400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен өз Отанымның патриотымын!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Мен өз Отанымның патриотымын!»


Күні: 31.08.2016 ж


Сыныбы:  8 «В»



Мақсаты:




Оқушыларды бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға, өзін-өзі басқаруға, еркін сөйлеуге тәрбиелеу.



Күтілетін нәтиже/табыс көрсеткіші:

Оқушылар:

  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу – Конституция күнінің іргелі негізі болып табылатынын біледі;

  • «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын қалыптастыруға нышаны екенін біледі;

  • «Қазақстан-2050» стратегиясының және Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының мақсаттарына қол жеткізу жолында қоғамның бірігуі мен шоғырлануын іске асыруды жүзеге асыру жолы екенін біледі;

  • Конституция күні мен Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 25 жылдығына арналған іс-шаралар тамыздың басты оқиғаларының бірі екенін біледі;

  • Сұрақтарға жауап бере алады, постер жасап, талдай алады.Тақырып бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады.


Жұмыс түрі:

Жеке-дара, жұптық, топтық

Қолданылатын тәсілдер:

АКТ, СТО, ОмОЖТ,




Сабақтың өткізілетін формасы:

Коучинг сессия

Керекті құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, видео материалдар А3 форматындағы флипчарттар, маркерлер, түрлі – түсті стикерлер, лента, балауыз шам.

Коучтің жазбалары:


№

Сабақ кезеңдері

уақыты

Коучтің әрекеті

Коучингке қатысушы оқушылардың әрекеті

І. Ұйымдастыру


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру






Өзін – өзі реттеу











ІІ. Тақырыпты анықтау

Ой-қозғау



7 минут




















7 минут

1. Тренинг «Шаттық шеңбері» арқыл оқушылар дөңгеленіп тұрады,Түрлі - түсті ленталар таратылады.

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықтар боп иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

Коучтің тілегі: шаңырақтың суретін лентаның ортасына қойып, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

2.«Танысу» жаттығуы: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Салтанатпын. Ал, мен ақкөңіл Анармын....

3. Топқа бөлу: Олай болса барлығымыз лента түстері бойынша топқа бөлініп орнымызға жайғасайық.



4. Бейнефильмдер арқылы тақырыпты ашады.

«ҚР Конституциясына 21 жыл», «Отан», Арнайы жоба «Ел тірегі – Ата Заң», Мәңгілік Ел» патриоттық актісі қабылданды

- «Шаттық шеңбері» арқыл оқушылар дөңгеленіп тұрады. Түрлі - түсті ленталарды жызып, киіз үйдің шаңырағын қояды.

- «Танысу» жаттығуы: Өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын....

- Топқа бөлінеді: Оқушылар түрлі- түсті лента арқылы топтарға бөлініп орындарына жайғасады.




ІII. «Проблеманы айқындау» кезеңі

Бейнефильм бойынша































IV Проблеманы шешу кезеңі


Миға шабуыл

5 минут







«Серпілген сауал» стратегиясы: Қай топ оқушыларына доп тасталса сол топ жауап беру арлылы мұғалімге допты қайтарып береді.

Бұл видеофильм сіздерді қандай ойға алып келді?

Берілген сауалдарға жауап


Елбасы өз сөзінде:

«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!


Президент 2014 жылы қаңтар айындағы «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіз жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жария етілді.

Бір мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!

Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз!

Бір болашақ – бұл Мәңгілік Елдің, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуі!

Қазақстан халқы Ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеу туралы тапсырманы ерекше шабытпен қабылдады.

«Мәңгілік Елдің» жеті қағидасы біздің дамуымыздың арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқына ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтады.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея басты жеті құндылықтары:

Қазақстан мен Астананың тәуелсіздігі біздің қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам мен жоғары руханилық индустрияландыру мен инновациялар негізінде экономикалық өсім жалпыға ортақ еңбек қоғамы тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық қатысуы.

«Сұрақ –жауап стратегиясы» : Сандар сөйлейді тапсырмасы. Әр топқа берілген сандар бойынша еліміздің тарихына көз жүгірту. Бұл кезеңде әр топ таңдап алған қағазда көрсетілген даталар бойынша өз ойларын айтады:

1992 жылы Республика алаңында Желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш тақта қойылды.
1991 жыл 16 желтоқсан — ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.
1991 жыл 1 — желтоқсанда еліміздің тұңғыш президенті Н. Назарбаев сайланды.

1992 жылы 2 наурызда БҰҰ — ға мүше болды.
1992 жыл 4маусымда ҚР — ң Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1993 жылы 15 қарашада мемлекетіміздің Ұлттық валютасы «теңге» айналымға енді.

1995 жылы 30 тамыз – Ата заң қабылданды.

1996 жыл 16 желтоқсан – Алматыда тәуелсіздік монументі ашылды

1998 жыл – халықтар бірлігі және ұлттық тарих жылы

1999 жыл – ұлттар бірлігі мен сабақтастығы жылы

2000 жыл – мәдениетті қолдау

2002 жыл – денсаулық жылы

2004 жыл — Қазақстандағы Ресей жылы

2003 жыл ауылды қолдау жылы

2005жыл – қауіпсіздік және еңбекті қорғау жылы

2011 жыл 30 қаңтар – 6 ақпан – Астана және Алматы қалаларында VII қысқы Азиада ойындары өткізілді.

2015 жыл Қазақстан Халқы Ассамблея жылы болып жарияланды

2017 жыл – Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме өткізу жылы.


- Көрсетілген бейнефильм және берілген сауал бойынша ой түйіндей отырып коучинг сессия сабағының мақсатын және тақырыбын анықтайды анықтайды.































- Сандар сөйлейді тапсырмасы. Әр топқа берілген сандар бойынша еліміздің тарихына көз жүгірту. Бұл кезеңде әр топ таңдап алған қағазда көрсетілген даталар бойынша өз ойларын айтады.





Сергіту сәті:

2 минут

«Көңілді күн» сергіту жаттығуы.

Сергіту жаттығуына би билейді.


7 минут

Жалпы коучинг сессия сабағы бойынша «Мен өз Отанымның патриотымын!» тақырыбында берілген ресурстар бойынша постер салады.

«Мен өз Отанымның патриотымын!» тақырыбында берілген ресурстар бойынша оқушылар постер салады отырып ойларын жүйелеп қорытады және өзін бағалай алады.

Ү. Жинақтау


5 минут

Балауыз шам Әр топ берілген тапсырма бойынша қағазға таныстырылым дайындайды. Қазақстан: кеше, ертең, бүгін…. тақырыбы бойынша ой толғау.


«Атамекен» тобының тапсырмасы: еліміздің өткені бойынша

«Ынтымақ» тобының тапсырмасы: еліміздің бүгінгі жағдайы бойынша

«Мәңгілік ел» тобының тапсырмасы: еліміздің болашағын бейнелеу

«Бірлік» тобының тапсырмасы: «Астана – болашақтың қаласы»



1)Рефлексия


2 минут

«2 чемодан»

Ашық чемодан – мен үшін құнды, маған қажет.

Жабық чемодан – мен үшін маңызды емес.

Оқушылар коучинг сессия сабағында өздеріне құнды болған маңызды деп санаған идеяларды ашық чемоданға салады, қажетсіз деп санаған ойларын жабық чемоданға салады.

Қорытындылау

2 минут

Коучтің сөзі: Сонымен еліміз тәуелсіздік алды. Ол – тәуелсіздік дәуірі. Тәуелсіздік ұлттың санасын оятты, баршаны ата-баба жолына үңілдірді. Ол «Отан», «бостандық», «тәуелсіздік», «егемендік», «ұлтжандық» деген сияқты ұғымдарды тәуелсіздік биігінен қарауды түсіндірді.
Тәуелсіздік жолы – ар-намыс жолы. Ғасырлар бойы ата-баба аңсаған тәуелсіздік. Одақ – империя құлап, қолымызға тиді. Бұл ғасырларда бір ғана болатын мүмкіндік.
Біз – тәуелсіздіктен ұлтаралық үйлесімді, татулықты, халықаралық бейбітшілікті күтеміз.
Біз бүгін XXI ғасырдың есігін айқара ашып төріне еніп отырмыз. Бұл ғасырды Қазақстан үшін жасампаз ғасыр, жаңару ғасыры, дәуірлеу ғасыры болатынына сенемін.
«Қазақстан - 2050» - Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.


Оқушылардың құнды пікірлері...

Оқушылар стикерге «Екі тілек бір ұсыныс» жазып, қалдырады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі