400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мен өз елімнің патриотымын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Елбасы- елдің тұтқасы»

Мақсаты: Елбасы туралы толық мағлұмат беру, балалардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Отанын сүюге тәрбиелеу, еліміздің тарихы туралы түсінік беру.

Көрнекілік құралдар : Тақырыптар бойынша суреттер ( Н.Ә.Назарбаев, рәміздер, Астана қаласы), слайд.

Әдіс- тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, үйрету, мақал-мәтел.

Ұйымдастыру кезеңі:

Ән: «Әнұран»

Тәрбиеші:

  • Балалар, сендер білесіңдер ме, біздің Отанымыз қалай аталады?

  • Қазақстан.

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар. Отанымызға арнап әдемі ән арнап арнап берейік.

Ән: «Отан-ана»



  • Балалар Отанымыз Қазақстан туралы тақпақ айтайықшы:

  1. Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің-Қазақстан.

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің-Қазақстан.



  1. Отан бізде, біреу-ақ,

Ол біздің Қазақстан.



  • Қазақстанның елордасы қалай аталады?

  • Астана қаласы.

  • Астан- өте әсем қала. Астана қаласында үлкен ғимараттар орналасқан. (Слайд)

  • Мынау Елбасымыздың ақ ордасы. Біздің Елбасымыз кім?

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, мемлекет қайраткері. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жаңа елордасы Астананы салуға басшылық жасап, оны Еуразиядағы ең әдемі қалалардың біріне айналдыруға үлес қосуда. Еліміз үшін аянбай, еңбек етуде. Олай болса, балалар Елбасымызға тақпақтарымызды арнайық:

  1. Қазағыма шаттық сыйлаған,

Ұлттың бәрін жинаған.

Құтты болсын мерекеңіз,

Елбасшымыз Нұр атам.



  1. Елбасымыз жолдайды,

Халық оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.



  1. Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.



  • Өте жақсы, балалар. Шаршаған шығармыз, бір сергіп алайықшы.

Сергіту сәті:

Топ-топ-топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн,

Жаса, жаса, жарқын күн.



  • Балалар Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білесіңдер?

  • Әнұран, Елтаңба, Ту.

  • Өте жақсы,балалар. Балалар сендер Қазақстан Республикасының рәміздері туралы тақпақ білесіңдер ме?

  1. Батырлық бар тегімде,

Көк байрағым көгімде.

Әнұранды жатқа айтам,

Елтаңбам тұр төрімде.



  1. Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

  • Жарайсыңдар, балалар. Біз бүгін не туралы әңгімелестік?

  • Қазақстан.

  • Қазақстанның Елордасы қай қала?

  • Астана.

  • Біздің Елбасымыз кім?

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  • Қазақстан Республимкасының қандай рәміздері бар?

  • Әнұран, Ту, Елтаңба.

  • Жарайсыңдар, балалар. Сендер қойылған сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер. Еліміздің үлкен ұландары болып өсіңіздер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, «Елбасы-елдің тұтқасы» әнімен аяқтайық!!!

Ән: «Елбасы-елдің тұтқасы»























№26 «Қарлығаш» бөбекжайы













«Елбасы-елдің тұтқасы»

( Тақырыптық сабақ)



Тәрбиеші: Отарбаева Ақмарал

Абдуллақызы









Ақтау-2018ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
322
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі