400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен өз елімнің патриотымын

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағат
Материалдың қысқаша нұсқасы

14 М.Жылысбаев атындағы орта мектебі













«Ел тарихын жадымызда сақтайық»


/пікір алмасу/






















Сынып жетекші: Шатаева С




Тақырыбы: Мен - өз елімнің патриотымын!


« Өз Отанының патриоты болу – бұл

Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ».


Сабақтың мақсаты: 1. Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген

сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт-

дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға,

болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге

білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың

сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту.

2. Оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа,

достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында

патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар,

мемлекет рәміздерін көрсету.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

•    Аспаны ашық еліміздің
К
өркі сұлу жеріміздің
Біз-ба
қытты баламыз! 
А
қпыз,қара, сарымыз, 
А
ғайынбыз бәріміз! 

 «Ой да ортақ, пікір де ортақ » дегендей бүгінгі біздің « Мен өз елімнің патриотымын » атты тәрбие сағатын . Біздің алға қойған мақсатымыз, өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат болып өсу.

Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, өз еліміздің патриотымыз!
  Отан деген не, кім
қалай түсінеді?
                     К
өп аузынан түспейтін,
                     Отан деген немене?
                     Оны
ң тұлға түс кейпін,
                     Достым білгі
ң келе ме? 

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр. Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.

         -Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

16-желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз республика деп жариялады.

Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді  екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.


-
Қазақстан Республикасының президенті кім?

1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
               Ел болдық ерік алдық астаналы
               Енді кімнен
қазағым жасқанады?
               Т
әуелсіз мемлекеттің шежіресі,
               Н
ұрсұлтанның атымен басталады.

  • Қазақстан Республикасыңы мемлекеттік Рәміздері

1992 жылы 4 –маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата.

Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар
шаншыл
ған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық,  молшылықты білдіреді.
Кез-келген мемлекеттік р
әміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен клешек арманы айтылған.

Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.
2011 жылдың басты оқиғасы – бұл әрине сәуір айының басында өткен кезектен тыс Президент сайлауы. Орталық сайлау комитетінің мәліметі бойынша, сайлаушылардың 99,5 % өз дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді. Сайлаудың кезекті тыс өтуіне себеп болған – ҚР Парламентінің референдум ұйымдастырып, сол арқылы Президенттік уақытт одан әрі ұзарту туралы ұсынысы. Президент Н.Назарбаев бұл ұсыныстан бас тартып, сайлау өткізу туралы шешім қабылдады.

Осы жылы еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толды және Парламенттің төменгі палатасы таратылып, келесі жылы, 15 қаңтарда, кезектен тыс Парламент сайлауы өтетіндігі белгілі болды.   

2012 жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды.

      2013 жыл «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.

   2014 жыл Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Н.Назарбаев «Бұл – замануи сәулеттің үздік туындысы, ол қалалық ландшафтты өзінің бірегейлігімен толтырады» – деп атап өтті.

     2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы атап өтті.

Тамыз айында Елбасы Елбасы Ұлытау жерінде сұхбат беріп, еліміздегі негізгі мәселелерге байланысты көзқарастарын білдірді. Оның ішінде, қазақ ұлтының тарихы, діні, тілі, сондай-ақ еліміз үшін аса маңызды саналатын Еуразиялық экономикалық одақ жайлы тақырыптар қамтылды.

Осы жылы қазақтың 3-ші ғарышкері Айдын Айымбетов ғарыш көгіне самғады.

Қазақстанда 2016 жылы халық болып атап өтетін және асыға күтетін мерейтойлар мен маңызды іс-шаралар аз болған жоқ.

2016 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді.

ХХХІ Олимпиада ойындары Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 2016 жылдың 5 - 21 тамыз күндері аралығында өткізіледі.

Сонымен қатар биыл Олимпиада ойындарының өткізіле бастағанына 120 жыл толады. Қазіргі заманғы алғашқы Олимпиада ойыны 1896 жылы Грекия астанасы Афина қаласында өткен болатын.Айта кетелік, Рио Олимпиадасына Қазақстаннан 104 спортшы 26 спорт түрінен өнер көрсетті. Қазақстандық атлеттердің қоржынында 6 спорт түрі бойынша 17 медаль бар: оның 3-уі алтын, 5-уі күміс және 9-ы қола. Осылайша, 1996 жылғы Атланта Олимпиадасынан бері тәуелсіз Қазақстанда Олимпиада чемпиондарының саны - 19-ға жетті. 

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Сендердің патриот, патриоттық сезім туралы ойларынды, пікірлерінді тыңдай келіп мынандай қорытынды жасадым.

  • Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

  • Туған жерге деген ыстық сезім;

  • Ата- баба өсиетіне адал болу;

  • Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

  • Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

  • Ана тіліне деген құрмет;

  • Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

  • Елдің тарихын құрметтеу;

  • Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

  • Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

  • Заңға бағыну;

  • Үкіметті сыйлау;

  • Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

  • Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;

  • Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

  • Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру;


Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек.

Қорыта келгенде “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ” деген сөз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
430
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі