Тәрбие сағатының
тақырыбы: «Мен – өз Отанымның
патриотымын!» Тәрбие сағатының
мақсаты:
Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп
қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге
тәрбиелеу. Оқушылардың таным
белсенділіктерін, қызығушылықтарын
дамыту. Балаларды Отанға деген мақтаныш, патриоттық
сезімін дамыту. «Патриот » деген сөздің терең мәнін түсіндіріп
өту. Оқушыларға патриоттық,
эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін
білдіре алатын оқушыларды
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг: мұғалім «Мен сендерді
көргеніме қуаныштымын» -деп шеңбер бойындағы оң жағымда тұрған
оқушыға жағымды сөз айтамын, ол оқушы әрі қарай бұл сөзді
басқаларына жеткізеді.
II. Жаңа
сабақ -
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Мен өз
елімнің патриотымын!» Отаным, елім – әр адамның жүрегіне жылы тиер
қасиетті сөз. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Біз
Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама
берейік.
- Балалар «патриот» деген сөзді қалай
түсінесіңдер?
- «Патриот» қандай болу керек деп
ойлайсыздар? Ол қандай
қасиеттерге ие болады?
Патриотизм – отбасына, туып-өскен ортасына,
топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз
ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана
шынайы патриот бола алады. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын,
туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт –
дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес
қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп,
халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл
тұлға.
-Біздің Отанымыз қалай аталады? Біздің Отанымыз –
Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін
жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі
бойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы,
Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар,
Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар –
әдемі қалалар.
-Еліміздің астанасы қай
қала?
Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы.Ол Есіл
өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел
біледі.
-Қазақстан Республикасы қандай
мемлекет?
Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет.
Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер
және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті,
бірлікте өмір сүріп жатыр.
-Қазақстан Республикасының президенті
кім?
Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін
білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы.
Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993
жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30
тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін,
денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды. Әрбір
азаматтың төлемақысыз білім алуға, дәрігерге қаралуға, бір -
бірімен қарым - қатынас жасауға т. с. с. құқықтары бар екен. Бірақ
нағыз азамат болу оңай емес екен. Ол үшін адамгершілік,
жауапкершілік, әдептілік керек.
Еліңнің нағыз азаматы болу үшін Қазақстанның заңдарын біліп, сақтау
керекпіз. Біздің елде әр азамат он төрт жастан бастап істеген ісіне
жауапты болады.
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба,
гимн.
Қазақстан Республикасының мемлекттік
Туы. Ортасында шұғылалы
күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран
бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын
күн, қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық
келешегі мен берекесі, тыныштық пен
байлықтың белгісі.
Кез-келген
мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол
халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы
тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы
айтылған.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз ІІ бөлімнен
тұрады?
І
бөлім: «Бәйге» деп аталады? (бұл бөлімде сіздерге сұрақтар
қойылады?)
ІІ бөлім: «Ізін
жалғастыр» ( мақал –мәтелдердің ізін
жалғастыру)
І бөлім: «Бәйге» 10
сұрақ
1.ҚР астанасы қай қала?
(Астана)
2. Қазақстан
Республикасының рәміздеріне нелер жатады?
(Әнұран,Ту,Елтаңба).
3. Қазақстан
қандай мемлекет?(Егеменді,тәуелсіз
мемлекет).
4. Қазақстан Республикасының президенті
кім?
5. Қазақтың тұңғыш
ғарышкері кім? / Т. Әубәкіров /
6.
Үйдегі
алтын адам кім ? / ана /
7. Біздің тұрып жатқан
қаламыз?
8. Біздің мемлекеттік
тіл?
9. Білім
ордасы?
10. ҚР қандай қалаларын
білесіңдер?
Сергіту сәті:
«Отаным»
әні
ІІ бөлім: Отан,отбасы туралы білетін
тақпақтарын айтқызу.
-Жарайсыңдар балалар! Енді видеороликке назар
аударайық! (Қазақстан туралы
видеоролик)
Қорытынды
-Балалар бүгінгі сабақты қортындылайық.
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Бүгінгі сабақта не түсіндіңдер? Қандай ой
түйдіңдер? Жарайсыңдар! Сендерге үлкен рахметімді айтамын! Сабаққа
өте белсенді ат салысып отырдыңдар!
Сіздер бүгінгі төменгі
сынып оқушылары– ертеңгі еліміздің болашағысыздар. «Сен де бір
кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан...» деп Абай атамыз
жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер.
Келешекте еліміздің нағыз "ПАТРИОТТАРЫ" боларсыздар деп
үміттенемін.