400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен өз елімнің патриотымын

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға патриоттық тәрбие бағытын жақсарту меқсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты: 9«б» сынып , 01.09.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын!

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: Оқушыларға осы уақытқа дейінгі тәуелсіздік белестерінен мағлұмат беру;

ә)тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, отансүйгіштікке, шындық пен ар-намысқа, ел бірлігіне, достыққа, білімге тәрбиелеу;

б)дамытушылық: Оқушыларды болашақта жеке тұлға ретінде дамыту.

Сабақ әдісі: Әңгімелесу

Сабақ түрі: дөңгелек үстел

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

1.Сынып оқушыларымен сәлемдесу

2.Сынып оқушыларын түгендеу

ІІ. Негізгі бөлім

Қазақстан көк байрақты нұр едің, Сен дегенде лүпілдейді жүрегім. Өзің менің қуанышым, бақытым, Өзің менің мақтанышым , тірегім. Қырын құсым көк аспанға самғасын, Желбіресін көк байрағын сан ғасыр! Жас ұландар,берік ұста туыңды , Жарқырытып туған елдің таңбасын! Тәуелсіздік үшін халқымыз 325 рет көтеріліске шыққан. Желтоқсан көтеріріліс тарихта біздің еліміздің тәуелсіздік алуына ең бірінші өозғаушы күш ретінде тарихта қалып отыр. 1. Оқушыларға сұрақтар қойып, тәуелсіздік туралы ой қозғау. 2. «Көк тудың желбірегені» деп аталатын» бейне роликті тамашалап ұлтымыздың рәміздерінің маңыздылығын айта отыру. Тәуелсіз жылдарындағы асқан асуымыздың ұшар биігіне қарап тамсанатындар көп шығар. Айналамызға қарап марқаятынымыз да жасырын емес. «Осынша берген дәулетті көтеріп тұра алар ма екенбіз?» деп бабаларымыз айтқандай, бүгінгі жетістікке марқаю – ертеңгі жетістіктерімізге қол жеткізуге кедергі болмаса екен деп тілейміз. Осы жылдар ішінде ел өмірінде айрықша маңызға ие екі құбылыс, ұмытылмас екі сәт болды. Әуелі, Тәуелсіздіктің жарияланған күні. Ол күн барша қазақтың, қазақы рухын бойына сіңірген жұрттың шын қуанышты күні еді! Ондай сәтті құбылыс деудің өзі жет­кіліксіз. Жаратқан Иенің қазақтай ұлтына – жаппар құлдарына берген айрықша байлығы, сыйы болатын. Сол күні көзіне жас алмаған, ел болудың, болашақты құрудың қамында қайтуге болады деп іштей өзіне өзі жауап бермеген жан аз шығар. Егемендік, Тәуелсіздік, Азаттық – бірімен бірі еншілес ұғымдар ұлт санасына айрықша нұр түсірді. Үш ғасыр бойы ен даланы қорғау жолында үш жүзден астам көтеріліс жасап, талай от пен оқтың ортасына түскен қазақ рухы дүр көтерілген күн – сол күн! Ол кезде біз Жоғары Кеңестің депутаты едік. Ол сәтті ұмыту мүмкін емес. Көбі жылап тұрды. Қуаныштан! Қуаныштан адам жылайды дегенді естуші едік, бірақ дәл солай көзіне жас алатынын бірінші рет көрдім. Бірімізді біріміз құттықтасып, қуанысып жаттық. Ішімізде талай сұрақтар тулап жатты. Небәрі ел жан-санының 42 пайызын құрайтын қазақ осынша кең даланы, алып отанды қорғай ала ма? Сырттың көзі тимес пе, іштің сөзі тимес пе? Бірлікті қалай сақтауға болады? Жаңа экономиканы, өзімізге тән идеологияны қалай жасаймыз? Әрбіріміздің санамызда осындай сұрақтар тұрды. Міне, сол Тәуелсіздікке биыл 25 жыл толып отыр. Біз жиырма бес жыл бойы санамызды отарсыздандыруға, руханиятымызды қалпына келтіруге, экономикамызды сауықтыруға, өзімізге тән идеологиялық саясат жүргізуге тырыстық. Әрине, еліміз аман, жұрт тыныш. Күдік пен күмән сейілген. Жан-жағымызды таныдық, бағытымызды айқын­­дадық. Әуелі қазақтың бірлігіне, мемлекетті құраушы ұлт ретінде елді аман, тыныш ұстап тұратынына шүбә келтірген елдердің өздері отқа оранды. Біз соларға қарап тәуба дестік. Ұлтымыздың шыдамдылығы мен төзімділігіне, мейірімділігіне шүкір айттық. Ал осындай ел болуымыздың бір мәнісі жалпы қазақтың санасын сілкінткен, Тәуелсіздіктің баянды болатынына сенім шуағын сепкен екінші құбылыс Астананың салынуы! 3. «Мен өз елімнің патриотымын» деп аталатын тақырыпта әр оқушы өзінің ойын білдіріп,топтар арсында пікір білдіреді.


Қорытынды:

«Мен өз елімнің патриотымын» деп аталатын бүгінгі сабағымызда Тәуелсіздіктің биыл тойланатын 25 жылдығы туралы айтып өттік, әрине патриот болу үшін міндетті тек қана тәрбие сағаттар мен мектеп өмірінде айтылып өтпеуі керек деп ойлаймын. Отан отбасынан басталады демекші патриоттық тәрбие бірінші отбасыныан беріліп қанға сіңеді. Ата-анасының дұрыс бағытта тәрбие алған кез келген бүлдіршін отанын сүюді отбасыныан алған тәрбиеден тамырын нәрлендіреді. Бүгінгі ой қозғап отырған тақырыбымыз отанға деген сезімнің тек қана бір ғана көрінісі іспетті. Елін сүю, елінің рәміздерің құрметтеу кез келген саналы азаматтың міндеті.

Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнін хормен орындау.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
608
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі