімізді ашайық. Кім айтады не көрдік?

Ұстазбен амандасып дөңгелек үстел басына отырады.

Көздерін жұмып, армандай бастайды.

Арман-мақсаттарын айтады.

Қошеметтеу

Баяу ырғақты музыка

Жаңа сабақ

Тамаша оқушылар, енді біздің бүгінгі сабағымыздың не туралы болатынын сезіп отырған шығарсыздар.

Иә, арман-мақсат туралы. Өзіміздің жерлес ақын Қадыр Мырза Әлиевтің «Арман» өлеңі аясында, «Мен де еліме қызмет етемін» сұхбат-сабағымызды бастаймыз.

Ең алдымен сіздерге дайындаған, Қадыр Мырза Әлиевтің қысқаша өмір баянынан деректер алып келдім. Оны осы айналаға жасырып қойдым, кәне, ұйымшылдығымызды көрсетіп тауып алайық.

Ретімен орналастырып оқуды ұмытпайық.

1)Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев,  (5қаңтар 1935 жылЖымпитыОрал облысы – 24 қаңтар 2011 жыл)  Байұлы тайпасының Байбақты руынан шыққан ақын, Қазақстанның халық жазушысы , ҚР Әнұранының  сөзін жазған авторлардың бірі.

2)1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.Еңбек жолын балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған.«Жұлдыз» журналында бас редактордың орынбасары

3)1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып сайланды.

4) Кітаптары

«Кішкене қожанасырлар» (1961);

«Ноян-қоян» (1962);

«Алуан палуан» (1963);



5)Жыр жинақтары

«Қызыл кітап» (1983);

«Күміс қоңырау» (1970 — 1985);

«Мәңгі майдан» (1993)

Қадыр атамыздың арманы қандай болған, оны қазір оқулығымыздың 40 бетіндегі Арман өлеңінен білетін боламыз.

Арман

Азамат боп мен ертең,

Ауылымды көгертем.

Біздің қазған каналға

Канал болмас келер тең.

Жерім жұмақ болады,

Бұлт мақта боп қонады.

Бір пұшпағы шөлейттің

Ақ күрішке толады.

Түрі өзгеріп түзімнің,

Жыры өзгерер күзімнің.

Әжем менің шай ішер

Саясында жүзімнің.

Бақпен бөгеп желіңді,

Жайнатамыз шөліңді.

Өмір сүріп не керек,

Көгертпесең еліңді?!



Иә балалар өлеңде не туралы айтылған? Қадыр атамыздың арманы қандай екен?



Өте жақсы балалар, дұрыс айтасыздар. Осы өлеңде ақынның негізгі мақсаты не болды?



Дұрыс, өз еліне, Отанына, отбасына қызмет ету, көркейту, алға ұмтылу екен. Осы орайда мен сабағымызға еліне адал қызмет етіп жүрген ,аға-апаларымызды шақырдым.

Бір қол соғып қояйықшы.

Ортада №8 өрт сөндіру қызметі бөлімінің командирі Құмаршиев Қуаныш Асылбекұлы.



Фельдшер, жедел жәрдем қызметі Салихов Айбек Ерликович.



Ұлағатты ұстаз, тәрбие мен тәлімді ұштастыра білген маман___________________________



Бір ауыз өтінішімді жерге тастамай ортамызға келіп, уақыт бөлгендеріңізге көп рахмет! Оқушыларымыздың сізге дайындаған сауалдары бар , соны қоюға рұқсат етсеңіздер.



1.Бұл мамандықты таңдау себебіңіз неде?

2. Қиындығы қандай?

3. Өкінген сәттеріңіз болды ма?

4. Неше адамды құтқарып қалдыңыз?

5. Адамдарды емдеу үшін дәрігер қандай болу керек?

6. Сіз кішкентай кезіңізде кім болуды армандадыңыз? Неге?

7. Дәрігер ретінде адам денсаулығын сақтау үшін қандай кеңес айтар едіңіз.



Ендеше өрт сөндірушілер, дәрігер, мұғалім туралы видеоны қарайық.

туралы видео.

Міне, көрдіңіздер ме оқушылар, бұл аға-апаларыңның арманы қандай, елге қызмет ету.

Жақсы,сіздерге де осы аға-апаларыңың жолын берсін. Еліне көмегі тиетін азаматтар қатарынан болыңыз.

Ұстазды тыңдайды.

Арман туралы .



Қадыр Мырза Әли туралы деректі іздей бастайды.

Табылған хаттардан деректерді оқып , ретімен орналастырады.



Қадыр Мырза Әлидің өмір жолымен танысып, оқып шығады.





Кітаптарын оқиды.







Жыр жинақтарын оқиды.





Өлеңін оқиды.



















Қадыр атамыздың арманы елін көркейту, ауылын көркейту екен. Ақ күріш астық егу, әжесінің жағдайын жасау, т.б



Қол шапалақтайды.



Келген қонақтарға қошемет көрсетіп қарсы алады.







Оқушылар сұрақтарын қояды.

1.Бұл мамандықты таңдау себебіңіз неде?

2. Қиындығы қандай?

3. Өкінген сәттеріңіз болды ма?

4. Неше адамды құтқарып қалдыңыз? т.с.с


Қошемет.







































Таяқшалардағы қолпаштау сөздерін көтеру.



Керемет!





Өте жақсы!





Тамаша жауап!





Сіз мықтысыз.





Еңбегіңіз елене берсін!







Сіз кереметсіз!









Қошемет.

















Қошемет.

Түрлі түсті хаттарға салынған Қадыр Мырза Әли туралы деректер.



















































Оқулық





























Микрофон















































Видео





Ендігі кезекте кішкене ойымызды бөлу мақсатында ойын ойнайық.

Бұл ойын аты «Маска» яғни «Бетперде» деп аталады. Қазір мен қолдарыңызға бір мамандық иесінің аты жазылған маскаларды беретін боламын. Қарсы отырған адам сізге осы мамандықты 1 сөйлеммен сипаттап береді. Тауып алуыңыз керек.

Қарсы отырған адам сізге осы мамандықты 1 сөйлеммен сипаттап береді. Тауып алуыңыз керек.




Шапалақ





Бетперде





Бекіту

Wordwall әдісімен.

5 сұрақты тестке жауап беру


Тестке дауап береді.

Таяқташалардағы жағымды сөздермен бағалау.

Таяқша




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.08.2024
308
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі