жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Мен өз елімнің патриотымын"
Ақсай қаласы
№6 жалпы білім беретін орта мектеп
Тәрбие сағаты
«Мен-өз елімнің патриотымын»
2018-2019 оқу жылы
Сабақтың мақсаты – қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
- білім алушылардың жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету;
- білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, мәдени-генетикалық код, «Мәңгілік Ел», жаңғырту, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, меритократикалық қоғам», «білімнің салтанат құруы» ұғымдарын меңгеруге көмектесу;
- білім алушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту;
- білім алушыларды зияткерлік және шығармашылық дамыту;
- жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру;
– Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру.
Барысы:
1.Ұйымдастыру.
Шаттық шеңберін құрып, оқушылармен танысып,
сыныптастарына жаңа оқу жылына деген ыстық тілектерін
арнау.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, тақтадағы бүгінгі сабағымыздың тақырыбына зер салып қарайықшы. «Мен - өз елімнің патриотымын». Бұл жерде патриот деген сөз жатыр. Ал осы сөздің не мағына беретініне «Ассоцация» тәсілі арқылы талдау жасап көрейікші.
Әр білім алушыға «Патриот» ұғымы кіммен немесе немен байланыстырылатынын ойлану және сөйлемдерді жалғастыру ұсынылады:
Патриот – бұл...........
Болжамды жауаптар:
1. Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.
2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.
3. Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.
4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.
5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.
6. Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.
7. Елі үшін өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады.
8. Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және білетін адам.
9. Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.
10. Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.
11. Елі әлемдегі ең үздік ел болуын және барлығы лайықты өмір сүрсе деп армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам.
12. Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды.
13. Өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық мерекелерін біледі, ата- бабаларын мақтан тұтады.
14. Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін.
Оқушылар өте дұрыс айтасыздар! Ендігі кезекте тарихтан алған білімдерімізді еске түсіріп «Жібек жолы» ойынын ойнайық!

Қытайдан бастауын алған сауда жолы Орта Азия
арқылы бүкіл Еуропаға тарағаны белгілі. Шамамен осыдан 3-4 мың жыл
бұрын Хан патшалығы кезінде өркендей бастаған Жібек Жолы алғашында
Қытайдың Орта Азия халықтарымен достық байланысты нығайту үшін
салынған жобасы делінеді. Аты айтып тұрғандай, керуен жолымен
бүгінгі Қазақстан территориясына негізінен жібек маталары
әкелінген. Сауда айналымы артып, керуен қатары өскен сайын жолдың
бағыты да өзгере берді, яғни саудагерлер Қара теңіз арқылы батысқа
бет алып, тауарын Еуропа халықтарына
тасымалдады.
Кәрі құрлық халқына өркениеттің келетіні де
осы кез. Ұлы Жібек Жолымен бірге Еуропаға тек сауда тауарлары
жеткен жоқ, сондай-ақ, Азия халықтарының мәдениеті де қоса
келді. Жібек Жолының жандануымен қазақ даласындағы
халықтың біразі отырықшылыққа өтіп, өңірде жаңа қалалар пайда бола
бастады. Ал, Отырар, Испиджап, Суяб, Сауран, Тараз сынды үлкен
шаһарлар гүлденіп, елдегі маңыздылығын арттыра түскен. Сауда
жолының бойында орналасқандықтан аталмыш қалалар тез өркендеді,
ондағы халықтың саны да күрт артқан болатын. Демек, осынау шаһарлар
тарихына бір көз
жүгіртсек...
Топтық жұмыс: Әр топқа постерлер беріледі. Сол қалалар бойынша сіздерге қосымша ақпараттар беріледі.10 мин уақыт аралығында постер дайындап қорғауларыңыз қажет.

Отырар Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі. Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан. Отырар қаласының аты VIII ғасырдан бастап аталғанмен, оның бастапқы тарихы б.з.б. II ғасырда Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты. IX ғасырдың ортасынан бастап Отырар Самани әулеті мемлекетінің ықпалында болды. Осы кезеңнен бастап бұл өлкеде сауда-саттық жасау, ғалымдардың «білім қууды көздеген» саяхаттары адамдардың ой-өрісін кеңейтті. Өнердің, ғылым мен колөнер кәсіпшілігінің таралуына ықпалын тигізді. Энциклопедист-ғалым әл-Фарабидің осы қаладан шығуы кездейсоқ емес. Отырардың алып жатқан ауданы 200 гектарға жетіп, нағыз Шығыс қаласына айналған болатын. 1219 жылы Шыңғысхан шапқыншылығынан кейін қала жермен-жексен болды. Қазіргі таңда тек орны ғана қалған.Көне Тараз қаласы қазіргі Тараздың орнында болған. Бұл жайындағы алғашқы дерек грек елшісі Земархтың хабарламасында айтылады. Ал, 630 жылы Сюань Цзанның жазбасында ірі сауда қаласы ретінде сипатталған. Тараз VII- VIII ғасырда Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығына айналған керемет шаһар. Мұнда оңтүстіктің күміс кендері мен терістіктегі қимақтарға баратын керуен жолдары тоғысатын. X ғасырдағы араб географы әл-Макдиси қала жайында былай деп жазды: «Тараз – бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, қамал сыртынан терең орлар қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала». Көне Тараздың қазіргі Тараз қаласының орнында орналасқанын алғаш В.В.Бартольд дәлелдеген. Кейін археологтар М. Е. Массон, A. Н. Бернштам, Е. И. Агеева, Г. И. Пацевич, Т. Н. Сениговалар қаланың көлемін, құрылысын, мәдени қабаттарының калыңдығын анықтады. Соның нәтижесінде Тараздағы өмір б.з. I ғасырда пайда болып, XVI ғасырға дейін жалғасқан деген қорытынды жасалды.

Құлан орта ғасырдағы (VII-XIIғ.) шағын қаланың
орны. Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан
ауылы. Қала туралы алғашқы тарихи деректер VII ғасырдан бастап
белгілі. Саяхатшылар Ибн Хордадбек, Құдам қолжазбаларында Құлан
Тараз қаласының шығысына таман, Ұлы Жібек жолындағы қала деп
көрсетіледі. Әл-Макдиси Құланды 10 ғасырда былай сипаттады:
«Күмбезді мешіті бар, мықты қоршалған қамал. Бұл үлкен Тараз
жолының бойында орналасқан бекіністі қала». 1963—65 ж. Қазақстан
Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының археологиялық экспедициясы
зерттеп, қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылы маңындағы
төбе-төбе үйінділерді ежелгі Құлан қаласының орны деген қорытындыға
келді.

Сайрам (Испиджап) туралы алғашқы деректер біздің жыл санауымызға дейінгі ІV ғасырда парсылардың шежіре кітабы "Авестада" кездеседі. Аталмыш бастау хатта қаланың орналасу ендігі Сайрам елі деп көрсетілген екен. Соған қарағанда бұл атау қаланың ықпал ету аймағын білдірсе керек. Көне түрік тілінде "Сайрам" тастақ сай деген ұғымды білдіреді. Ал Испиджаб "екі дария аралығы" деген сөздің баламасы екен. Қаланың одан басқа да Орынкент, Аққала деген аттары болған. Бірақ, тарихи жазбаларда да, кейінгі замандары да бұл атаулар сирек қолданылады.
Жібек жолының
үстінде тұрған қаланың дамуына сауда мен кәсіпкерліктің ықпалы зор
болды. Онда ірі бай, іскер адамдар тұрды. Қалада әкімшілік басқару
жүйесінің құрылуы қаржыларды қорландыруға, қазынаны мақсатты
бағыттарға жұмсауға, экономиканы жүйелі дамытуға, оған бай
адамдарды тартуға мүмкіндік берді. Кейінгі кездері табылған
деректерді негізге ала отырып, қазіргі тарихшылар Сайрам жерін осы
ұланғайыр кеңістікті мекендеген тайпалардың еркін араласу аймағы,
яғни экономикалық орталығы болды деген болжамдар
айтуда.
Сол заманда
орын алған шапқыншылықтар Испиджаб әркениетіне ауыр соққы болып
тиді. Шыңғыстың жер қайыстырған әскері Сайрам өңірін дауыл
соққандай жапырып өтті. Сол трагедияның куәсі болған
"Муджам-ал-булдан" атты географиялық сөздіктің авторы Яқұт Ханауи
әр-Руми былай деп жазды: "Испиджаб, Тараз, Сауран, Усбаникент және
Фараб жазмыштың тәлкегіне тап болды... сонан соң 616 жылы аспан мен
жер жаралғаннан ешбір болмаған апатқа ұшырады. Олар осы қалада
қалғандарды қырып-жойды. Тамаша баулар мен әсем қалаларда қираған
қабырғалардан басқа және құрып кеткен халықтың сүрлеу-сорабынан
басқа ештеңе қалған жоқ".

Атырау қаласынан 55 шақырым жерде, Жайықтың
оң жақ жағасында бір кездегі
атақты Сарайджук
(Сарайшық)қаласының қираған орны жатыр. Қаланың іргесі
XI ғасырда қаланған, гүлденген дәуірі XIII-XIV ғасырлар аралығы.
Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолы бойында
орналаскан. Мұнда салтанатты сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар,
мешіт-медреселер салынды. Қала кейінірек Алтын Орда хандары
жерленген қасиетті орынға
айналған.
Жібек Жолының бойында сонымен қатар, Суяб,
Баласағұн, Сауран, Түркістан сынды ірі қалалар да бар болатын.
Шапқыншылық, соғыстар кезінде аталған шаһарлардың барлығы дерлік
жер бетінен жоғалды. Ғалымдар осынау қалалар бүгінгі күнге дейін
жеткенде Қазақстанның бүгінгі жай-күйі мүлдем басқа болар еді
дегенді айтып жүр. Қазіргі таңда бұл тарихи орындардан тек қана
кішкентай төбелер
қалған.

Топ бойынша оқушылар өз постерлерін қорғайды, таныстырады.
Рефлексия әрбір білім алушымен «Тегтер бұлты» инновациялық тәсіл көмегімен жүргізіледі, онда мыналар толтырылуы қажет:
Мен ...............................................таныстым.
Маған ................................................оңай болған жоқ.
Мен .........................................................қол жеткіздім.
Мен ...........................................................істей алдым.
..................................................болса жақсы болар еді.
Менің .......................................................есімде қалды.
Мен ...........................................................істеп көремін.
Осымен біздің сабағымыз аяқталды.
Барлықтарыңызға көп рахмет. Өз еліміз Қазақстанды мақтап етіп, салт
дәстүрін, тарихын мақтанышпен айтатын патриот
болайық!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген