Мен өз елімнің патриотымын

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен өз елімнің патриотымын

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта буын оқушыларына арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге,туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға,халқымыздың салт-дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту

Сабақтың түрі: Танымдық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, мақал-мәтелдер, әнұран, интербелсенді тақта

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздерме оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын! Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын дөңгеленіп шеңберге тұрып, бір-бірімізге өз есіміздің бастапқы әрпіне орай тілек айтайық.Мақал-мәтелдер арқылы 3 топқа бөлу. Оқушылар ойларын тыңдау

Бейне ақпарат «менің Қазақстаным» ой пікір алмасу Жаңа тақырыптың мақсатын ащу

1 топ-Білім

2 топ- Достық

3 топ-Адалдық

Мәтінмен жұмыс

Топқа бөлініп болған соң, тәрбие сағатының тақырыбын ашу үшін «патриот» сөзіне сөзжұмбақ беріледі.Мұғалім сұрақтарды оқиды.

Сұрақтары:

  1. Н.Ә.Назарбаев, Қ.К.Тоқаев кімдер?

  2. ҚР-ның астанасы

  3. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата?

  4. ҚР-ның мемлекеттік гимнінің авторы

  5. Қазақстанның Ата Заңы туралы не білесің?

  6. ҚР-ның алғашқы астанасы Семей қаласынан кейінгі астана болып бекітілген қала?

  7. Белгілі сәулетшілер Ж.Мәлібеков, А.Уалиханов ҚР-ның қандай рәмізінің авторы?


  1. Негізгі бөлім

Мұғалім сөзі: Біздің алға қойған мақсатымыз өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат болып өсу. Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!»


Оқушыларға сұрақ қойылады, өз ойларын айтады:

Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кетсеңдер.


Мұғалім сөзі: Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.

- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос–жарандарың, туған-туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

Балаларға learning бағдарламасы арқылы Қазақстанның және шет ел қалаларының суреттерін ажырату тапсырмасын беремін

https://learningapps.org/view15720636

«Мақал-мәтелдерді жалғастыр»

Отан — елдіңанасы
Ел - ердіңанасы


Туған жердей жерболмас,
Туғанелдей  ел болмас.


Отандысүю — от басынанбасталады.

Отаноттан да ыстық.

Ел іші — алтын бесік.
 

Ел-елдіңбәріжақсы,
Өзеліңбәрінен де жақсы.
 

Отансызадам —
Ормансызбұлбұл.
 
Туғанжердіңқадірін
Шеттежүрсеңбілерсің.


Еліненбезген ер болмас,
Көліненбезгенқазболмас.

Сағынғанелінаңсайды,
Сарыалақазкөлінаңсайды.

Кісіеліндесұлтанболғанша,
Өзеліндеұлтан бол.


Егілмегенжержетім,
Еліненайырылған ер жетім.
 
Отанғаопасыздықеткенің,
Өзтүбіңеөзіңжеткенің.


Еріненайырылғанкөмгеншежылайды, 
Еліненайырылғанөлгеншежылайды.


Оқушылар интербелсенді тақтаның көмегімен презентация тамашалайды.

Кері байланыс Сұрақтар шеңбері

Оқушылр шеңбергше шығып,бүгінгі тәрбие сағаитынан алған әсенрлерігн ойлкарымен бөліседі

  1. Қорытынды

Қорыта келгенде “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ” деген сөз. Мен өз елімнің патриотымын. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ.

Тәрбие сағаты соңында «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтау.



















Анықтама


Бірік жалпы орта білім беретін мектебінде қаңтар айында 13 күні 6 – сынып оқушыларымен «Мен өз Отанымның патриотымын» атты тәрбие сағаты оздырылды. Тәрбие сағатына оқушылар белсене қатысты.Адалдық, Отан, патриот, білім туралы мақал-мәтелдер айтылып, тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ шешілді. Отанымыздың келешегі білімді, паториот, өз елін, жерін сүйетін балалардың қолында екенін түсінді.Келешек ұрпақ білімді, өз жері үшін жанын қиятын патриот болу үлкен мақтаныш, дәреже екенін білді.Сабақ соңында патриоттық өлеңмен аяқталды.Сабаққа оқушылар қызығушылықпен белсене қатысты.



Сынып жетекшісі: Дленова.Н.Б.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2023
377
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі