Тәрбие Сағаты “Мен – Өз Елімнің
Патриотымын!”
Мақсаты: – Оқушыларды Ұлы дала елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге,
өз елінің тарихын білуге, бай — қуатты ел екендігін
мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне
деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін
ояту;
–
Оқушылардың таным
белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелі түрде
жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мағынасын түсіне
білу дағдыларын дамыту.
–
оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің
қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге
тәрбиелеу;
Көрнекілігі:
Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы,
рәміздер, қанатты сөздер, гүлдер,
Барысы:
Негізгі бөлім:
– Cәлематсыздарма оқушылар! Тәрбие сағатымызды
Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын “Біз “Ұлы Дала
елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан
асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың
ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын
төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі”
атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.
Биыл 2017 жыл айтулы күндерге толы жыл, атап айтар болсақ, Қазақстан тәуелсіздігіне 25
жыл, Конституциямыздың қабылдануына 21 жыл, Семей палигонының
жабылуына 25 жыл және Бөкей Ордасының құрылғанына
215 жыл, Жәңгір хан мектебіне 175 жыл
толғалы отыр.
2017 жылы сәуір айында
шыққан Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» мақаласын туралы айтып өтейік. Біздің мақсатымыз
айқын, бағытымыз белгілі, ол-әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына
қосылу. Мақалада біздің еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары
Біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз, бұқаралық
санамызды қалай өзгерту керектігін Елбасымызтайға таңба басқандай
даралап, саралап түсіндіріп берді. Табысқа жетудің негізгі кілті
ол-құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен жоғары биікке қоятын ұлт
қана жететіндігін айтты.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
мақаласының
XXI
ғасырдағы ұлттық сана туралы
алты бағыты:
-
Бәсекелік
қабілет
-
Парагматизм
-
Ұлттық
бірегейлікті сақтау
-
Білімнің
салтанат құруы
-
Қазақстанның
революциялық емес, эволюциялық дамуы
-
Сананың ашықтығы
«Туған жер» бағдарламасы алты
бағыты:
-
біріншіден, туған өлкенің тарихын зерттеуге,
тарихи-мәдени ескерткіштер мен жергілікті ауқымдағы мәдени
объектілерді қалпына келтіруге;
-
екіншіден, елдің басқа өңірлеріне қоныстанған
бизнесмендер, шенеуніктер, зиялы қауым өкілдері және жастардың
жәрдемдесуімен кіші отанын қолдауға (аймақты жасылдандыру,
мектептерді компьютерлендіруге көмек көрсету, жергілікті
мұражайлар мен галереялардың көркемөнер қорларын қолдау және т.
б.);
-
үшіншіден, демеушілік көмекті қоса алғанда кіші
отанына көмектесетін түрлі қолдау және әлеуметтік құрмет нысандарын
іздеуге;
-
төртіншіден, «Қазақстаның қасиетті рухани
құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»
жобасы арқылы халықтың жалпыұлттық киелілік санасын нығайтуға,
киелі жерлердің мәдени және рухани мұрасы «бірыңғай өріс, бір
тізбек» құрылған кезде;
-
бесіншіден, «отандық мәдениет
БҰҰ-ның алты тілінде: ағылшын, орыс, қытай, испан, араб, француз
тілдерінде естілсін деп «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет»
жобасын іске асыруға бағытталған. «... Бұл үлкен аудармашылық жұмыс
және біздің мәдени жетістіктерімізді жетілдірудің арнайы әдістері -
кітаптар, пьесалар, мүсіндер, суреттер, музыкалық шығармалар,
ғылыми жаңалықтар және т. б.»;
-
алтыншыдан, «Қазақстанның 100
жаңа адамы » жобасын іске асыру арқылы қоғамның назары біздің
замандастарымыздың тарихына бағытталатын болады - «бұл осы қарқынды
жылдары табысқа қол жеткізген түрлі аймақтардағы, әртүрлі жастағы
және түрлі ұлттағы 100 нақты адамның тарихы болып
табылады.
Біз армандарды ақиқатқа
айналдырдық.
Мәңгілік елдің іргетасын
қаладық.
-
Ой шақыру.
Мұғалімнің сөзі:
-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті
сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған
туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін
жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі,
Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз
Отанымызды, елімізді сүйеміз.
–
Отан туралы Қазақстан Республикасының елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың жазғанын тыңдаңдар:
( Қ.Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
портретін көрсете оқу)
Отансыз адам – қай жерде жүрсе де бейшара адам.
Өзіңнің еліне, Отанына, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне
адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын-елін ойлап,
осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның
дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген
түсінікте болу керек. (Нұрсұлтан Назарбаев)
(Балалардың пікірлері)
–
Отан – бұл біз тұрып жатқан жер. Біздің
туып, өскен ауыл. Отан- бұл біздің ата- әжеміз,
әке-шешеміз, туыстарымыз.
–
Дұрыс, Отанына деген сезім – әр азамат үшін ең
маңызды сезім. Оны алуан шығармалар, өлеңдер, суреттер арқылы
сезінуге болады. Дарынды ақындар, суретшілер,
музыканттар өз туған жерінің ғажайып табиғатын, сұлулығын
көптеген өлеңдер, суреттер, музыкалық шығармалар арқылы мақтан етіп
жазған.
-
Мағынаны таңдау.
Білім алушыларға адамның азаматтық-патриоттық
ұстанымын сипаттайтын адамның қасиетін анықтау және кестені толтыру
ұсынылады:
Кесте – Білім
алушыларға адамның азаматтық-патриоттық ұстанымын сипаттайтын
адамның қасиетін анықтау
Патриотқа тән қасиет
|
Патриот емес адамның
қасиеті
|
Маған тән қасиеттер
(алдыңғы бағандардан)
|
Болжамды жауаптар:
• жауапкершілік;
• әділеттілік;
• төзімділік;
• адалдық;
• батылдылық;
• шыдамдылық;
• ризашылдық;
• зейінділік.
|
Болжамды жауаптар:
• өзі
өмір сүріп жатқан қоғамды құрметтемеу;
• жауапсыздық;
• отбасы алдындағы
борыштың болмауы;
• берекесіздік;
• бағдарсыздық (өз елі
туралы дұрыс пікірде
болмау және оны
жақсарту үшін ештеңе
жасамайды);
• арамтамақтық, жұмыс
істегісі келмеу;
• Отанға деген
сүйіспеншіліктің
болмауы.
|
|
-
«Патриот деген ол
….»
-
Әскери міндетке жауапкершілікпен
қарау;
-
Туған жерге деген ыстық
сезім;
-
Ата- баба өсиетіне адал
болу;
-
Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге
ұмтылу;
-
Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен
мүддесі үшін жұмсау;
-
Ана тіліне деген құрмет;
-
Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін
құрметтеу;
-
Елдің тарихын құрметтеу;
-
Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет
сезім;
-
Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін
мақтану;
-
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен
қарау;
-
Заңға бағыну;
-
Үкіметті сыйлау;
-
Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын
қорғауға дайын болу;
-
Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге
құштарлық;
-
Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін
тыңбай нығайту;
-
Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны
гүлдендіру
-
Сұрақ-жауап
ойыны.
Сұрақтары.
-
ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар
,шаңырақ,жұлдызша.күн
-
Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991
жыл 16 желтоқсан)
-
«Отан қорғау» дегенді қалай
түсінесің?
-
Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?
Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан
республикаларымен
-
Әнұранның авторларын ата? –
(Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжмединов, Н.Назарбаев).
-
ҚР тұңғыш президенті кім? –
(Н.Н.Әбішұлы)
-
ҚР неше облыс бар? – (14
облыс)
-
Қазақ хандығының құрылғанына неше
жыл?
-
Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар
Әубәкіров)
-
Конституция күні? – (30
тамыз)
-
Облысымыздан шығатын газет?
–
-
ҚР тәулсіздігін алғанына биыл неше жыл
толады?
-
«Синквейн жазу» әдісі.
«Синквейн» француз тілінен аударғанда белгілі бір
ережемен жазылатын бес жолдан тұратын өлең дегенді білдіреді.
Синквейн жазылу тәртібі:
Бірінші жолға бір сөзден тұратын - зат есім. Бұл
синквейннің тақырыбы.
Екінші жолға синквейннің тақырыбын ашатын – екі
сын есім.
Үшінші жолға синквейннің тақырыбына қатысты
іс-әрекетті сипаттайтын үш етістік.
Төртінші жолға білім алушы тақырыпқа қатысты
білдіретін бірнеше сөздерден құралған сөйлем. Ол қанатты сөздер,
дәйексөз немесе білім алушы
тұрғысынан айтылатын мәнмәтіндегі сөйлем болуы
мүмкін.
Соңғы жол – бұл түйіндеме -сөз, тақырыпқа жаңа
интерпретация беріп және оған өзінің жеке қатынасын білдіруге
мүмкіндік береді.
Білім алушылар өз бетінше синквейн құрайды,
шамамен мынадай мазмұндағы:
-
Патриот
-
Аса
өнегелі, жауапты
-
Еңбектенеді, жасайды, күреседі,
-
Өз
Отанын сүйеді,
-
Азамат.
-
Жақсылық
–рефлексия
(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер
құрастыру)
–
Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен
оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,
алысқа жетелейтін армандарыңды тілеңдер. (Жіп
мұғалімге келеді.)
–
Бізбен жіп не істеді?
–
Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі
ме? (Балалардың пікірі)
–
Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге
болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ
астында тату өмір сүруіміз керек. Мектепте болып жатқан
әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға
ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құрметтеп, еліміздің
өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де
көркейіп, гүлденеді.
Тәрбие сағатын Н.Ә.
Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп
тұр:
“Өз Отанының патриоты болу –
Қазақстанды өз жүрегінде ұялату
”.
«Бекітемін»
Қараөткел ауылы
№2 орта мектебінің директоры
Буян С.
__________________
«_____»________2017ж
«Келісемін»
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
Наушабекова Г.А.
____________________
«_____»________2017ж
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Мен өз елімнің
патриотымын
Сыныбы: 8
«А»
Сынып
жетекшісі: _______________
2017-2018 оқу
жылы
Патриотқа тән
қасиет
|
Патриот емес адамның
қасиеті
|
Маған тән қасиеттер
(алдыңғы
бағандардан)
|
|
|
|