400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мен өз жұмысымды жақсы көремін, өйткені...»

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектологиялық қызмет туралы түсінік қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен өз жұмысымды жақсы көремін, өйткені...»


Жаны ауырған ата-ананың үмітіне сенім ұялатып, баланың қоғамда емін-еркін жүріп-тұруымен қатар, қоғамда алаңсыз өмір сүруді үйрететін ол дефектолог маманы. Бұл менің мамандығым, менің сүйікті ісім. Аталмыш мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін, керісінше дұрыс шешім жасағаныма күн санап көзім жетіп келеді. Себебі, сабырлылық пен төзімділік, парасаттылық пен сыпайылық, сенімділік пен тәуекелшілдік бұл нағыз педагогтың ісі. Сондықтан дефектология педагогиканың патша саласы десем артық болмас деймін. 


Дефектологиялық қызмет - сүрінгенге сүйеу, жабырқағанның жан жарасын жеңілдететін шипалы мамандық. Үлкен еңбек пен төзімділікті талап ететін бұл мамандықтың ісі жауапкершіліпен мейірімділікке ұштасады. Тоғыз ай, тоғыз күн құрсағы мен жүрегінің астына алған ананың бар тәттімді балапаныма беремін, алаңға шығып баламмен бірге аударыспақ ойнаймын деген әкесінің арманы сәбиінің қорқынышты бейнесін көрген кезде жанын азапқа салары белгілі. Ойын ойнап, өздігінен тәттілерді жеу тұрмақ, бір орнынан қозғалуы мұң болған балаға осы кезде дефектолог маманның көмегі ауадай қажет. Арнайы маманға үлкен үміт артып, жаны сыздаған ата-ананың бетін қақпай жақын тартып, мүмкіндігі шектелген баланы ең әуелі әлеуметтік-тұрмысқа бейімдеп, өз-өзіне қызмет етуді үйреткен балаға, дефектологиялық оқыту мен тәрбиелеу жұмысы қатар жүреді. Мұғалімнің оқушы алдындағы жауапкершілігі үлкен болса, дефектологтың жауапкершілігі одан он есе зор болмақ. Өз ісіне адалдығы мен қажырлы еңбектің арқасында, зақымдалған мүшенің орнын басқа анализатор арқылы толтыру дефектологтың түзете-дамыту жұмысының нәтижесі осы жерде байқалады. 


«Жұмысқа, мерекеге сияқты» деген сөз бар. Білесіз бе, бұл мен туралы! «Мен өз жұмысымды жақсы көремін, өйткені менің сүйікті жұмысым –менің әлемге қажетті мамандығым деп білемін». Педагог К.Д.Ушинский: «Мұғалім-ол өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды»,-деген. Сол үшін де мен дефектология мамандығының қыр-сырын жетік меңгеріп, игеру жолында тынбай еңбек етуді мақсат еттім.


№19 ЖОББМ дефектологы

Ғиниятова Назерке Тілекқабылқызы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 желтоқсан
1616
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі