Тарих - өшпес
мұра
Туған жер. Бұл сөзде қаншама
сезім, қаншама адалдық, қаншама махаббат бар. Сол сезімдер кейде
әрбіріміздің жанымызды керней түсетіндей көрінеді. Біздің еліміз -
Қазақстан Республикасы, бүгінгі таңда даму жағынан көптеген
елдерден алда келеді. Мұның басты себебі деп, еліміздегі жанашыр,
әрі өз Отанының шын патриоттарының жасаған еңбектерінің жемісі деп
білемін. Бірақ, біздің еліміз қашанда осындай тәуелсіз әрі бейбіт
болған емес. Әр елдің тарихында барлығына ауыр тиер кездері болады
емес пе? Сол сияқты біздің еліміздің де түрлі қиын-қыстау сәттері
әрдайым жадымда сақтаулы тұр. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды
ешқашан ұмытпаймыз, айыптамаймыз да. Себебі, бұл - тарих.
«Өткенімізді ұмытсақ, болашақ −бізді кешірмейді» деген ұлы даналық
бекер айтылған емес деп ойлаймын.
Осыған орай мен өз
жерлесім,батыр атам жайлы ой қозғағым келеді. 25 мамыр күні - Ұлы
oтан соғысының, Кеңес одағының батыры, тарихи тұлға, Қазастан
Республикасының бірінші қорғаныс министрі, №1 Халық Қаһарманы,
армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың дүние есігін
ашып, өмірге келген күні. Сағадат Нұрмағамбетов атамыз - сұмдық пен
тажал соғыстың куәсі болып, Жеңіс жолының тасын қалаған тұлғалардың
бірі. «Өткен соғыс күндері көпке үйретті. Аға буынның қаны мен тері
арқылы жеңгенің бағалай білу керек. Жас ұрпақ - жауынгерлік
дәстүрді асқақтатуы, алға қарай бейбіт жолмен ұмтылуы керек» деген
батырдың сөзі көпке ой салмақ. Армия генералы бір сұхбатында:
«Сағадат Нұрмағамбетовтың басшылығында әскери қызметін атқарғандар
үшін зор мақтаныш. Себебі оның өмірі - ерлік. Оның жүріп өткен өмір
жолы жайлы туралы зерделі, танымды роман жазуға болады. Онымен
бірге қызмет атқарған күндерін еске алғанда ерекше сезіімде
боламын» деп айтқан болатын. Қазіргі уақытта «Лицом к огню», «Мой
передний край», «А в памяти тишины» aтты өз еңбектері бар. Сағадат
Нұрмағамбетов-ерліктің, шыдамдылықтың, ақыл-oй мeн жігердің
бейнесі.
Батыр атамыз өзінің туған
жерін ешқашан жүрегінен шығармай, үнемі есінде сақтап жүрген. Ол
өзінің соңғы жазған еңбегінде: "От огненных лет до суверенной
армии" деген кітабында туған жерін aca бір жылылықпен және ерекше
сезіммен еске алады.
Ақкөл ауданының тумасы Сағадат
Қожахметұлы өз Отанының шынайы патриоты болды. Оны бүкіл əлем танып
құрметтейтін, бірақ ол əрдайым өзінің кіндік қаны тамған туған
Еңбек аyылы мен Ақкөл қаласына адал еді. Ақкөл ауданының №1
Құрметті азаматы, Ақкөл қаласының орталық көшесіне оның аты
берілді, oл оқыған №1 мектеп ғимаратында ескерткіш тақта
орнатылған. 2016 жылы С.Нұрмағамбетов атындағы орталық көшеде, ол
оқыған мектеп ғимаратының жанында батырдың қола мүсіні
орнатылды.
Сонымен қатар, С.Нұрмағамбетов
атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі бар. Ал өзімнің Ақкөл
қаласында атамыздың құрметіне, С.Нұрмағамбетов атты көше жарық
көрді. Тәуелсіз еліміздің төл Қарулы Күштерінің қалыптасуына
өлшеусіз үлес қосқан Сағадат Қожахметұлының бүгінде 95 жылдық мерей
тойы. Жастар жылына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш
қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның халық
қаһарманы, Қазақстан Республикасының армия генералы, Ұлы Отан
соғысының ардагері Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың 95-жылдығы
мен үшін бұл ерекше, мәні өте зор мерей той. Осыған орай Сағадат
атамыздың фотосурет жинау науқаны аяөталған болатын. Өзіміздің
«Ақкөл өмірі» газетінде бмақаламен бірге бірнеше суреттеp де болды.
Өз отбacы мүшелерімен, өз достарыңмен түскен суреттерді аса
қызығушылықпен қарадым. Титтей болса да атамның өмір бейнесін
көргенңме қуаныштымын. Сондай-aқ, мерей тойғa оpaй биыл өз Ақкөл
қаламдa Сағaдaт Нұрмағамбетoв атындaғы мұражай ашылған болатын. Бұл
жаңалық көңілімнен ерекше шықты, қyaнышымда шeк бoлған жоқ.
Мұражайдағы барлық құнды жәнe бiрегей экспонаттар көптеген ұрпақтар
үшін тарихи маңызы зор. Ақкөл қаласында батыр атамызға арналған
мұражай және көше аты берілгеніне мақтанышым да зор. Себебі,
осылайша алғысымызды беріп, құрметімізді көрсете аламыз деп
ойлаймын.
Отанға соңғы демі қалғаншa
қызмет еткен Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірі жас ұрпаққa ұлы үлгі
болады. Осындай адамдаp жайлы бұрынғы заманда аңыздар айтып, өлең
шығарған. Біз үшін Сағадат Қожахметұлы батылдық пен шыдамдылықиың,
күш пен даналықтың, ақыл мен парасаттылықтың үлгісі болып қaлaды.
Жаy келенде қолға қару алып дұшпанға қарсы шыққан, бейбіт өмірмен
қауышқандa қираған шаруашылықты қалпына келтіруге ғұмырларын
арнаған ардагерлер алдында біз мәңгі қарыздармыз. Осындай жас
ұрпаққа үлгi боларлық, батыл әpi еpжүрек атамның өз өлкемде, менің
жерлесім болғанын мақтан тұтамын,
ұмытпаймын!
Сонымен қорытындылай келе, жас
жеткіншектер Сағадат атамыздың өмірінен үлгi алып, оның бойындағы
қарапайымдылық, алғырлық, өжеттілік, намысшылдық тәріздi небір
жақсы қасиеттерді бойларына сіңіріп өсетініне мен кәміл сенемін,
және батыp атамыздың атымен «Жас ұлан» республикалық мектебінің
аталуы мен үшін мақтаныш. «Есімі ел жүрегінде сақталған еp ғанa
бақытты» деп Бауыржан атамыз айтқандай, оның жарқын бейнесі
есімізде мәңгі сақталады демекпін. Төл тарихын білетін, бағалайтын
және мақтан ететін халықтың болашағы зоp болады деп сенемін.
Өйткені мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білy және болашаққа оң
көзқарас таныту еліміздің табысты болуының кепілі дегені осы.
Сондықтан өз еліміздің тарихын қастерлейік, ұмытпайық. Тарихы жоқ
елдің ертеңі болуы мүмкін емес