мен өз елімнің патриотымын

Тақырып бойынша 11 материал табылды

мен өз елімнің патриотымын

Материал туралы қысқаша түсінік
мен өз елімнің патриотымын тәрбие жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Құркелес ауыл округі Ақниет ауылы

ЖШС Бақыттыжан» бөбекжай балабақшасы











«Мен, елімнің патриотымын!»

Picture 1



Тәрбиеші: Қ.Төреева








2022– 2023 оқу жылы


Тақырыбы: Мен, Қазақстанның патриотымын!

Мақсаты:  Балаларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. Балалардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.  Балаларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын балаларды тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: Гимн, Ту, Елтаңба, Қазақстан Республикасының картасы

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу,сұрақ-жауап, ой қозғау, көңіл-күйді көтеру, ойын.


Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын.» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға

- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызметет етін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!


Отан деген не, кім қалай түсінеді?

Отан дейміз кең - байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Шаттық шеңбері

Аспаны ашық еліміздің,

Көркі сұлу жеріміздің,

Біз-бақытты баламыз!

Ақпыз,қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз!

Бүгінгі оқу іс – әрекетімізді Қазақстан Республикасының Гимнін орындаудан бастаймыз.

- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызметететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!


Сұрақ – жауап:

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

-Қазақстан Республикасының президенті кім?

Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.


Сергіту сәті:

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Уық болып иіліп,

Шаңырақты құрайық.

«Туған жерді гүлдендір» ойыны

Балалар алдын ала қиылған гүлдердің суреттерін тауып орнына орналастыру.

-Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл – қызы міне сендерсіңдер.Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда.

Бүгінгі «Мен, Қазақстанның патриотымын!» атты тақырыптық ашық оқу іс - әрекетімізді жылулық шеңберімен аяқтайық.

Жылулық шеңбері

«Мен Отанымды сүйемін!»

«Мен өз отанымды жақсы көремін! , Мен өз Республикамды мақтан тұтамын!,

Мен өз Республикамның бақытты бүлдіршінімін!»

Ұйымдастырылған іс – әрекетіне жақсы қатысқан балаларға «Қуанышты бейнелер» тарату.

Жақсы білі алып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.

Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай - ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2024
239
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі