жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
“Мен өз елімнің патриотымын”
Сабақтың тақырыбы: “Мен өз елімнің патриотымын”
Сабақтың арқауы: Мен – мәдени ұлттық игіліктер патриотымын.
Мақсаты:
– Оқушыларды Ұлы дала елін
сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын
білуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған
еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін
арттырып, махаббат сезімін ояту;
– Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту.
Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс
жасап, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
– оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай
білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: карточкалар, рәміздер, қанатты сөздер.
Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, география.
Барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқушылырды жаңа оқу жылымен құттықтау.
– Cәлематсыздарма оқушылар! Сіздерді жаңа оқу жылымен және де Конституциямыздың қабылдануына 22 жыл болуымен құттықтаймын. Бүгінгі тәрбие сағатымызды мерекелік көңіл-күймен бастайық!
-
Қазақстан республикасының әнұранын орындау.
-
Негізгі бөлім: (Мотивациялық бөлім)
Тәрбие сағатымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.
Ал енді балалар мен қазір сіздерге сұрақ қоямын, ал сіздер сол сұраққа жауап беру арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашуларыңыз керек.
«Өзінің жеке мүдделерінен мемлекеттің мүдделерін жоғары қоятын, оған адал қызмет ететін, өз мемлекетінің жоғары дәрежелі бірегей азаматы». Енді бір сөзбен айтқанда ол қандай адам?
Жалпы патриот деген кім, патриотизм дегенді қалай түсінеміз?
Патриот - бұл .............(Оқушылыр пікірлері)
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке осындай сіздер сияқты патриоттық сезімі жүректерінде түнып тұрған ата-бабаларымыздың арқасында қол жеткіздік деп ойлаймын. Сендердің патриот, патриоттық сезім туралы ойларыңды, пікірлеріңді тыңдай келіп мынандай қорытынды жасадым.
Отансыз адам – қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліне, Отанына, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын-елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек.
(Практикалық бөлім)Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.
1 топ - Отаншыл
2 топ - Намысшыл
3 топ – Білімді
4 топ – Патриот
Қазір біз сіздермен ежелгі ескерткіштер орналасқан қалаларға кішігірім саяхат жасаймыз.
Топқа бөлінгеннен кейін әр топтан бір оқушыдан шығып өздері қорғайтын постерлардың тақырыбын алады. Тақырыптар және болжамды жауаптар:
1. Бекет ата жер асты мешіті - Маңғыстау облысының Оғланды жерінде орналасқан. Бұл діни сәулеттің ескерткіші XVIII ғасырмен даталанады. Бекет ата маңыздылығы бойынша Қожа Ахмет Яссауи жерлеу орнымен қатар бірге тұрған киелі орын болып саналады. Екі жүзжылдық бойы осы жерге әулиенің рухына сыйыну үшін қажылыққа келген адамдар барып жатады. Аңыз бойынша Бекет ата түрлі жерлердегі төрт мешітті салған. Ең ірісі Оғландыдағы мешіт болып табыады. Ол биік жартастың орта қабатында салынған, ол кертпешімен бұта қалың өскен терең қоунауға, түскен. Оның сатысы мешітке кіреберістің алдында салынған шағын алаңға апарады. Бірінші жай – күмбезтәрізді төбенің орталығында тесілген терең жарық саңылауымен жарықтандыратын вестибюль. Вестибюльдің батыс жағында оңтүстік қабырғасында михрабы бар намаз залы, ал оңтүстік-шығыс жағынан екі жай орналасқан, ал олардың бңрңнде Бекет ата жерленген.
2. Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Яссауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.
3. Отырар – ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Отырар 5 – 15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.
4. Айтау тауының (Шу-Іле таулары) оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Таңбалы тауына жақын өзі аттас бұлағы мен археологиялық кешені бар Таңбалы шатқалы орналасқан. Тарихи-мәдени мұралардың бірегей кешені Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 км, Қарабастау ауылынан 5 км қашықтықта жатыр. Археологиялық кешен түрлі тарихи кезеңдерге қатысты 5000-нан аса петроглифтерді және қоныстар, қорымдар, оба-молалары, құрбандық шалу, тас уату орындары сияқты басқа да бірнеше ондаған ескерткіштерді қамтиды. Кешеннің неғұрлым құнды бөлігін орта қола дәуіріне жататын петроглифтер құрайды, олар тайпааралық ғибадат орнымен тікелей байланысы бар деген болжамды айғақтайды.
-
Рефлексия.
(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)
– Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап, алысқа жетелейтін армандарыңды тілеңдер. (Жіп мұғалімге келеді.)
– Бізбен жіп не істеді?
– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме? (Балалардың пікірі)
– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек. Мектепте болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құрметтеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген