400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен-өз елімнің патриотымын.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының жоспары

Күні: 01.09.2018ж

Сынып: 4 « »

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мен-өз елімнің патриотымын.

Сабақ мақсаты

Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.

Кешенді міндеттері

- білім алушылардың жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету;

- білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, мәдени-генетикалық код, «Мәңгілік Ел», жаңғырту, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, меритократикалық қоғам», «білімнің салтанат құруы» ұғымдарын меңгеруге көмектесу;

- білім алушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту;

- білім алушыларды зияткерлік және шығармашылық дамыту;

- жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру;

– Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру.

Ресімдеу

Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту бейнеленген плакаттар

Қазақстан Республикасының картасы (физикалық, саяси)Қазақстан экономикасының әртүрлі саласына үлес қосқан атақты адамдардың суреттері және т.б.

Музыкалық және бейне көркемдеу

Мемлекеттік Әнұранның, «Атамекен», «Менің Қазақстаным» әндерінің аудиожазбасы, «Менің Қазақстаным» бейнеоролигі

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары


Интерактивті тақта

Бейнепроектор

Компьютер

Үлестірмелі материалдар

Патриотизм, Отан туралы өлеңдер мен нақыл сөздер, тіл туралы, еңбек туралы мақал-мәтелдер және т.б.

Эпиграфтар

«Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау!» Н.Ә. Назарбаев

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

7- мин

Миға шабуыл. «Ассоцация» тәсілі

Әр білім алушыға «Патриот» ұғымы кіммен немесе немен байланыстырылатынын ойлану және сөйлемдерді жалғастыру ұсынылады:

Патриот – бұл...........

Болжамды жауаптар:

1. Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.

2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.

3. Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.

4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.

5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.

6. Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.

7. Елі үшін өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады.

8. Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және білетін адам.

9. Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.

10. Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.

11. Елі әлемдегі ең үздік ел болуын және барлығы лайықты өмір сүрсе деп армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам.

12. Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды.

13. Өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық мерекелерін біледі, ата- бабаларын мақтан тұтады.

14. Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін.

ПАТРИОТИЗМ ген арқылы қаланбайды, бұл - жеке тұлға, азамат, патриот ретінде өзін-өзі білдіру, мемлекет өміріне белсене қатысу арқылы барлық қоршаған ортамен қалыптасатын әлеуметтік сапа.


Сабақтың ортасы

8-30мин

«Жібек жолы» іскерлік ойыны: сауда керуені жолымен білім алушылар қалаларға біздің ұлттық бірегейліктің базасын құрайтын ежелгі ескерткіштер орналасқан қалаларға аялдама жасайды. Шағын топтарда жұмыс істей отырып осы ескерткіштер туралы постер дайындайды және қорғайды. Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және ежелгі Отырар қаласы, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар тізіміне енгізілген Тамғалы археологиялық кешені айналасындағы ескерткіштерді сипаттау ұсынылады;


Сабақтың соңы

30-40 мин

Кері байланыс: Әрбір білім алушымен «Тегтер бұлты» инновациялық тәсіл көмегімен жүргізіледі, онда мыналар толтырылуы қажет:

Мен ...............................................таныстым.

Маған ................................................оңай болған жоқ.

Мен .........................................................қол жеткіздім.

Мен ...........................................................істей алдым.

..................................................болса жақсы болар еді.

Менің .......................................................есімде қалды.

Мен ...........................................................істеп көремін.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 қараша
456
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі