Мен өз Отанымның патриотымын

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен өз Отанымның патриотымын

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт-дәстүрін сақтап, саясатын қолдауға, әрі қарай жалғастыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, патриот адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту. 2. Оқушыларды батылдыққа ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, достыққа, адамгершілікке өзін -өзі басқару, еркін сөйлейге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты


10 «А» сынып 01.09.2016ж

Сабақтың тақырыбы:

Мен өз Отанымның патриотымын

Жалпы мақсаты:

1. Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт-дәстүрін сақтап, саясатын қолдауға, әрі қарай жалғастыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, патриот адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту.

2. Оқушыларды батылдыққа ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, достыққа, адамгершілікке өзін -өзі басқару, еркін сөйлейге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Өз Отанының алдындағы міндетін біледі, Отанына деген сүйіспеншілігі артады.

Тақырып бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады.

Сабақтың түрі:

Пікірталас

Әдіс-тәсілдері:

Топпен диалогқа түсу. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Сұрақ-жауап, талдау, сәйкестендіру, пікір алмасу.

Дерек көздер:

Ғаламтор материалдары, баспасөз беттерінен

Түйінді идеялар:

« Ұшқыннан жалын лаулайды », « Мен жанбасам жалын боп, сен жанбасаң жалын боп, кім жанады жалындап »

Патриоттық сезімдері нығаяды, ой-өрісі дамиды

Ресурстар:

Интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын әндер, әр түрлі слайдтар, қанатты сөздер мемлекет рәміздер.



Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Сабақтың басы


















Ортасы




























Аяқталуы

Оқушылармен амандасу.


Сыныпта психологиялық ахуал туғызу. Құттықтау!

Оқушыларды топтастыру.

1-топ. Жалын

2-топ. От

3-топ: Жүрек


Әр топқа патриотты әннен бір шумақ айту тапсырылады


1 топқа Өткен шақтан (тарихи ән, сол кездегі әуенмен)


2 топқа Осы шақтың әні (кәзіргі ән, осы кездің әуенімен)


3 топқа Болашақтың әні (армандағы ән, болашақтың әуені)




"Ой қозғау"


*Өз елінің патриоты болу үшін әр адамның бойынды қандай қасиет болу керек?


*Патриот дегенді қалай түсінесіңдер?


* Кімді патриот деп санайсыңдар?


*Сен өзіңді патриотпын деп айта аласың ба ?


Патриот тұлғаларды естен шығармайық

«Тұлғаларды сәйкестендір»

(Жауап реті: 1- суреті, 2- аты-жөні, 3- қызметі)

1. Тоқтар Әубакіров

2. Шәкен Ниязбеков

3. Ләззат Асанова

4. Мағжан Жұмабаев

5. Дінмұхамед Қонаев

6. Құрманғазы Сағырбайұлы

7. Міржақып Дулатов


1. Желтоқсан оқиғасының құрбаны.

2. ҚР туының авторы

3. Ағартушы, қазақ өлеңінің дүлдүлі, эпик ақын.

4. Қазақ халқының күйшісі, домбырашысы

5. Қазақстанның тұңғыш ғарышкер -ұшқышы

6. Кеңестік Қазақстанның көрнекті басшысы, академик.

7.Қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш роман жазған


Эссе " Мен Отанымның патриотымын"- тақырыбында жазу тапсырылады

Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Сендердің патриот, патриоттық сезім туралы ойларынды, пікірлерінді тыңдай келіп мынандай қорытынды жасадым.


*Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

*Туған жерге деген ыстық сезім;

*Ата- баба өсиетіне адал болу;

*Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

*Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

*Ана тіліне деген құрмет;

*Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

*Елдің тарихын құрметтеу;

*Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

*Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

*Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

*Заңға бағыну;

*Үкіметті сыйлау;

*Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

*Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;

*Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

*Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру;


" Алтын анам Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ"- деп ер қайратына мін-дағы, өрге бас. М. Әуезов


Кері байланыс.


«Екі жұлдыз,бір тілек»




Оқушылар амандасады.


Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтау!

Оқушылар топтасады






Оқушылар ақылдасып топпен, жұппен орындайды


Атамекен, Отаным, Көк тудың желбірегені т.б. әндерді орындайды.





«Ой қозғау»


Оқушылардан күтілетін жауап:

* Отанға деген сүйіспеншілік;

* Отанға деген адал сезім;

Отанын қорғауға дайын болу;

Ардагерлерді; спортшыларды, әншілерді, бейбіт күннің батырларын - патриот деп атайды.

Мен өз елімнің патриотымын!


1 2 3 4



5 6 7





Қиял эссе жазады.

1 оқушы:Қазақстан-асыл анам, алтын анам, тірегім, 
Саған деген махаббатқа толы менің жүрегім. 
Туған жерім-тәуелсіз Қазақстан бесігім, 
Өркендету-басты арман-тілегім. 
2-оқушы:Отаным менің –кең-байтақ Қазақстан, 
Аман еткен талай дүлей азаптан. 
Бар әлемді өз аузына қаратқан, 
Кім бар,қане,артық қазақтан? 
3 оқушы:О,Отаным!Құлыныңмын қойныңда
Өзіңменен өмірім,өзің де балаң ойым да. 
Болашағың күлімдеген ертеңгі , 
Отан-Ана,мына менің қолымда. 
4-оқушы:Отанымды сүйемін мен! 
Жайраңдап Отанымда күле білгем. 
Біз отанның ертеңгі тірегіміз 
Отаннан ауа жұтқан жүрегіміз. 
Егемен ,қасиетті Отан үшін, 
Арлы да ,ақылды да түлегіміз



Сүйемін  байлығымды, тілімді.

 Киелім, айбынымды, күнімді.

 Орнаймын көгіне жұлдыз боп.

 Қорғаймын Отанымды – Туымды



Ән : Көк тудың желбірегені








. 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
429
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі