№ 8 орта мектеп
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
"Мен өз Отанымның патриотымын"
Класс жетекші: М.С. Арысова
Ақтөбе - 2016
Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен өз Отанымның патриотымын
Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын , тегін құрметтеудегі біліктілік дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімділік: Отанды сүюге, Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа,адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
Әдіс - тәсілдері: топтастыру, әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Қазақстан туралы слайд, плакаттар, шарлар.
I. Кіріспе бөлім
Қайырлы күн, қымбатты балалар! Бүгін мен сендерді ерекше көңіл күймен қарсы алып тұрмын. Сендер үшін бір керемет әрі жақсы нәрсе жасағым келіп тұр.
Кәнеки, өзіміздің шаттық шеңберімізде тұрып, Махаббат періштесі сыйлаған «сиқырлы таяқшаны » бір-бірімізге бере отырып, жақсы сөздер мен игілікті тілектер айтайық. Осы таяқшаның көмегімен біз мейірімді сиқыршыға айналамыз. Балалар, мен өзімнің тілегімді бірінші айтайыншы.:
Бақыт, шаттық тілеймін,
Ертемен барлық балаға.
Ал, енді мен Айдосқа «сиқырлы таяқшаны » берейін. Айдос, айта қойшы, сен достарыңа не тілегің келеді?
Балалар бір-біріне « сиқырлы таяқшаны » бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе Мейірім тілеймін!
Мен бәріңе Шуакты күн тілеймін!
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін!
Жарайсыңдар, балалар! Енді, достарың сендерге жақсы тілектер айтып жатқанда қандай күйде болғандарыңды айта қойындаршы?
( Балалардың жауаптары )
Рахмет! Біз осындай жақсы сөздер, жылы-жылы лебіздер естідік! Олардың бәрі орындалады, өйткені сендер доссыңдар және оның бәрін шын жүректен айттыңдар.
II. Негізгі бөлім
Мұғалімнің сөзі:
Менің елім-Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтаныш пен айтатын сөзі.
Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де сендерсіңдер. Сендер
жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңісіңдер.
Бұл ғасыр-білім ғасыры. Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы шарт. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры, ертеңін ойлайтын ел болғандықтан, елбасымыз шәкірт біліміне аса көңіл бөліп отыр. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімге ғана тән. Сондықтан сендердің алдарыңызда үлкен жауапкершілік тұр.
Жүргізуші:-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан
–сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның.
Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан
адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді
анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді
сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Жүргізуші: Отан деген не, кім қалай түсінеді? /слайд
№2/
Оқушы: Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым білгің келе ме?
Оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
Оқушы:Отан дейміз кең-байтақ астананы,
Жасыл
жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол
бірақ өз үйіңнен басталады.
Оқушы : Отан- тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, өз- халқың.
Отан – өлең, Отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Оқушы
: Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
Оқушы: Отан – осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
«Отан» деп өс жас қауым,
Оны ардақтап сүйе
біл!
Оқушы: Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Хор: «Отаным Қазақстан»
Жүргізуші:-Біздің Отанымыз қалай аталады? /слайд
№3/
-Қазақстан Республикасы
Жүргізуші:-Қазақстан
Республикасының президенті кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Жүргізуші:-Еліміздің
астанасы қалай аталады?
-Астана
Жүргізуші:Астана-
Отанымыздың бас қаласы, астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында
орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.
Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық
азаматтың борышы.
Жүргізуші: -Еліміздің
рәміздерін атаңдар
-Ту, елтаңба, әнұран. /слайд №4/
Жүргізуші:Қазақстан
Республикасының мемлекеттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран
бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және
ою-өрнек біздің
халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың
белгісі.
Оқушы: Көк
аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Жүргізуші:Қазақстан
Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында
шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар
шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары
тоқшылық, молшылықты білдіреді.
Қорытынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді
Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат
екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж.
Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен
жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін
танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз,
Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап
қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты
ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық,
жарқын болсын, Тәуелсіз елдің
азаматтары!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз