"Мен өз елімнің патриотымын" тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мен өз елімнің патриотымын" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге оқушылармен тәрбие сағатын өткізуде керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

150 ЖББ мектеп ДТЖІО

___________Хамраева С.Н.





Shape1

Тәрбие сағаты







Shape2

«Мен өз елімнің патриотымын!»












М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектеп

8 А сынып жетекшісі

Педагог-шебер Балинова А Х.






Алматы, 2020ж


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!».

Мақсаты:

Елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

Жас ұрпақты сүйіспеншілікке, елжандылыққа, Отанын құрметтеп қастерлеуге тәрбиелеу. 

«Патриот» сөзінің терең мәнін түсіндіріп өту, патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын тұлғаны тәрбиелеу.



Барысы:

Оқушылар «Жаса Қазақстан» әнін тыңдайды. https://youtu.be/rwsXpwIYGo8



Мұғалімнің кіріспе сөзі:

«Бүгінгі күні зиялы қауымның маңызды міндеті өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу деп санаймын» Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәйек сөзі.

  • Өз елінің патриоты болу үшін әр адамның бойында не болу керек? –

Оқушылар топтарда кластермен жауап береді.


Жұмыстар «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағаланады.



Мұғалім: -Дұрыс айтасыздар, балалар, шынымен де әр тұлғада бұл қасиеттер болуы керек деп есептеймін.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына сай бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналды. Өйткені сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашамыз», деп атап өтті. Осы пайымдардың қазіргі жағдайда өзектілігі айрықша екені айқын. Ұлттық сананы сақтау мен жаңғырту қазақстандық патриотизм ұстанымын шынайы қалыптастыру мен оны нығайту мәселелерімен ұштасып жатқаны анық.


Оқышыларға алдын-ала «Бүгінгі таңда патриотизмнің көрінісі» тақырыбында ақпарат дайындап келу тапсырмасы берілген.

І топ:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға шақырылған әскери қызметшілердің алдында сөйлеген сөзінде олардың ел үшін қызмет етуге келгендеріне ризашылығын білдірді.

Баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздер өте маңызды жұмыс атқарып жатсыздар. Бұл – нағыз патриотизмнің көрінісі. Қазір адамдардың көбі патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік туралы көп әңгіме айтады. Бірақ нақты іске келгенде бұғып қалады. Ал сіздер еліміз, Отанымыз үшін өз еріктеріңізбен осында қызмет етуге келіп отырсыздар. Сондықтан баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын, – деді Жоғарғы Бас қолбасшы.

Президент халқымыздың осы уақытша қиындықты еңсеретініне сенім білдірді.

Қазіргі ахуал күрделі. Бірақ бәріміз бір ұлт, бір халық болып осы қиындықтарды жеңіп шығатынымызға ешқандай күмәнім жоқ. Бәрі жақсы болады. Біз, ең алдымен, қарапайым халыққа көмек көрсетіп жатырмыз. Бюджеттен, Ұлттық қордан қыруар қаржы бөлінді. Ең алдымен біздің алдымызда тұрған мақсат – қарапайым халыққа колдау көрсету. Халықсыз ешқандай экономика болмайды. Сондықтан патриотизм деген бұл қасиетті ұғымды нақты іспен дәлелдеу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ІІ топ:

  • Президент нағыз патриот деп волонтерларды атады.

  • Мына жерде тұрған сіздер – мемлекетіміздің патриотысыздар. Отанға деген махаббат бөспе ұран мен бос декларация емес, ол – күн сайынғы еңбек, соның ішінде халық игілігі үшін жан қалауымен қайырымды іспен айналысу. Ол – кең білім, жүріс-тұрыстың биік мәдениеті, оны сіздер іс-әрекетіңізбен, күн сайынғы мәдениетіңізбен көрсетіп жүрсіздер. Мен сіздерді сол үшін құрметтеймін, – деді  Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әр топтың ақпараттары тыңдалып, «Тамаша, барлығы түсінікті! Түсініксіз, Сұрақ бар» әдісімен бағаланады.

Мұғалімнің сөзі:

  • Енді, патриот сөзіне синквейн жазып көрейік. Мысалы:

  • Патриот

  • Жаны таза, қайсар

  • Қорғайды, сүйеді, қорқпайды

  • Патриот өз елінің тарихын,мәдениетін біледі

  • Елжанды адам

Жұмыстар «Өте жақсы, жақсы, орташа» деп бағаланады.


  • Халқымызда Отан тұралы мақал-мәтелдер аз емес. Топтар «Сыр сандығы» әдісі бойынша бір-біріне дайындап келген мақалдың бас жағын айтады, қалған топтар тез ойланып, өзіне ұпай жинайды.

  • Отан — елдің анасы

  • Ел - ердің анасы

  • Отанды сүю —

  • от басынан басталады.

  • Туған жердей жер болмас,

  • Туған елдей  ел болмас.

Өзін-өзі бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы жүргізіледі.



Мұғалім:

-Балалар, біз патриот, патриотизм, Отан тұралы әңгіме жүргіздік. Ал, біздің отанымызда неше облыстық орталық бар?

Оқушылар:

  • Қазақстанда 14 облыстық орталық бар

  • Бұл облыстық орталықтардың картасы және таблицасы

Өз алдына жұмыс/ Кері байланыс:

14 облыс бір-бірінен ерекшелігі және әрі қарай дамуы үшін қалай жұмыстар жасалынғаны тиімды деп ойлайсыздар?

Оқушылар өз пікірлерін жоба түрінде дайындайды. Мысалы: «Қарағанды облыс орталығы -2025», «Атырау облысы 3 жылдан кейін» т. б.



Қортынды:

Сабақтың соңында «Патриот»/ Вместе мы Казахстан/ бейнеролигі көрсетіледі.



Рефлексия

«Білемін, білдім, білгім келеді» бойынша рефлексия жүргізіледі.


Пайдаланылған сілтемелер:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2020
711
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі