400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен өз елімнің патриотымын

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп мұғалімдеріне, мектеп оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні 01.09.2018

Мұғалімнің аты- жөні Смагулова Г.С.

Сынып 7Б

Қатысқандар саны-

Қатыспағандар-

Тақырыбы

Мен өз елімнің патриотымын

Мақсаты

Оқушылардың Отанына деген патриоттық сезімі мен мақтанышын ояту;

көшбасшылық қасиеттері бар азамат және патриот қалыптастыру.


Құндылықтарға баулу

Жан- жақты тұлға болып қалыптасуға баулу

Бағалау критерийі

Кері байланыс

Әдіс- тәсілдер

Әңгімелесу, баяндау

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет

Жоспарланған уақыт

Жоспар

Ресурстар

Сабақтың басы

Сыныпта психологиялық ахуал тудыру. Тренинг «Мен сендерді көргеніме қуаныштымын».Әр оқушы өзінің жылы лебізін білдіреді.

Құрметті оқушылар! Бүгінгі 1 қыркүйек – Білім күні мерекесімен баршаңды шын жүректен құттықтаймын. Бүгін Республикамыздың әр мектебінде «Мен өз елімнің патриотымын!» атты тәрбие сағаттары өтуде. Сендер, еліміздің жанашыры, патриоты, топ жаратын көшбасшылары болатындарыңа мен толықтай сенемін.







Сабақтың ортасы

Балалар, біздің сүйікті Отанымыз, қасиетті мекеніміз қай Республика? (Қазақстан)

Қазақстан қандай мемлекет? (демократиялық, зайырлы, құқықтық, көпұлтты, әлеуметтік)

Елімнің атын айтсам – Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығым атын айтсам – Қазақстан!

Ой тастау.

Қазақстан елі қандай қасиеттерімен айбатты және айбынды?

Олай болса, біз осы тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекетіміздің өсіп өркендеуіне өз үлесімізді қалай қосамыз?

Shape2 Shape1

Shape5 Shape4 Shape3 Біз кімбіз?





Біз бақытты оқушымыз.Себебі, біз спортты сүйетін, салауатты сан мамандықты игеретін, болашақ өмір салтын сақтайтын дені сау мамандық иелеріміз.

Біз Тәуелсіздік тірегіміз.

Біз оған тәртібімізбен, сапалы білімімізбен,

жақсы қасиеттерімізбен үлес қосамыз.

Отаным, елім – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама берейік.  - Балалар «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Оқушыларымыздан алынған сұқбатқа көңіл бөліп, назар аударайық.  
Постермен жұмыс.

Әр топқа тапсырмалар беріледі.
1- топ: «Осы күннің батырлары» туралы не білеміз?

2-топ: « Патриот болу үшін ер баланың бойында қандай қасиеттер болу керек?

3-топ: Патриоттық тақырыпта ән шырқау.

4-топ:Өлеңдер оқу.

5-топ:Нақыл сөздер

Толықтыру. Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі. Н.Г.Чернышевский айтқандай: "Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді".  
Патриотизм – отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.  
Патриотизм – туған жерге Отанға, ата-баба жатқан жерге, «перзенттік» махаббат.  
Патриот – Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам.  
Мирза Фатали Ахундов  
« Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ».  

Патриотизм – қажет уақытта өзіне әрбір адамның «бұйрық» беріп, «сын сағатта істей алмаймын» дегенді жеңе білу.  
Патриотизм - өз Отанына деген махаббат, адалдық.  
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел Президентінің бұл сөзі жастарға серпіліс беріп және оларға үлкен сенім артатынының дәлелі. Елім, жерім, тілім деген әрбір қазақты патриот дейміз.  
“ Туған жеріңе не бересің? ”ойыны

Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  туған жеріңе не істер едің? Сұрағына жауап айтамыз.Мысалы: әдемі бір үй салар едім...

– Бізбен жіп не істеді?

– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?  


Сабақтың соңы

        Ең бастысы, қадірлі де қастерлі тәуелсіздігіміз бар, бір ту астына жұмылдырған бірлігіміз бар, көңіліміз секілді кең жеріміз бар, бізге бұдан асқан еш нәрсе керек емес. Тек Қазақстанның әр азаматының бойында жалындаған отты жігер мен елімді дамытамын деген биік мақсат тұрса болғаны. Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек.

Қорыта келгенде “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ” деген сөз.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қазан
469
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі