Материалдар / Мен өз елімнің патриотымын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен өз елімнің патриотымын

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалім, тәрбиешілерге керек жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2018
262
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Мен - өз елімнің патриотымын»

Мақсаты:Балаларға біздің Республика күні жөнінде түсінік беру. Ол неге аталып өтіледі? Оның қандай рәміздері бар? Ол бізге неге ыстық?

Балалардың патриоттық және адамгершілік сезімін ояту, «Отан" туралы түсініктерін кеңейту.Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.Туған жерін сүюге, қадірлеуге үйрету.

Тәрбиелік іс-әрекеттің көрнекілігі: Қазақстан картасы, суреттер, слайдтар,

интерактивті тақта.Сынып тақтасында тақырып пен Желтоқсан құрбандарының суреттер.Олардың астында гүл шоқтары.

Блингвалдық сыңары: Менің Қазақстаным-Мой Казахстан, Отан-Родина.

Іс-әрекет кезеңдері

Келген қонақтармен амандасу

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал,кәнекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге,

Сәләмәтсіздер ме апайлар!

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, барлығы бірге қосылып айтады.

Біз Қазақтың баласы

Дені сау салауатты

Біз-ұлттың болашағы

Білімді де сауатты

Тәрбиеші: Құрметті ата аналар, қонақтар! Барлығыңызды мерекеңізбен құттықтаймын! Кішкене бөбектеріміз сіздерді қуанта берсін! Еліміз тыныш ,дендеріміз сау, аспанымыз ашық болсын!

Бұл мереке салтанатты болғандықтан еліміздің әнұранымен ашуға рұқсат етіңіздер!

Әнұран айту. (Барлығы орындарынан тұрып жүректеріне оң қолдарын қояды)

Балалар біздің ұлтымыз кім?

Қазақ

Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?

Қазақстан Республикасы.

Қазақстан қандай мемлекет ?

Егеменді,тәуелсіз мемлекет.

Елбасымыз кім?

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Елорда бас қаламыз қай қала?

Астана қаласы.

Ал өзіміз қандай қаланың жанында тұрамыз?

Орал қаласы.

Ал Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

Татар,өзбек,корей,шешен,қырғыз,орыс т.б

Олармен біз қалай тұрамыз?

Тату тұрамыз.

Ал бүгінгі өткізіп жатқан шарамыз қандай мерекеге арналып жатыр?.

Білім күніне.

Дұрыс балалар өте жақсы жауаптар бердіңдер.

Ал енді айтыңдаршы Егемендігіміздің белгісі нелер?

Рәміздеріміз. Ту ,Елтаңба,Әнұран.

Ендеше Өзңмңз жаттаған тақпақтарымызды ,дайындаған Әндерімізді Тәуелсіздік мерексіне шашу етіп шашайық.

Арина Тудың түсі көгілдір. Ортасында күн. Күннің астында қыран құс. Оң жағында қазақтың ою-өрнегі. Мемлекеттік тудың авторы--- Шәкен Ниязбеков.

Ту туралы тақпақты Сұлтан айтады.

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Аяулым. Елтаңбаның ортасында шаңырақ. Екі жағында тұлпар,жоғарғы жағында жұлдыз,астында «Қазақстан» деп жазылған. Елтаңбаның авторы- Жандарбек Мәлібеков. Шота Уалиханов

Елтаңба туралы Айша айтып береді.

Құтты береке шаңырақ

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

Әнұран туралы Бекзат айтады

Барша халық таныған

Біздің үміт, тілекті.

Шырқалғанда әнұран Шаттық кернер жүректі

Нұргүл Елтаңбамыз ажарлы

Әнұранымыз әуенді

Асқақ бола түссін!

Елдігіміздің белгісі –





Хор: «Нұр аға»

7.Ардақ

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн!

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн!


8.Айым

Жасай берсін Ұлы күн,

Үміті боп елінің.

Ақ күні боп баланың,

Шаттығы боп атаның

Ән: «Мен ауылға барамын»

9. Эльмира

Он алтыншы желтоқсан-

Елдің ұлы мейрамы.

Жаңа шыққан көктемдей,

Жаз күніндей жайдары


10. Мейрамбек

Арымыздай тап-таза,

Жанымыздай шуақты.

Көтерілді биікке,

Қазақстан байрағы.


Ән: «Достар»


11. Саяна

Естісін ел үніңді

Дүние түгел естісін

Тәуелсіздік туыңды,

Биік ұста бүлдіршін


12. Мирас

Зеңгір аспан көгілдір

Алтын күні төрінде.

Тамылжытып төгіп тұр,

Шаттық сыйлар көңілге


13. Айрика

Өзіңдікі еліңде,

Өзіңдікі Жерің де,

Өзіңдікі өзің еткен бақ,

Тәуелсіздік төрінде.


Ән: «Болайықшы осындай»


14. Ақбота

Өзіңдікі Туың да,

От пен ауа,суың да

Жаса Қазақстаным

Белді бекем буын да.


15. Аружан

Сәнді бізің мектебіміз

Жасыл желек көшеміз

Аясында Отанның,

Асыр салып өсеміз

Ән:»Санамақ»

Балалар бәріміз бірігіп Отан туралы тақпағымызды айтайық

Отан деген-атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан-ана, Отан-үлкен,

Қазақстан-туған ел

Ойын «Киіз үй»

Дөңгелене тұрамыз

Керегені құрамыз

Уықтар боп иіліп

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді тігеміз

Еліміздің аспаны ашық болсын!

Жерімізде гүлдер көп болсын! (Гүлді шашу)

Ал балалар гүлден шашу шаштық енді осы гүлдерді бір бірден алып Отанымыз туралы мақал айтайық.(Әр бала өз мақалдарын айтады)

Хор «Біз өмірдің гүліміз»

Хормен: Жақсыдан үйренейік Жаманнан жиренейік

Еліміздің ең ақылды,ең білімді,ең бақытты азаматы болайық

Балалар жарайсыңдар! Өздерің Отандарыңды қалай сүйетіндеріңді дәлелдеп бердіңдер! Осылай еліміз,жеріміз гүлдеп ,жайнай берсін!



Арина«Отансыз адам – Ормансыз бұлбұл»

Аяулым«Туған жерге туынды тік»

Сұлтан «Опасызда Отан жоқ»

Айша«Туған жердің қадірінШетте жүрсең білесің»

Ардақ«Отанды сүю- отбасынан басталады.»

Айым«Отаның берік болса, жауың алмайды.»

Эльмира«Туған жердің ауасы да шипа»

.Мейрамбек «Ер жігіт ел үшін туады,Ел үшін өледі»

Саяна «Батыр туса – ел ырысыЖаңбыр жауса – жер ырысы»

Мирас«Отан- Оттан да ыстық»

Бекзат Ел іші-алтын бесік»

Нұргүл«Отан- елдің анасы, Ел- ердің анасы»

Айрика«Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.»

Ақбота«Опасызда отан жоқ.»

Аружан«Отаның тыныш — сен тыныш»























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!